1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (16183) 19 желтоқсан, дүйсенбі 2016
19 желтоқсан 2016
«Болашақтықтар» елден бекер қашпайды
“Болашақ” бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған 22 жыл iшiнде 11 мыңнан астам жас шет мемлекеттер­дiң көрнектi оқу орындарында бiлiм алуға қол жеткiзiптi. Сондай-ақ талапты жастарға табысталатын грант көлемiжылдан-жылға өсiп отырғаны байқалады. Мәселен, алғашқы онжылдықта “Болашақпен” оқитындар саны жылына небәрi 27 жасты құ­раса, 2005 жылы аталған бағдарлама бойынша 1796 бала шетел асыпты және “Болашақ” бағдарламасын қадағалау мiн­детi Бiлiм министрлiгiнен “Халықаралық бағдарламалар орталығына” ауысыпты. Сол кезден бастап мемлекет аталған бағдарламаны қаржыландыруға 850 млн доллардан астам қар­жы бөлген. Ал бiр стипендияның құны орташа есеппен 83 мың долларды құраған.
 
Бүгiнде шет мемлекеттерде оқып жатқан болашақтықтардың жалпы саны – 1890. Олардың    47%-ы Англияда, 35%-ы АҚШ пен Канадада,    12%-ы құрлықтық Еуропа, 3%-ы Азия мен Мұхит аралдары елдерiнде, 3%-ы Ресейде бiлiм алуда. Бұл арада “Болашақ” жастарының ықыласы ерекше ауған үздiк ондықтың iшiнде Англияның – 8, АҚШ-тың – 1, Канаданың – 1 жоғарғы оқу орындары бар екен.   
“Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ президентi Ғани Нығме­товтiң айтуынша, “Болашақ” бағдарламасы бойынша биыл жалпы құны 19 млрд теңгенi құрайтын, 700 стипендия бөлiнген. Бұл былтырғыға қарағанда 100 стипендияға көп. “Бiздiң мақсатымыз – лайықты үмiткерлердi мүмкiндi­гiн­ше көбiрек қамту”, – дейдi Ғ.Нығметов.
Осыған дейiн “Болашақ” бағдарламасы бойынша мемлекеттiк қызметкерлер, педагогтер, ғалымдар, баспасөз бен мәдениет саласының өкiлдерi дайындалып келген болса, биылдан бастап инже­нерлiк-техникалық мамандықтар бойынша да стипендия бөлiне бастады.  
Әрине, мұның бәрi – құптарлық жайт. Бiрақ мемлекет қазынасынан бөлiнген қыруар қаржыға шетелдiк мақтаулы бiлiм ошақтарында бiлiмiн жетiлдiрген сол жастардың ел экономикасына, ғылымы мен бiлiмiне, мәде­ние­тiне қайтарымы қандай? Шарт бойынша, “Болашақпен” бiлiм алған әрбiр жас ең кемi 5 жыл Отанында жұмыс iстеп, еңбегiнiң жемiсiн, игiлiгiн елiне көрсетуi тиiс. Өкiнiшке қарай, осы талап орындала бермейдi. Мәселен, Ғани Нығметовтiң сөзiне сүйенсек, 2005 жылдан берi “болашақтық” жастардың 155-i Қазақстанға қайтпай қалған және олардың жалпы қарызы – 1,9 млрд теңгенi құрайды.
 
Жақында ғана осыдан бес жыл бұрын “шетелде iз-түзсiз кеттi” деп iздеу салынған “Болашақтың” бiр түлегi табылды. АҚШ-тың Пенсильвания штатына бiлiмiн жетiлдiруге кеткен жасөс­пiрiм оқуды бiтiруге бiр ай қал­ғанда елде қалған туған-туысымен, дос-жарандарымен қарым-қатынасын мүлдем доғарып, байланысын үзген-мыс. Содан берi iздестiруде болған жiгiттiң дiн аман күйде, бiрақ жасынырып жүргенi анықталды. Ендi ата-анасына оны оқытуға жұм­сал­ған 19 миллион теңгеге жуық қарызды мемлекетке қайтару мiндеттелiп отыр. Жалпы, “Отанымызды ертең осылар көркей­тедi. Алған бiлiмiн, бiлiгiн, iс-тәжiрибесiн елдiң игiлiгiне жұм­сайды” деген үмiтпен үлкен ғылым-бiлiм ордаларына аттандырған жастарымыздың туып-өскен елiнен, топырағынан жерiп, жат елде қалуға құмартатыны нелiктен? Бұл жердегi бiр болжам: “әлемдiк деңгейдегi оқу орындарының дипломымен де Қазақстанда лайықты жұмыс табу қиын. Көптеген жұмыс орындарының қысқартылуы, жалақының мардымсыздығы “Болашақпен” бiлiм алған бiрқатар жастардың елге қайтпай қалуына себепкер болуда” дегенге саяды.
Сонымен қатар, өркениеттi елдердегi адамның жақсы өмiр сүрiп, жан-жақты дамуына, жеке басының құқықтары сақталуына жағдай жасалған жайлы тұрмысты көрген және соған тәнтi бол­ған жастардың сыбайлас жем­қорлық пен жең ұшынан жалғасу, әдiлетсiздiк жайлаған бiздiң қоғамға қайтуға аңсары ауа қоймасы тағы аян. Осындай жағдайда: “шет елдiң алдыңғы қатарлы оқу орнында бiлiм ала тұра, сол бiлiмiңдi елдiң мүддесi үшiн емес, неге өз басыңның пайдасына жұмсадың” деп оларды қалай кiнәлаймыз?
Тiптi елге оралған күнде де көңiлдерiне қонатын жұмыстың табылмайтынын жастардың өз­дерi де әлеуметтiк желiлерде айтып жүр.   
 
Осыдан бiрер жыл бұрын “Болашақ” стипендиясымен оқыған жастардың алдында сөз сөйлеген президент Н.Назарбаевтың өзi мемлекеттiк басқару саласы бойынша маманданған 1114 “болашақтықтардың” 325-i ғана бюджеттiк ұйымдар мен ұлттық компанияларда жұмыс iстеп жат­қандығын айтты. Сондай-ақ, “Естерiңде болсын, сендердi алдыңғы қатарлы университеттерде оқытуға халықтың ақшасы жұмсалды. Сондықтан қоғам да, мемлекет басшысы ретiнде мен де, сендерден Отанымыздың игiлiгi үшiн жан аямай жұмыс iс­теудi талап етуге қақылымын”, – дедi.
Қалай болғанда да, жастар аталған бағдарлама бойынша оқуын оқып жатыр. Бiрақ өзi үшiн де, өзгелер үшiн де соның жемiсiн көрсету жағы мәз емес. Бәлкiм, бұл жерде аталған бағдарлама бойынша оқытып қана қоймай, жастардың одан әрi қарай лайықты қызметке тұру, өсу, жетiлу, тұрмыстық-әлеумет­тiк жағдайын жақсарту мәселе­ле­рiн де қолға алу қажет шығар. Әйтпесе құр талап етумен ештеңе өнбесi белгiлi ғой.
Н.ҚОҢЫР
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті