1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (16184) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2016
21 желтоқсан 2016
Шәукентаева тағы да шу шығарды
Кезiнде “Жер сатылмасын!” деп жанұшырып алаңға шыққан азаматтарға күйе жағып: “Алаңға шыққаны үшiн олардың әрқайсысына 50 доллардан 150 долларға дейiн ақша берген”, – деп күстаналаған “Еуразия” бi­рiншi арнасы жақында тағы бiр күлкiлi жағдайға қалды. Телеарна жүргiзушiсi Аймира Шәукентаева Владимир Познерге “сұхбат” берiптi. Кiшiгiрiм роликте ресейлiк танымал тележүргiзушi: “Шы­нымды айтсам, телефон соққан кезде мен сiздiң бас тартатыныңызға 80 пайыз сенiмдi болдым”, – дейдi және оған бiрнеше сұрақ қояды-мыс. Осы көрiнiс эфирге шыққан бойда әлеу­меттiк желiлердiң пайдаланушылары тарапынан қызу талқыға түстi. Көзiқарақты қауым А.Шәукентаева мен В.Познер арасында мұндай сұхбаттың болуы мүмкiн еместiгiн бiрден-ақ айтып, шынайылығына күмәнданып жатты. Тiптi қазақстандық сайттардың бiрi осы жағдай бойынша В.Познерден түсi­нiк­теме алып, оның терiсте­ме жауабын жариялады да. Ол былай дедi: «Мұндай сұмдықты ешқашан көрген емеспiн. Бұл бастан-аяқ жал­ған нәрсе. Осы бiр шылғи өтiрiк қазақтардың бiрiншi арнасындағы ақпараттардың сенiмдiлiк деңгейiн көрсете­дi, мен президент Нұрсұлтан Назарбаевты осынысымен құттықтаймын. Таң-тамаша қалғанымды несiне жасыра­йын».
Ал “Еуразия” бiрiншi арнасы болса, өзiнiң бұл бей­не­ролигiн “қалжың” деп мә­лiм­дептi. Танымал журналист Арман Сқабыл айтпақшы, “қалжың едi” дейтiндей, күл­кi күнi болса, бiрсәрi. Ал әй-шәй жоқ, болмаған хабарды болдыратындай, аталған телеарнаның басына не күн туды? Бұл туралы белгi­лi азаматтар қандай ойда? Саясаттанушы Айдос Сарым мен танымал журналист Жанболат Мамайдың пiкiрi төмендегiдей.
 
Айдос Сарым, саясаттанушы:
– “Еуразия” бiрiншi арнасының басшылығы – күнi үшiн жүрген адамдар, оның үстiне ресейлiктер. Мұнда тұратын олар емес. Бюджеттi ең­середi де, тайып тұрады. Шәукентаева сияқтыларды пайдаланады. Бiрақ олар өздерiнiң мәңгүрттiгiнен алдында не күтiп тұрғанын, болашағын болжай алмайды. Ресейге олар керек емес. Олардың өз сұмырайлары да жетiп жатыр. Ондайлар әдетте не iшiп кетедi, не өмiрiнiң соңын қарауылдықпен өт­кiзедi.
Бүгiнде телеарналарда дәстүр де, ардагерлер де жоқ. Заманауи телеарналардан гөрi, әлдебiр аудандық газеттiң этикасы жоғары. Бұлардың барлығы бас жарып, көз шығарып, тап қазiр, тап осы жерде даңқты бол­ғысы келедi. Басқа ой жоқ. Бүкiл телевизия эволюциясының нәтижесi – осы. Және тек телевизияның ғана емес, бұл – экономиканың да салдары.
Айдаладағы кiсi мен әлде­бiр бағдарламаның образын пайдаланып, оны “промо-әдiс” дейдi, артынан “қал­жың” деп шығарады. Бұл – тiптi сотқа беруге және миллиондаған айыппұл салуға тұрарлық iс.
Шын негiзiнде, бiздiң мем­лекетiмiз – байғұс ана сияқты: өтiрiк айтатын, өз үйiн өзi тонайтын, алыпсатарлар мен маскүнемдердi үйiне өзi жинап алатын қыз өсiрдi. Ал өлтiруге қолы бармайды...
 
Жанболат МАМАЙ, журналист:
– Менiңше, бұл “қалжыңның” саяси астары бар. Және ол тек қана “Еуразия” бiрiншi арнасына қатысты емес, жалпы, билiктiң ақпарат құ­ралдарына қатысты. Мем­лекеттiк тапсырысты орындап, билiктiң насихатын жүр­гiзiп отырған телеарналардың өтiрiктi қалай айтатынын iс жүзiнде көрсеттi бұл жағдай. Өтiрiк айту, жалған ақпарат тарату – билiкке тәуелдi барлық ақпарат құралдарына тән әдет. “Еуразия” бiрiншi арнасы соны iс жүзiнде, нақ­ты мысалмен көрсеткендей болды.
Ресейшiл телеарнаның бiздiң ақпараттық кеңiстiкте ойран-асыр салып, жалған ақпарат таратуы – өте қауiптi құбылыс. Қазiр бүкiл әлемде кремльшiл насихатпен күрес күшейдi. Бiр ай бұрын Еуропарламентте арнайы қарар қабылданып, Ресейдiң жалған ақпаратымен және насихатымен күресу қажеттiгi айтылды. Олардың Германияда жалған ақпарат таратып, сол арқылы Меркельге қарсы әрекет етуге тырысқан жағдайы болды. “Берлинде орыстың қызын шетел мигранттары зорлады” деп ақпарат таратты. Бұл ақпаратқа бүкiл ел дүрлiгiп, мигранттарға қар­сы ақпараттық науқан басталды. Ал оларды шақыр­ған – Путин саясатына тойтарыс берiп жүрген Ангела Меркель едi. Демек, Кремль осындай ақпарат арқылы Меркельдiң позициясын шайқалтуды көздедi. 1-2 күнде полиция жан-жақты тексерiс жүргiзiп, Ресей ақпарат құралдары таратқан бұл ақпараттың өтiрiк екенiн, ондай оқиға болмағанын дә­лелдедi.
 Украина халқына қарсы қандай ақпараттық науқан жүргiздi Кремль! Сол сияқты қазiр АҚШ-та Ресей насихатына тойтарыс беру мәселесi талқылануда. Әсiресе, Кре­мльдiң тапсырмасымен жүр­гiзiлген хакерлiк шабуылдардан соң. Путиннiң тапсырмасымен хакерлер Демократия­лық және Республикандық партия жетекшiлерiне тиесiлi электрондық пошталарға шабуыл жасаған. Ондағы барлық мәлiметтi ұрлады. Бiрақ Викиликс және басқа ақпарат құралдарына тек қана Демократиялық партиядан ұрланған мәлiметтi таратты. Ондағы мақсат – Хиллари Клинтонды президенттiк билiкке жеткiзбеу едi. Мұны АҚШ-та американдық демократияға шабуыл ретiнде бағалады. Бұл – ел тарихында болмаған оқиға.
Демек, бiзге де қазiр мық­тап ойлану керек. Ресейлiк телеарналарды Қазақстанның аумағында шектейтiн уақыт жеттi. “Еуразия” бiрiн­шi телеарнасындағы ресей­лiк менеджерлердi толық аластап, оны Қазақстанның бақылауына өткiзу қажет. Бiздiң елге қарсы жұмысты тоқтатсын бұлар. Естерiңiз­де болса, көктемде жер митингi­лерiне қатысқандарға 150 доллар төледi деп жалған ақпарат таратқан едi. Бiз түсiнуiмiз қажет, ресейлiк телеарналарды шектеу – сөз бостандығына қатысты мәселе емес. Бұл – ұлттық қауiп­сiз­дiктi қорғау. Егер ресей­лiк телеарналар және Кремль­ге тәуелдi “Еуразия” сияқты арналар жұмысын жалғастыра берсе, бұл бiздiң тәуел­сiздiгiмiзге қатер төн­дiредi деп санаймын. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті