1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (16184) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2016
21 желтоқсан 2016
ОЙЫНЫҢ ОСЫЛҒЫР-АЙ!
Сейсенбiде әлеуметтiк желi ию-қию болды. ҚР Парламентiнiң Мәжiлiс депутаты Мұхтар Тiнiкеев Қарағанды қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Николай Полевойды пәрше-пәрше қылып қорлап жатса, ұлардай шуламай қайтсiн?!
Бейнекөрiнiс санаулы адамды қамтыған шағын отырыстан түсiрiлген. Арасында әлгi екеуi анық бар. Оңашада сыр тар­қатқан таныстың жеке басқосуы деп айта қою қиын. Одан гөрi өзара келiсе алмай, кеңiр­дек­тескен кездесуге келiңкi­рей­дi.
 
Жұдырық жұмсамаса да, жақтан шапалақпен шатырлатқан Мұхтар: “Қосыласың ба, қосылмайсың ба?” деп, қиғы­лықты салады. Анау: “Қосыла алмаймын, қаражатым жоқ!” деп ақталады. Сосын: “Мұхтар Бәкiрұлы менi депутат қылды. Ол менi демедi. Ол менi адам қатарына қосты. Ешқашан мен сенi сатқан емеспiн. Ешқашан мен саған сатқындық жасамаймын!” деп, Николай Полевой Мұхтар Тiнекеевтiң алдында ант-су (бейнекөрiнiсте — арақ) iшедi.
Бұрынғы депутат ойындағысын айтып болғанша, оны қорлайтын небiр былапыт сөз кетедi. Соның бәрiне шыдайды.
Парламентте Мұхтардай мықшиып ұзақ отырған адам санаулы. Оның алдында Жоғарғы Кеңестiң екi шақырылымын шиырлаған ол, парламенттiң бiрiншi шақырылымынан басқасында, орын босатқан емес. 2002 жылдан берi сонда. Қазiр “Нұр Отанның” өкiлi. Не бәле болса да осы партияның мүшесiнен шығатыны ойлантады.
Ал Николай Полевой Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылымында депутат болған. Ол — 2003-2007 жылдар. Соған қарағанда, бұл бейнекөрiнiстi бiреу бiрнеше жыл сақтап, сосын Мұхтар Тiнiкеевтен есе қайтару үшiн жариялап жiберген шығар деп жорамалдадық.
 
Бiрақ даулы бейнекөрiнiсте басылып қалған теледидардағы сюжеттi “Вести” телеарнасы 2016 жылы желтоқсанда Мурманскiде түсiргенiн алға тартатындар табылды. Мұхтар Тiнiкеевтiң өзi “Nv.kz” тiлшiсiне: “Бұл – ескi видео. Екi жыл бұрын болған. Бұл – әзiл” дептi. Ойының осылғыр-ау, оған парламентте отырғандар болмаса, кiм сенедi?!
Аяқ астынан жүрегi ауырып, ауруханаға барған М.Тiнiкеевтi парламенттегi әрiптестерi iздестiре бастапты. Мәселесiн май шаммен қарап, не жағдай екенiн бiлмек үшiн. Мәжiлiстегi тәртiптiк кеңестiң басшысы депутат Қуаныш Сұлтанов тосыннан шыққан у-шуға елiткендердi сабырға шақырды. “Ол бейнетаспаны сiздер сияқты бiз де көрдiк. Шындығы қайсы, қауесетi қайсы, қалжыңы қайсы – бiз алдымен соны анықтаймыз” дептi ол. Осы үшеуiн дәлме-дәл ажырату ендi мәжiлiске сын. Анықтай алмай масқараға қалмаса болғаны.
Бейнетаспадағы шекесiн тосқан, ақталып әлекке түскен Николай Полевой қолайсыз көрiнiске байланысты өз сөзiн айтып қалды. Бiз туысқандық жақындығы бар адамдармыз, екеумiз бала кезден доспыз. Ол – бiздiң өз арамыздағы мәселе. Басқалардың сырттан араласпауын, көпшiлiкке таратпауын сұраймын дегендей сыңайда.
Депутаттың қылығын талқыға салғандар әлеуметтiк желiнi шулатып-ақ жатыр. Жұрттың пiкiрiмен санасу-санаспау – мәжiлiс пен “Нұр Отанның” шаруасы.
Әлiбек ӘБДIРАШ,
Қарағанды
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті