1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
5 қаңтар 2017
Шахандағы апат тоғыз адамның өмiрiн үздi, екi адам аман қалды

Қираған үйде қаза тапқандар: В.М.Андропов (1981ж.), О.В.Андропова (1988ж.), Е.В.Андропова (2016ж), В.И.Галышев (1960ж), А.А.Галышев (2010ж.), Т.К.Кан (1953ж), В.С.Михайлов (1956ж), Е.Ю.Алексеенко (1989ж), В.В.Алексеенко (2016ж). Жаңа жылдың алғашқы күнi орын алған оқыс оқиғаның соңы осындай орны толмас өкiнiшке ұласты. Шамамен түнгi 22.40 сағатта 60 пәтерлiк көпқабатты тұрғын үйдiң жертөлесiнде бу қазандығы жарылып, бiр кiреберiс қирады. Соның салдарынан Шаханда 15 шаңырақ ортасына түстi. Төтенше жағдайдың зардабын жоюға жалпы үш жүздей адам мен алпыс шақты техника тартылып, негiзгi жұмыс келесi күнi түсте тәмамдалды. Қираған үйiндiнiң астынан табылған 32 жастағы ер азаматтың бас сүйегi зақымданған, миы шайқалған, аяқ-қолдары үсiкке шалынған, өзге де жерлерiне зақым келген. Ол 10 сағат бойы азапты бастан өткiзген. 11 жастағы қыздың да бас сүйегi шытынаған, миы шайқалған, жамбас сүйегi сынған әрi шыққан, өзге де жарақаттары аз емес. Екеуi де қазiр Мақажанов атындағы ауруханада емделiп жатыр. Жағдайлары ауыр болса да, өмiрлерiне қауiп жоқ дегендi айтады дәрiгерлер.
Жергiлiктi билiк бiр балабақшаны жылынатын және “жүрек жалғайтын” орынға айналдырды. ТЖД психологиялық жәрдем жасайтын жедел байланыс желiсiн iске қосты. IIД ЖПҚ апатты аймақты қоршап тастады. Шахтинск қаласының әкiмi жергiлiктi деңгейдегi төтенше жағдай жариялады. Жедел штаб жұмыс жасап, оқыс оқиғаның себебiн анықтайтын облыстық комиссия iске кiрiстi.
Облыс әкiмiнiң баспасөз қызметi: “Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердiң отбасына материалдық көмек көрсетiледi. Әкiмдiк қайтыс болған әр адамға 1 миллион теңгеден, зардап шегiп ауруханада жатқанның әрқайсысына 500 мың теңгеден бөледi. Сондай-ақ, әкiмдiк жерлеудi ұйымдастыру мен құдайы тамақтың шығынын мойнына алады” деп хабарлады.
Орайы келгенде айта кетейiк, есiмi елге танымал астаналық азаматтар Ақберен Елгезек пен Ерлан Сайыровтың бастамасымен Шахандағы апаттан зардап шеккендерге азық-түлiк пен жылы киiм-кешек жиналды. Бiреудiң басына түскен бейнетке бейжай қарамайтын жұртшылық бұл жолы да белсендiлiк байқатты. Еңбектеген баладан еңкейген кәрiге дейiн оған атсалысты.
Бiр нәрсенiң басы ашық: билiктiң бергенi де, жұрттың жинағаны да өмiрден озған адамның орнын толтыра алмайды. Осыны “оқыс оқиға” деудiң өзi орынсыз. Билiк бұны бiлген. Облыс әкiмiнiң орынбасары А.Ляпуновтың айтуына қарағанда: Шахан ауылы бұрын бiр қазандықпен жылытылған. Ол iстен шыққасын, тұрғындар өз күнiн өзi көруге көшкен. Қазiр онда 19 үй жертөлеге қойылған жеке қазандықпен жылытылады. Қалғаны пеш жағады.
Демек, билiк адам шығынынан кейiн сол белгiлi нәрсенiң салдарын iздеп, сандалуда. Егер жауапсыздықты “жаба тоқуды” қоймасақ, мұндай “төтенше жағдай” әлi талай алдан шығады. Елдiң басқа аймағын қайдам, Қарағанды облысы қысқа қаншалықты әзiрлiкпен түскенi қарашада-ақ көрiнiп қалды. Темiртаулықтар тартқан теперiш әлi есте. Үкiмет басшысы араласқасын барып, әупiрiмдеп қиындықтан құтылды. Жезқазғаның да жетiсiп тұрған жоқ. Ескiрген жабдық ес жиғызар емес. Жылу құбыры да әбден тозған.
Осындайда “Жылу жүйесiн сенiмдi басқаруға алып, жиырма жылдай “жылы-жұмсағын” жұтқан “АрселорМиттал Темiртау”, “Қазақмыс” сияқты алпауыт компания инвестицияны қайда құйған?” деген сауал ерiксiз тiл ұшына оралады. Бiздiң қоғамда осының анық-қанығына көз жеткiзетiн бiр Құдайдың құлы бар ма екен?
 

Әлiбек ӘБДIРАШ,
Қарағанды облысы
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар