1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (16188) 10 қаңтар, сейсенбі 2017
10 қаңтар 2017
Шымкенттегi газ жарылысының себебi қызмет көрсетудiң сапасыздығынан емес пе?

Шымкентте газ жарылысынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетiледi. Мұндай мәлiмдеменi кешегi күнi, яғни 9 қаңтарда түске таяу оқиға орнына барған Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейiт Түймебаев журналистерге берген сұхбатында айтты. Оқыс оқиға 8 қаңтар күнi түнгi сағат төрттердiң шамасында орын алған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментi таратқан мәлiметтерге қарағанда, жарылыс екi қабатты шикi кiрпiштен салынған тұрғын үйде болған. Үйдi екi отбасы жалға алып тұрып жатқан.

– Сағат 4.07 минутта құтқарушылар үйiндiнiң астынан 2015 жылы туған сәбидi алып шықты. Бұдан кейiн оның әкесi құтқарылды. Сәбидiң шешесi – 1988 жыл туған азаматшаның өлi денесi содан кейiн табылды. Жалпы мамандар оқиға орнынан төрт азаматты құтқарып, оның үшеуiн ауруханаға жiбердi. Бiр азамат дәрiгерлiк көмек алуды қажет етпедi, – дедi төтенше жағдайлар департаментi баспасөз қызметiнiң өкiлдерi. Ауруханаға жеткiзiлген зардап шегушiнiң бiрi, 1996 жылы туған қыздың денесiнiң 75 пайызын күйiк шалған. Ал сәбидiң тiрi қалуына оның бесiкте жатқаны себеп болған көрiнедi.
– Оқиға қауiпсiздiк талаптарын сақтамаудан орын алған. Зардап шегушiлерге материалдық көмек көрсетiледi. Екi отбасыға да уақытша пәтер берiлдi, – дедi Жансейiт Түймебаев.
Бұған дейiн хабарланғандай, төтенше жағдайлар департаментi қызметкерлерi үйiндiлердiң астынан ирандық камин тәрiздес газ пешiн және электр жылытқыш құралын тапқан. Болжам бойынша жарылыс газдың үйге таралып, ауамен араласуынан және от ұшқыны салдарынан тұтанудан болса керек. Дегенмен осы уақытқа дейiн мамандар оқиғаның нақты себептерiн ашып айтпады. Пәтерiн жалға берушi азаматтың да “құжаттарым дұрыс, бәрi заңды” деп ақталуы да күмән тудырады. Оқиға орнына облыс әкiмiмен бiрге келген “ҚазТрансГаз Аймақ” кәсiпорнының бас инженерi Сәкен Исмаилов «тексеру жұмыстары бiтiп, қорытынды шықпайынша ештеңе айта алмаймын» дедi.
– Бұл үйдегi газ жылытқыш құралдарының талапқа сай екендiгi соңғы рет қашан тексерiлдi? – деген сауалға бас инженер:
– Бiз үйдегi газ құралдарының талапқа сәйкестiгiн тексермеймiз, оған әр тұрғын өзi жауап беруi керек, – дедi. Сонда қалай болғаны, газдан адам уланып, тiрiдей өртенiп жатса да “ҚазТрансГаз” ештеңе iстемей отыра бере ме? Қазiргi уақытта Шымкент қаласында газ құралдарына қатысты қызмет көрсететiн 20-ға жуық мекеме бар екен. Олар абоненттермен келiсiмшартқа отырады. Әр тұрғын үй жыл сайын 2500 теңге төлейдi. Алайда олардың көрсетiп жатқан сапасыз қызметiнiң соңы осындай орны толмас өкiнiшке апарып соғуда. Сонда қыруар қаржы қайда кетiп жатыр? Бұған кiм жауап бередi?
 

Ғалымжан ЕЛШIБАЙ,
Оңтүстiк Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар