1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
12 қаңтар 2017
«Бәйтерекке» уақытша тiркеу және оның 10 пайдасы

Қаңтардың 10-ы күнi өткен үкiмет жиынында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев тұрғылықты жерге азаматтарды тiркеу жұмыстары елдi дүрлiктiрiп жiбергенiн атап айтып, Iшкi iстер министрi Қалмұxамбет Қасымовтың бiлместiгiн бетiне басты. Осы көрiнiс “Бәйтерек” пен бiр сотты есiме түсiрдi. О баста “мiндеттi уақытша тiркеу экстремистер мен терроршылармен күрес үшiн керек” деген едi. Құп. Олай болса, тiркеуi жоқ тұрғындарды неге “Бәйтерек” монументiне тiркеуге алмасқа? “Бәйтерек” қайдан шықты дерсiз. Айтайық!

Сотта отырғанбыз. Қарапайым құрылысшы жiгiттердi судья сұрақтың астына алып жатыр: Астанада тiркеусiз қалай жүрсiз? “Пропискаңыз” неге жоқ? Жiгiттердiң жауабы бiр: “Жұмыс iздеп келдiк. Қала сыртында “времянка” жалдап тұрамыз. Оның құжаты жоқ!”. Бұл жауапқа тосылған Астана сотының судьясы жоқ. “Онда қалай партияға өтiнiш жаздыңдар?” деп төпелейдi. Бұл – 2005 жылдың аяғы едi. “Нағыз Ақ жол” партиясын әдiлет министрлiгi тiркеуден өткiзбей, iс сотта қаралып жатқан. Билiктiң пайымынша, “Нағыз Ақ жол” партиясына өтуге өтiнiш берген 1400 адамның деректерiнiң жартысынан көбi дұрыс емес. Яғни, партияны тiркеуге әр облыс орталығы және Алматы мен Астана қалаларынан қажеттi деген 700 қолға өтiнiш жетпейдi. Бiрақ, “құжаты қате”, “өздерi өмiрде жоқ” дегендер тiрi екендерiн сотқа өз аяқтарымен келiп көрсетiп, партияға өз ерiктерi һәм қалауларымен өтiнiш жазғандарын растап жатқан. Сондай жiгiттердiң бiрiн судья жоғарыда жазғандай түрлi сұрақтармен сiлкiлеуге алған едi. Бiр сәтте мемлекет қайраткерi, “Нағыз Ақ жол” партиясының тең төрағаларының бiрi Алтынбек Сәрсенбайұлы шыдай алмай, орнынан тұрып кетiп сөз алды. Алтынбек Сәрсенбайұлы әңгiменi “прописка” тарихынан бастады.
– Кеңес одағы 1920 жылдардың ортасында “прописка” дегендi шығарды. Соғыстан кейiнгi жылдары “прописканы” бәрiне мiндеттеп тастады. Ондағы мақсаты – аш-жалаңаш, жұмыссыз халықты қалаға жолатпау. Аш халық өлсе, далада өлсiн деген саясат. Бұл – тоталитарлы жүйенiң саясаты. Бiз әлi күнге дейiн осыдан арыла алмай келемiз. “Прописка” адам бостандығы мен құқығын шектейтiн амал. Бiз саяси жүйенi өзгертiп, азаматтар мен тұрғындарды “пропискаға” байлап, матап қойғанды тоқтатамыз. Қазақстан азаматының басты құжаты, ол – жеке куәлiк. Жеке куәлiгi бар азамат елдiң қай түкпiрiнде жүрсе де, жұмыс iстеуiне, ауруханада емделуiне, мемлекет көрсететiн қызметтiң барлығын тегiн пайдалануға тиiс. Қазақстан азаматы басқа облыс пен қалаға барғаны үшiн, “прописка” мен тiркеуi жоқ болғандықтан мемлекет көрсететiн қызметтерден қағылмауы шарт! – дедi бiр сөзiнде Алтынбек Сәрсенбайұлы.
Сотта отырған бiр қауым жұрт Алтынбек Сәрсенбайұлының дәлелдi, ұтымды, көңiлге қонарлық сөзiне ду қол шапалақтап жiбердi. Судьяның өзi тосылып, бiр сәт үнсiз ойланып отырып қалды. Сосын сотқа шақырылғандарға қайтадан сұрақ қоя бастап едi, бiр азамат “пропискасыз” жүргенiн айтты. Осы сәтте “Нағыз Ақ жол” партиясының тең төрағасының бiрi Ораз Жандосов қолын көтердi. Сөз алған соң, ол “әзiрге тоталитарлық “прописка” жүйесiнен арылғыларыңыз келмесе, онда мына азаматтарды “Бәйтерекке” (монументiне) “пропискаға” тұрғызайық” дедi. Судья Ораз Жандосовқа бажырая қарап, “неге “Бәйтерекке?” дедi.

Бiрiншiден, Бәйтерек – қазақ үшiн киелi ұғым. Отанмен үндес ұғым. Екiншiден, “Бәйтерекке” “пропискаға” тұрса, елдiң патриоттық сезiмi оянады. Өйткенi “Бәйтерек” – ел символы. Үшiншiден, азаматтар заң бұзып тiркеусiз жүрмейдi, – деп жауап қатты. Залдағылар тағы да ду қол шапалақтап, күлкiге түйiлiп қалды.
2005 жылдың соңында бұл сөз шынында да күлкiлi сияқты едi. Ал қазiр премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен iшкi iстер министрi Қалмұxамбет Қасымовтың тұрғындар тiркеуiндегi дүрлiгуге қатысты “сөгiстерiне” қарап, жылағың келедi. Неге? Күштiк құрылымдар уақытша тiркеу арқылы экстремист, содырлармен күреспек. Ал сарапшылар мен мамандар лаңкестiк әрекетке оқталған экстеримистер уақытша тiркеуге тұрмайтынын айтады. Атқарушы билiк уақытша тiркеу арқылы iшкi көшi-қонды анықтап, жұмыс орындарын ашу, мектеп немесе ауруханалар салу, жол, электр, интернет, телефон желiлерiн, су және газ құбырларын тарту жұмыстарын жоспарлаймыз дейдi. Бiрақ мамандар уақытша тiркеуге алу iсi пәтер жалдаушыны жалға берушiнiң алдында мүсәпiр жасарына сенiмдi. Осы жағдайларды есепке алсақ, “прописка” жүйесiнен құтылғысы келмейтiн тоталитарлық мына қоғамда әзiрге Ораз Жандосовтың осыдан 11 жыл бұрын сотта айтқан сөзiн iске асырған пайдалы болып шығады.
Тұрғындарды “Бәйтерекке” уақытша тiркеуге тұрғызсақ, елдiң патриоттық сезiмi шарықтай түседi. Екiншiден, пәтер жалдаушылар жалға берушiнiң алдында тiркеу мәселесiнде қыжалат көрмейдi. Үшiншiден, Бәйтерек киелi ұғым деген түсiнiктi мойындамайтын экстремистер тiркеуге келмей, бiрден күдiкке iлiнедi. Төртiншiден, “Бәйтерекке” тiркеуге тұру мақтаныш болып, жұрт жаппай тiркеуге тұрғандықтан, атқарушы билiк өкiлдерi қала, аудан орталығындағы көшi-кон легiн тура анықтап, қанша мектеп пен аурухана, жол, су құбыры керектiгiн дәл табады. Бесiншiден, бiр тiркеуге тұру үшiн халыққа қызмет орталықтарында таңнан кезек күтiп, қазiргiдей ешкiм әуреге түспейдi. Алтыншыдан, “Бәйтеректе” тiркеуде тұрғандар уақытша тiркеуi болғандықтан, жергiлiктi жердегi мемлекеттiк қызмет түрлерiнiң барлығын тегiн пайдалана алады. Жетiншiден, үкiмет басындағылар да уақытша тiркеу дауында балабақшада бұтын бүлдiрiп қойған бала секiлдi бұртиып тұрмайтын болады. Сегiзiншiден, “Бәйтерек” монументтерi расымен де халық мақтанышы мен меншiгiне айналып, Қазақстанға табаны тиген туристiң iздеп жүрiп көретiн орталығына айналады. Тоғызыншы, “Бәйтерекке” елдi уақытша тiркеуге тұрғызу арқылы Қазақстан өмiрiнде бiрiншi мәрте бүкiл әлемде бұрын-соңды болмаған “ноу-хау” жаңалық ашып, жаһанға атын шығарады. Оныншы, “Бәйтерекке” халықты уақытша тiркеуге тұрғызу шығындануды қажет етпейдi. Себебi, бүгiнде елдiң көптеген қалалары мен аудандарында “Бәйтерек” монументi толып тұр. Қураған ағаштай ұсқынсыз тұрған сол “Бәйтеректерге” жан бiтiрiп, тамырын тiрiлтетiн, елге жақсылық жасайтын сәт оңынан келiп тұрғандай.
 

Жасұлан АҚКЕР,
Астана

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Ореке | 13 қаңтар 2017 20:59
Осы биліктегілердің есі ауысып, ақымақ есалаң болып қалғандай көрінеді маған. Алжыған ақымақтың ұйқысы тыныш болсын деп жағымпазданып, орысқұлдар ойына не келсе соны істеп жатыр, халқының қанын ішуде. Тоқтатыңдар оңбағандар!!!
Кайрат кайролдаұлы | 14 қаңтар 2017 17:08
Келісемін
атырау | 14 қаңтар 2017 22:25
бұның дұрыс
екен
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті