1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
16 ақпан 2017
Алашты адастырмаңдар

ҚР Конституциясының 26-бабына өзгерту енгiзуге байланысты желтоқсандықтар өзiнiң алаңдаушылығын бiлдiредi. Өйткенi Сенат спикерi Қасымжомарт Тоқаевтың мына сөзi БIЗДI түсiнбестiкке алып келдi. Қ.Тоқаев былай дедi орысшалап: “...В предложенных Главой государства поправках к Конституции содержится еще одно принципиальное нововведение: право частной собственности на любое законно приобретенное имущество предлагается распространить на каждого человека, находящегося на территории нашей республики, независимо от того, к гражданству какой страны он принадлежит или же является лицом без гражданства. Данное положение - это результат положительной эволюции нашего общества, которое признает свою принадлежность к глобальному сообществу цивилизованных стран”.
Экономикалық жағынан қарағанда, бәрi дұрыс сияқты. Бiрақ оның саяси жағын – Қазақстанның алып екi империяның ортасында отырғанын Сенат спикерi ұмытып кеткен бе?
Кезiнде, отырықшылдықты, ал екiншiлерi көшпендiлiктi жақтап Алаш қайраткерлерi екiге бөлiнген. Оның Бөкейханов бастаған жағы: отырықшылық дұрыс – өркениет, бiрақ ондағы жер беру нормасы қазақты жерден айырып тынады деп әзiрше көшпендi бола тұруымызды құптап, елге дұрыс жол сiлтеген едi. Ол ХХ ғасырдың басында өз нәтижесiн берген де едi. Бiрақ большевиктер мұны қастандықпен бұзып, жарты халқымызды қырғаны өз алдына, оңтүстiк пен солтүстiк аймақта қазақты құнарлы жерлерден айырып тынды. Осының зардабын әлi көрудемiз...
Бiздiңше жердi ашық саудаға салу (26-бап) әлi ерте. Азаматтық қоғам жетiлiп, толысып үлгерген жоқ. Ең алдымен, билiк басында отырған Қ.Тоқаев бастаған азаматтар.
Осы жерде Алаш азаматтарының мына сөздерiн Тоқаев сияқтылардың есiне сала кеткiмiз келдi.
“Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдiктерiңдi адаспай түзу iстеңдер! Сендер адассаңдар – арттарыңнан алаш адасады; арттарыңнан ергендердiң обал-сауабына сiздер қаласыздар” (Ахмет Байтұрсынұлы).
“Әр ұрпақ өзiне артылған жүктi жетер жерiне апарып тастағаны дұрыс, әйтпегенде болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетемiз. Кейiнгi ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретiн алдымызда зор шарттар бар” (Әлихан Бөкейханов).

К.ОТАРБАЕВ,
“Желтоқсан” Республикалық-отаншылдық қозғалысының төрағасы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (15)
мен | 16 ақпан 2017 14:01
Осы Тоқаев сияқты орыстілділерден құтылу үшін Конституцияға ОРЫС тілінің статусын өзгерту керек. Біздің елде орыстар 20 пайыздан төмен, орысша сөйлейтін қазақтар 20-30 пайыз болып, өз тілін ұмытқан.
Елімізде тек қана қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.
Университетте қазақша оқып, бітірген соң өндіріс орысша болған соң, ұрпағымыз жұмыссыз.
Әбіл Жекен | 16 ақпан 2017 18:41
"...предлагается распространить на каждого человека, находящегося на территории нашей республики, независимо от того, к гражданству какой страны он принадлежит или же является лицом без гражданства. Данное положение - это результат положительной эволюции нашего общества, которое признает свою принадлежность к глобальному сообществу цивилизованных стран”. Бұл - Қазақстанды талапайға салу деген сөз. Ұят қайда, түйсік қайда?
Ғаббас Қабышұлы | 16 ақпан 2017 21:04
Шынында: "независимо от того" деп бастаған пікірді бұл Тоқаев қай бетімен айтты? Қазақ жерін ақшасы бар кім көрінген бөлшектеп ала берсін, сонда жаһанданудың цивилизациясына сай боламыз дейді,ә?! Жаһандану - ұлттарды қауымдастыру, ондағы ұлттардың ұлттық дара қасиеттерін шектеп, жойып тыну. Лениннің: коммунизмде бір тіл болады дегенімен өзектес. Осы шындықты айтудан жасқанып: "Жаһандану - адамзаттың ертеңі" деп сайрап жүрміз. Күні кеше қоғамдық ҚДТ - "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалым
Ғаббас Қабышұлы | 16 ақпан 2017 21:16
қозғалысына қарсы ұмтылып (әлде ұмтылтқан соң): "Или - Я! Или - они" деп жуан жұдырығымен талқандап, оның басшыларын бірін қызметінен қуып, бірін түрмеге айдатып, тоз-тоз еткен осы Тоқаев емес пе еді?! Сол "тарихи қимылы" қалайда жоғары бағаланып, БҰҰ құзырына қызметке алынғаны да бір "ғажап" болған. Енді мына "қазақ жерін тіпті азаматтығы бар-жоғаны қарамай саудалау" ойы үшін қайдан, қандай дәреже алар екен?!
Туран | 16 ақпан 2017 22:45
Қайдағы ұятты iздеп отырсыңдар?Ол өткен ауылда болды,болашақ қонатын ауылымызда болуы мүмкiн ал қазiргi қоғамда жоқ. Кең байтақ жерiмiзде ұлтарақтай жер проблема.Тек қана арзан адамдар мен(орыстiлдiлер,әншiлер,жалбақайлар,әрi өнерлi әрi саясаткер,рухсыздар) жылаған,ашынған,мұңайған адамдар көп коғамда.Нан суыңнан бастап бәрi қымбат .Бұның арты қалай болар екен?
Асылбек | 17 ақпан 2017 06:58
Токаевта ойлау кабилети жок н билгенин истеп жатыр Алладан корыкпайтындар н казак халкынан урлаган байлыгы желкесинен шыксын надан.
Әбілғазы Рахметов. | 17 ақпан 2017 10:49
"...предлагается распространить на каждого человека, находящегося на территории нашей республики, независимо от того, к гражданству какой страны он принадлежит или же является лицом без гражданства. Данное положение - это результат положительной эволюции нашего общества, которое признает свою принадлежность к глобальному сообществу цивилизованных стран”. Бұл - Қазақстанды талапайға салу деген сөз. Ұят қайда, түйсік қайда?

Осы азаматтар не үшін елді ыдыратуға құмар?
Ореке | 17 ақпан 2017 11:48
Алаштың азаматтарын адастыратын, оңбағандар ТЖ ләпбәй тақсырлар нақ осылар!!!...
Қазақ үні | 17 ақпан 2017 15:21
Биліктің жанталасуы, сатылатын 800 кәсіпорын мен келетін 51 кәсіпорынды бүкіл аумағымен (олардың ауада тұрмайтыны белгілі) жекелерге беріп заңдастыру ғой. Ал, бұл жағдайда Қазақ жерінің ту талақай, тоз-тоз болмаған несі қалды??? Ойпырым ай, екіжүзділік пен аярлықта шек жоқ деген осы шығар!
Қоңрат | 17 ақпан 2017 17:05
Қазақтың жері тек қана қазақтардың жері кірмелердің жері емес Ата бабаларымыз жаулардан келешек ұрпақтары үшін қорғап аманат еткен кім көрінген қелімсектер бөліп алып билей берсін демей Аманатқа қиянат жасамаңдар БИЛІКТЕРІЛЕР Елді хан талапайға салмаңдар Бұл әрекеттерің жақсылыққа апармайды ЖЕТІ АТАЛАРЫНА дейін ХАЛЫҚТАН ҚАРҒЫСЫНА ҰШЫРАЙСЫНДАР ХАЛЫҚ АРАСЫНДА НЕ БІР АУЗЫ ДУАЛЫ КІСІЛЕР БАР ЕКЕНІН ЕСТЕЛЕРІҢІЗЕ САҚТАҢЫЗДАР
Бекзат | 17 ақпан 2017 18:53
Елбасы мəңгілік ел боламыз деп қызыл көмей болуда сол мəңгілікті бір шетінен ыдыратып жатқан процестерді байқамауда. Алла ел басқарғандарға сабырлық, нəпсісін тиғыза гөр қаймана сіңірі шыққан қазағым үшін!
Әбіл Жекен | 18 ақпан 2017 11:20
Бекзат, сен Елбасыңа адвокат болмай-ақ қой. Әлде айлықақы алатын адвокатысың ба? Солай болғаныңның өзінде елдің, халықтың жағдайын шынымен білмейсің бе? Елбасыңсыз Есілдің маңынан шыбын да ұшпайды емес пе? "Байқамауда" дейсің!.. Қазақтың жері, елі талапайға түскенін қазақ еместер ғана байқамайды, ұмытпа!
Есенғали, Антакиядан | 19 ақпан 2017 12:09
Қайтеміз Құдай бізге аңқау, ұры, өз халқына геноцид жүргізіп отырған
көсеушіні бұйыртса, жөні түзу көсеуші табылмағаны-дағы ? !
Төре | 19 ақпан 2017 19:40
қозғалысына қарсы ұмтылып (әлде ұмтылтқан соң): "Или - Я! Или - они" деп жуан жұдырығымен талқандап, оның басшыларын бірін қызметінен қуып, бірін түрмеге айдатып, тоз-тоз еткен осы Тоқаев емес пе еді?! Сол "тарихи қимылы" қалайда жоғары бағаланып, БҰҰ құзырына қызметке алынғаны да бір "ғажап" болған. Енді мына "қазақ жерін тіпті азаматтығы бар-жоғаны қарамай саудалау" ойы үшін қайдан, қандай дәреже алар екен?!

Сол азаматтарды "КИНДЕР СЮРПРИЗ" деп әжуалаған адам осы емеспе. Билік п
Серік | 20 ақпан 2017 16:12
Шіркін Қ. Тоқаевқа келіп кетер ештеңе жоқ. Ойбайлап біз қаламыз.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар