1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
16 ақпан 2017
ОБАЛ!

НЕМЕСЕ ЖАНБОЛАТ МАМАЙ ТУРАЛЫ БIРАУЫЗ СӨЗ

Дәл осыншалықты оғаш та ойламаған жерден пайда болған сұмдық себеппен осындай мақала жазамын деген үш ұйықтасам түсiме кiрмептi! Жанболаттың екi айға тұтқынға алынуы ешкiмдi де үнсiз қалдырмауы тиiс. Сондықтан қолға қалам алдым. Менiңше, Жанболатқа қарсы жасалып жатқан құқықтық-күштеу акциясының үш себебi бар. Бiрiншiден, антимамайлық акцияның авторлары бұл жерде бiр-бiрiне мүлдем қабыспайтын екi ұғымның, екi фактордың басын қосып, қойыртпаққа айналдырды.

Алғашқысы Ақорданың Мұхтар Әблязовке деген о бастағы жеккөрiнiш сезiмi. Оның себебi де түсiнiктi: БТА мен ҚДТ басшылығында болған кәсiпкер, банкир, министр және саясаткер бүгiнгi билiктi өзi де аса ұната қоймайды. Керiсiнше, ол қазiр билiктi сынаушылардың iшiндегi мейлiнше қатал әрi радикалдысы. Оған қоса ол БТА-банкiнiң қаржысы туралы басқа адам бiлмейтiн небiр “бомба-ақпаратты” өзiнiң миы мен шетелдiк банктердiң ұяшықтарына алдын ала сақтап қойғаны да түсiнiктi.
Екiншiсi – жас болса да, баспасөз құралдары арқылы қоғамдық жетекшiлiк жасауымен танылған журналист, мықты редактор, қалыптасып қалған қоғамдық қайраткер, жалындаған да жiгерлi Жанболат Мамай. Оны мен көп мақтап қайтейiн – елi де айтып жатыр ғой, осы күндерi оның халық арасында қаншама жақтастары бар екенiн сезiп қалдық. Менiң айтарым басқа: билiк елудi еңсерген, әрi ауыр айып тағылып жатқан, оларға өз жауабы бар және шетелде тұратын Әблязов пен отызға әлi толмаған, әрi ол айыптарға еш қатысы жоқ, тек қана журналистикамен айналысып, қоғамдық белсендiлiк танытып жүрген, Алматыда тұратын, одан еш жаққа кеткiсi жоқ Мамайды бiр-бiрiне байланыстырып, бiр қылмыс тапқысы келетiнi – әрi саяси қате, әрi Жанболат секiлдi жасқа обал!
Макс Боқаев пен Талғат Аянның “Төлешов iсiнiң” құрбаны болып кеткенi әшейiнде бiздiң билiктi көп сынай бермейтiн халықаралық демократиялық институттардың қатты наразылығын тудырғаны бар, оның өзi Ақорданың имиджiне бiраз нұқсан келтiргенi де тағы рас.
Мәселенiң екiншi жағы – Жанболаттың жастығында, ол 28-дегi ғана жiгiт. Әрине, бiздiң қатарластарымыздың, соның iшiнде бiзден үлкендердiң, кезiнде қуғынға түсiп, сотталғанына, несiн жасырайық, көзiмiз де, құлағымыз да, өзiмiз де үйренiп, ет өлiп қалғалы қашан. Бiрақ мынау өрiмдей ғана жас қой! Оның, журналист ретiнде пiкiрiн газет бетiнде ашық айтып жүрген журналистiң осы билiкке төндiрер қаупi қандай? Билiк жауын iздесе, өз арасынан, күнделiктi Ақордаға күлiп кiрiп, күңiрене шығып жүргендерден iздемей ме екен?
Қазiргi Қазақстанда жастар көп, көбiсi Жанболатқа қатысты жайтқа өз көзiмен, яғни оның құрдас-замандастары ретiнде қарап, “Жанболаттың басына туған жағдай, менiң де басыма түспей ме?” – деп ойланары да әбден орынды ғой. Мұның өзi, президент Н.Назарбаевтың “барлық үмiтiмiз, болашағымыз – жастарымызда! Өзiм де жас болғанмын”, – деген жап-жақсы ұрандарына қарама-қайшы емес пе?
Статистиканың мәлiметiнше елiмiзде 5 миллионға жуық жас бар. Жастардың корпоративтi қуаты деп осыны айт. Олардың бәрi “Нұр Отан” мүшесi емес қой.
Үшiншi мәселе қоғам мен билiкте туындап жатқан өте маңызды оқиғаларға байланысты. Өз басым қазақтың бiр баласы Жанболаттың басына төнген қауiптi дәл осы себеппен байланыстырамын: Мамай – отбасы, ошақ қасында жүрген адам емес, ол – тұтас бiр қоғамдық құбылыс. Сондықтан да оған қатысты мәселе “төңкерiсшiлдiк” не мемлекетке келер басқа бiр қылмысты қауiптер тұрғысынан емес, нақ осы қоғамдық тұрғыдан қарастырылуы керек!
Бұрын бiз бас билiк үшiн таласып жатқан кландар туралы сөз еткенде, көбiнесе, жалпылама баға берiп, аты-жөнiн нақтылай бермейтiнбiз. Қазiр болса, жағдай басқаша: тек қана тәуелсiз тұлғалар емес, билiкке бiр табан жақын сарапшылардың өздерi кландар мен олардың басшылары мен қосшыларының атын атап, түсiн түстеуге кiрiстi. Оның өзi олардың өзара тартысы одан сайын ушығып жатқанының айдай анық айғағы. Кландар бiр-бiрiмен қырылса, қырылып қалсын! Бiр-бiрiн ұрып-соғып, әдiрем қалсын!
Тек ел аман болсын! Және Жанболат секiлдi бауырларымыз сол соғыстың амалсыз құрбаны болып кетпесiн! Жанболат қоғамға керек. Сондықтан бұл обалды халыққа да айтамыз, Ж.Мамай секiлдi шындық iздеген адал жастарымызға да айтамыз!

Әмiржан ҚОСАНОВ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (7)
Жарқын Б | 16 ақпан 2017 17:19
Қоғамды, соның ішінде жастарды жасқай берсек, ертең елдің болашағын кімге сеніп тапсырамыз. Билік, байлық, мансап кімнен қалмайды. Бәрі алдамшы, уақытша екенін кім білмейді, есі дұрыс адамның бәрі біледі. Олай болса билік тұтқасын ұстағандарды қандай санатқа жатқызамыз. Билік халықпен жақын екені рас болса тәуелсіз басылымдарға неге ашық сұқбат бермейді. "ЖАС АЛАШ" редакциясынан билікпен диалог орнатуды сұраймыз.
мен | 16 ақпан 2017 19:23
Иа М Жәкішев пен М.Аблязов арасында іскерлік бар еді, МЖ Казатомды көтеру үшін БТА дан кредит алып атом өнекәсін Қазақстанда көтерді, Артынша рудниктер салынған соң өнім шағарып кредитті қайтарып отырды. Бұдан екі жақ та ұтты.
НАН МЖ досыңды алып кел деді, жан досын қалай сатсын. Бермеді, солүшін ж"не Ресеймен атом өндірісін бірге істемеймін дегені үшін сотталды.
Қайта осындай іскер адамдарды пайдаланудың орнына қамады, қугындады. Олар жоғарғы топ-менеджерлер ғой. Басы мықты іскерлер қазіргі б
мен | 16 ақпан 2017 19:25
Басы істейтін адмдар билікке керегі жоқ. Топастар керек билікке аитқанын істейтін
Бек | 16 ақпан 2017 23:09
Менiң түсiнбейтiнiм өрiмдей белсендi жастарымыз тұтылып жатады, оппозициядағы үлкен ағаларымыз халықты бастап шықса халық қостайды
Қазақ үні | 17 ақпан 2017 15:46
Биліктің жемқорлығына, екіжүзділігіне АҚИҚАТТЫҢ алмас қылышын сермеген Мамайдың ЖАЗҒАНДАРЫНАН еш кінә таба алмай, оны тіпті кісі күлерлік айыптармен жалалауы, БҰЛ ІРІП ШІРІГЕН БИЛІКТІҢ ЖАНТАЛАСУЫ ДЕП ҰҒУ КЕРЕК!!! Бұдан былай, іріңді жара ұлғая береді, сосын бірін бірі ұстату басталады! Ия, АЛЛА! Елдің басына ҰЛТЫМ дейтін ҰЛ КЕЛСЕ ЕКЕН!!!
Қоңырат | 17 ақпан 2017 17:28
Биліктің кәзіргі іс әрекеттері ажал алдындағы өмірмен өлім кезіндегі арпалыстың көрнісін елестетеді осы өтпелі кезенде мен мен деген ұлт жанашыр азаматтардың сағын сындыратын болды ғой
Адасканымыз ба | 18 ақпан 2017 18:35
Ой шiркiн ай, казагымызды сайласак жагдаймызды ойлайды деп едiк.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар