1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
23 ақпан 2017
Әзiрбайжаннан Қазақстанға дейiнгi отбасы билiгi

Көптеген елдерде президентке әйелi мен туыстарын мемлекеттiк қызметке тағайындауға тыйым салынған. Алайда өркениет көшiне iлеспей қалған елдердемұндай тыйым атымен жоқ. Бар болса да, ондай заңның талабы iс жүзiнде сақталмайды. Мәселен, Тәжiкстанды алайық. Былтыр Тәжiкстан президентi Эмомали Рахмонов қызы Озоданы президент аппараты жетекшiсi етiп тағайындады. Ал оның күйеуi Д.Нуралиев – ұлттық банк төрағасының орынбасары. Эмомали Рахмоновтың үлкен ұлы Рустам Тәжiкстандағы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы комитеттi басқарады. Қазiр ол – Душанбе қаласының әкiмi.

Отбасы билiгi Қырғызстанда Құрманбек Бакиевтiң президенттiктен қуылған мезетке дейiн болды. Елдiң бiрiншi президентi Асқар Ақаевтың ұлы мен қызы 2005 жылы парламентте депутаттық мандат алған. Ал Ақаевтың орнына төңкерiс арқылы келген Құрманбек Бакиев ағасын қауiпсiздiк қызметiне төраға жасап, баласына даму, инвестиция және инновация агенттiгiн басқартқан.
Өзбекстанның тұңғыш президентi Ислам Каримовтың қызы Гулнара 2010 жылдардың басында Испанияда елшi болғаны есте. Ал қазiргi президент Шавкат Мирзияевтiң балалары мен қыздарының, күйеубалаларының қызметi туралы ақпарат айтылмайды.


Отбасы билiгi шырқау шегiне жеткен елдiң бiрi – Солтүстiк Корея. Бұл елде Ким әулетi билiктi жекешелендiрiп алған. Алайда әулет iшiнде билiк үшiн қырқысу, төңкерiс жасау сәттерi болып тұрады.
Ал Қазақстандағы жағдай баршаға мәлiм. Ширек ғасырдан астам үздiксiз билiкте отырған Н.Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы Австрия түрмесiнде асылып өлдi делiнетiн Рахат Әлиев кезiнде күштiк құрылымдарды кезек-кезек басқарды. Н.Назарбаевтың үлкен қызы Дариға да премьер-министрдiң орынбасары болды. Қазiр сенатта депутат. Президенттiң жиенi Нұрәли Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары болып көрдi. Назарбаевтың немере iнiсi Самат Әбiш ұлттық қауiпсiздiк комитетiнде қызметте отыр.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Нұрсұлтан | 23 ақпан 2017 16:10
Ішің күйсе тұз жала !!! - Солай болып қала береді !!!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті