1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
23 ақпан 2017
Түркiменстан президентi кезектi кiтабын шығарды

17 ақпанда Ашғабатта өткен инаугурация рәсiмiнде Түркiменстан президентi Гурбангулы Бердiмұхаммедов әскерилерге арнап жазған “Отанын ұлықтаған батырлар” атты кiтабын көпшiлiкке таратты. Ақпанның 12-сi күнi өткен президент сайлауында 97,69 пайыз дауыс жинап, жеңiске жеткен Гурбангулы Бердiмұхаммедовтiң бұл — жыл басынан берi жазып үлгерген алғашқы кiтабы. Әйтпесе, осымен үшiншi мәрте президенттiкке келген Г.Бердiмұхаммедов ел басқарған жылдары жиынтығы қырық шақты әдеби, деректi кiтап жазды. Мәселен, 2016 жылы ол түркiмен кiлемi, шайдың пайдасы, ақалтеке жылқысы, түркiмен әуезi туралы жалпы саны жетi кiтап шығарған. Кiтап жазу президенттiң жалғыз ермегi емес. “Сегiз қырлы, бiр сырлы” Бердiмұхаммедов мамандығы тiс дәрiгерi болса да, хирург-онколог ретiнде ота жасаған. Композиторлығы, ақындығы, әншiлiгi және бар. Жүйрiк ат пен көлiк тiзгiндеген шабандоздығы тағы бар.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Әбу | 24 ақпан 2017 20:23
Біздің Көкеге бәрібір ешқайсысы, тіпті бәрін жинасаң да, жете алмайды. Ақын, сазгер, жазушы, күйші, сәулетші, спортшы... және, баспасөзден білгеніміздей, 110 кітаптың авторы! Бұл Көке туралы 200 шамалы кітап шығыпты! Шіркін-ау, біздің Жазушылар, Журналистер, Композиторлар, Сәулетшілер одақтары, Спорт федерациясы мүшелікке алмай, не қарабасып отыр?!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар