1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (16204) 2 наурыз, бейсенбі 2017
2 наурыз 2017
Балтық бойы елдері не қызығамын

ҮШТІЛДІЛІКТЕН БІЛІМ ДАҒДАРЫСҚА ҰШЫРАЙДЫ

Қылышынан қан тамып тұрған кеңес одағының кезі. 1983 жылы Эстония елінің Тарту қаласынан автокөлік айдап әкелуге бардым. Пойызбен Тартуға жеткенде әлі таң атпаған еді. Жақын маңдағы қонақүйге барып, әкімшіден 3-4 сағатқа орын сұрадым. Менің орысша сұрағыма эстонша жауап берді. Түсінбей 2-3 рет мәрте сұрағаныма әкімші қыз ашуланып өз тілінде «Орын жоқ» деген жазуды үстелінің үстіне қоя салды.

Таң атқан соң көшеге шықтым. Енді өзім баратын зауытты іздеп табуым керек. Ойыма «Балтық бойы елдері орысша сөйлегенді ұнатпайды» деген пікір оралды. Сөйтіп ой жетегінде тұрғанымда, көше қиылысынан үлкен қария адам шыға келді. Жалма-жан қасына барып, «Ассалаумағалейкум» деп қолымды ұсындым да «завод», «адрес» деп жазуды көрсеттім. Ол қолымдағы парағыма зауытқа баратын трамвай, автобустардың маршуттық нөмерлерін жазып берді. Алғысымды айтып, баратын жеріме жеттім-ау. Сол Тарту қаласында көше, дүкен атаулары сол кездің өзінде өз тілдерінде, эстонша жазылғаны әлі күнге дейін есімде. Зауыттан алған қажетті құжаттарым да алдымен эстон, одан кейін орыс тілінде жазылған.
Ал біздің дербес ел ретінде өмір сүріп жатқанымызға ширек ғасырдан асты. Әлі күнге дейін өзге елдің тілінде шүлдірлейтініміз жаныма батады. Балтық бойы елдерінің халқына риза боламын. Өз тілдерін қалай құрметтейді! Ал біз болсақ үштілділік дегенді шығарып алдық. Ағылшын тілін үйренуге қарсы емеспін, бірақ орыс тілінің бізге не қажеті бар? Масқара, күні бүгінге дейін 25 жылда 19 білім министрі ауысыпты. Бұл енді сұмдық емес пе? Сонда біз әр жыл сайын бір министр ауыстырыппыз. Ал жаңа келген министр өзінің жаңалығын ала келеді. Сөйтіп, біз балабақшадан, 1-сыныптан баланы дүбәралыққа тәрбиелеудеміз. Алғашқы білім балабақшадан басталады. Қазір технология мен ғылымның дамыған заманында ең қажеттісі – білім. Білімсіз болашақ – қараңғы.
Өз басым білім министрінің «үштұғырлы тіл» бағдарламасын балабақшадан, 1- сыныптан бастағанын қаламайын. Қарсымын. 1-сыныптан бүлдіршіндерге ағылшын тілін үйрету – өте ауыр. Өзіміздің қазақтар ана тілін толыққанды білмей жатқанда үшінші ағылшын тілін жас буынға үйретіп, оқыту – мәңгүрттікке қадам. Өз ана тілінде білім, тәрбие алмаса, сол ұлт құриды. Оның болашағы жоқ. Біле-білген адамға ағылшын тілін 5-6 сыныптан бастап үйрену кеш емес. Біз 70 жыл бойы Ресейге бодан болып келдік. Енді тәуелсіздік алғанда орыс тілінен арыла алмай жүрміз. «Жығылғанға жұдырық демекші», енді ағылшын тіліне бодан болуға тым ерте қадам бастық. Қазақ халқы қаншама қасіретті басынан өткізді. «Үштұғырлы тіл», түсінген адамға, бұл да – ұлтқа үлкен нәубет!
Министр Е.Сағадиевтің ойлап тапқан «үштұғырлы тілі» күн тәртібінен түспеуге айналды. Қазір мұғалімдерді қысқа мерзімді 3-4 айлық қысқа курстарға жіберіп дайындауда. 2019 жылы 10,11 сыныптар физика, химия, биология, информатика, ағылшын тілінде оқитын болады. Ағылшын пәнінің маманы жоғарғы оқу орынын 5 жылға жуық оқиды. Осы арада заңды сұрақ туады. Мысалы, 3 ай курста оқып келген физика пәнінің мұғалімі ағылшынша қалай сабақ береді? 3 айда ағылшын тілін толыққанды меңгере ала ма? Меніңше, толық білім бере алмайды. Ұстаздың білімі таяз болғандықтан шәкірт мәңгүрт болып шығады.
Оның үстіне, бірден үш тілді меңгеру – балаға салмақ. Денсаулығына зияны тигенімен қоймай, шатастырып, ойлау қабілетін төмендетеді. Онсыз да ұстаз бен оқушыда жүктеме көп. Сапасыз білімнен ой-санасы жетілмеген ұрпақ шығады. Қазір Қазақстан экономикалық дағдарыстың құрсауында. «Үштұғырлы» тілден білім дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Білім дағдарысқа ұшыраса, ғылым дамымайды. Білмей істеген іс – қателік, біліп істеген іс қылмыспен пара-пар дер едім.

Қуанғали Аронов,
Есбол ауылы,
Индер ауданы,
Атырау облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар