1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (16205) 7 наурыз, сейсенбі 2017
7 наурыз 2017
«Назарбаев» деп қоймайтындар Бөкейхановты неге елемейді?

Астананың сол жағалауындағы кейбір тірлікті екі дүниенің сырын ұққан данышпан да ақылға салып түсіне алмайды-ау.
Жағымпаздық, жалбарыну, табан жалау, көзге түсу, мақтану, сосын мақтағансып жұртқа жеккөрінішті етудің бұ дүниеде, оның ішінде бүгінгі қазақ қоғамында шегі жоқтай көрінеді. Көктемнің кей адамға тигізер ерсі әсері ме, әлде басқа ма, өткен аптада біраз депутат Астана атауын Назарбаевқа өзгертуді қайта қоздатып, ерекше ышқынып шықты.
«Мен 2008 жылы Астана халықаралық әуежайын тұңғыш президент – ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне атауды ұсынғанмын. Ол ұсыныс қоғамда қызу талқыланып, сол кезде біраз қолдауға ие болды. Сондықтан тұңғыш президент есімін елорда атауында және өзге де нысандарда көрініс табуы туралы ұсыныстар дер уақытында айтылып отыр және бүгінде өте өзекті», – деді сенатор Дархан Қалетаев.
Бұл ұсынысқа қолдау білдірген Павел Казанцев сияқты депутаттар президентті мақтау мен мадақтауда тізгіндерін тарта алмай, біраз жерге барысты. Бірақ қанша мақтаса да, президент ойлаған деңгейден шыға алмайтындарын түсінгендей әрең тоқтады. Сөйткен тірліктері соңында ит әурешілік болып шықты.
Наурыздың 6-сы күні өткен парламенттің бірлескен отырысында конституциялық өзгерістер екінші оқылымда қабылданған сәтте жұмыс тобының жетекшісі Нұрлан Әбдіров «Астананың атауын өзгерту туралы депутаттардан жазбаша өтініш түспегенін» мәлімдеді.
Сонда дейміз-ау, жұма күні өткен бірінші оқылымда Қалетаев сияқты депутаттар «Назарбаевқа қала, әуежай атауын берейік» деп несіне өңеш жыртысты? Ұсынысты жазбаша енгізуді депутат бастарымен білмеді ме? Жалпы, өзгелердің президенттің «мемлекет құрудағы еңбегін» елеп жатқаны өзіне «жағатынын» жасырмаған Н.Назарбаев былтыр Қуаныш Сұлтанов сияқты депутаттарға «қойыңдар» деп, Астана атауын өзгертуді қабылдамай тастаған болатын. Алайда «қой» дегенге тоқтайтын депутат байқалмайды. «Президент әйтеуір бір жолы келіседі, келіспегенде қайда барады» дегендей кимелеп кетеді. Олар тіпті Астана атауын өзгертуге кететін шығынды да ескергісі келмейді. Ол қандай шығын дейсіз ғой? Айтайық, Қарағанды қаласы әкімдігі Октярь ауданының атауын Алаш көсемі, қазақтың аса ірі көрнекті тұлғасы Әлихан Бөкейхановтың есіміне ауыстыруға қиналып отыр. (Қарағанды әкімдігі Бөкейхановтан жерініп тұр. «Жас Алаш», N18, 2-наурыз 2017 жыл). Сондағы қалалық әкімдіктің уәжі аудан атын ауыстырса, сол аудандағы жүз шақты заңды тұлға құжаттарын қайта қаттап, қаржылық шығынға батады-мыс.
Егер осы сөз рас болса, онда Астана атауын Назарбаевқа ауыстырса, он мыңдаған заңды тұлға құжаттарын қайта жасатып, шығынға батады ғой. Депутаттар неге мұны ойламайды? Неге шағын және орта кәсіптің шығын шекпеуін қорғамайды? Әлде Алаш көсемі, саяси қан майданда басын бәйгеге тігіп жүріп 100 жыл бұрын бүгінгі қазақ мемлекетінің тұғырын құрып берген Әлихан Бөкейхановқа жүрген уәж Ресейдің бірінші президенті Б.Ельцин алып берген, Серікболсын Әбділдин (Жоғарғы Кеңестің төрағасы кезінде – ред.) жариялаған тәуелсіздіктің алғашқы президентіне жүрмей ме? Астана әуежайы атаусыз қалды деп қапаланса, оған неге Әлихан Бөкейхановтың атын бермеске? Шенді-шекпенді, оқыған-тоқығандардың «Назарбаев – Алаш идеясын жалғастырушы» деген анықтамасы рас болса, қала мен әуежайын атын ұсыну бастамасында бірінші болып Әлихан Бөкейханов тұруы шарт емес пе?!
 

Жасұлан АҚКЕР
Астана

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (4)
ИВАН | 7 наурыз 2017 16:07
М.Әблязов Нұрекең халықтың қанын ішіп отырғанын айытса, депутаттар Астанаға атын беру керек деп жалпылдауда. Осы депутаттардың басқа жұмыстары жоқ-ау сірә!!!
Тұран | 8 наурыз 2017 01:13
Осы бiздiң көрiп жатқан күнiмiз. Өзiндiк ой-пiкiрi жоқ жалбаңдаған жалтақтарға күнiмiз қарағасын. Осындай мәселелерге бей жай қарайтын бiздiң халық кең бе әлде? Түркмендерге күлiп ек. Еуропалықтар тырқылдап күлiп жатқан шығар.
Ореке | 9 наурыз 2017 13:41
Астанаға атын беру керек - деген көтігел жалпылдауларды Қ.Сұлтанов, Д.Қалетай, Р.Халмурадов т.с.сияқтыларды к.тінен теуіп, жазаға тарту керек!!!
Алаңғасар. Аңқаулар елі. | 9 наурыз 2017 13:45
Еее, Жасұлан бауырым, бұлар Әлихан Бөкейханды біледі деп ойлайсын ба? Әй, сірә "халық қалаулылары" Әлекенді білмес?!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар