1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017
14 наурыз 2017
Жолдауды түсіндірушілер халықты түсінді ме?

Президент жолдауы баспасөзде жарияланғаннан бергі бір жарым ай ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 836 елді мекенде мыңнан астам шара өтіпті. Яғни арнайы жиналыстарда президент жолдауы 317 мың адамға түсіндірілген. Жолдауды насихаттап, халыққа түсіндіру үшін Астанадағы шенеунік, депутаттар оңтүстікке ұшақпен арнайы ұшып келіп, кері қайтқан. Сондай жиынның бірінде Мақтаарал ауданының тұрғыны Елемес Сабыров жолдауды түсіндіруге келген мәжіліс депутаттары Құдайберген Ержан, Кәрібай Мұсырман және сенатор Қуаныш Айтахановтарға елдің көкейінде жүрген біраз мәселенің бетін ашқан.
– Депутаттарға үш мәселені алға тарттым. Біріншіден, халқының саны жағынан кішігірім облыстармен теңесетін Мақтааралда жайылым тар. Ал ауылдағы халық мал асырамай тұра алмайды. Төрт аяқты малда ес бар ма, көбіне егістікке түсіп кетеді. Ашу үстінде мақталыққа жайылған жылқыны атып алған оқиғалар да кездесті. Оның соңы дауға айналды. Ақсақалдар жағы ара түсіп, ұрыс-жанжалды ағайынгершілікпен шешкен едік. Ертең ел ішіндегі бір тентек мал үшін адам атып тастаса не болады? Сондықтан көршілес Шардара, Сарыағаш аудандарынан жайылым қарастыру қажет.
Екіншіден, соңғы жылдары Астанаға дейін шапқылаудың арқасында мақта зиянкестеріне қарсы күресте адам денсаулығына ауыр зардаптар алып келетін улы химикаттан бас тартып, оның орнына биотәсіл қолдануға қол жеткіздік. Биотәсіл үшін мемлекет субсидия бөле бастады. Алайда мәселе түбегейлі шешілген жоқ. Субсидия күзде беріледі. Ал ол шаруаға мақта екіқұлақтана бастаған көктемде керек. Керек кезінде бөлінбеген қаржының тиімділігі жоқ. Субсидияның жартысы көктемде, қалғаны күзде берілсе деген ұсынысымызды жоғарыдағы басшылар ескермей отыр, – дейді Елемес ақсақал.
Үшінші мәселеге келгенде ақсақал біраз құжаттарын алға тартты. Айтуына қарағанда, биотәсілді енгізу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігін жағалап жүргенде Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Абай Сағитовтың ұсынысымен Мақтааралда аталған институттың бөлімшесі ашылыпты. Асықата ауылындағы бөлімшеге Молдавия елінен арнайы ғалым шақырылған. Оның жұмысымен уақтысында министр Асылжан Мамытбековтің өзі келіп танысыпты. Сонда ғалымдар келешекте мақта ғана емес, қауын-қарбыздың зиянкестерімен де биотәсіл арқылы күресуге уәде беріпті.
– Алайда уәде орындалмады. Молдавиядан келген ғалым кетіп қалды. Биофабрикаларға әдістемелік көмек көрсетеді, биотәсілді ғылыми жолмен жүргіземіз деген үмітіміз ақталмай отыр, – дейді Елемес ақсақал.
Обалы не керек, жиында ауыл шаруашылығының білгір маманы Қуаныш Айтаханов институттың бөлімшесі атқара алмаған жұмысты енді Мақтаарал-
дағы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына беру туралы мәселе көте-
ріпті. «Маған осы жөнінде ұсыныс беріңдер» деген. Ұсыныс аудан әкімі мен мақта шаруашылығы институты басшылығы тарапынан беріліпті. Арада бір айдан астам уақыт өтсе де, жауап жоқ.
Біз осы жөнінде «Жас Алашқа» түсініктеме берген Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Ибадулла Үмбетаевтың айтуынша, өсімдік қорғау жұмыстарымен 2008 жылға дейін өзі басқарып отырған ғылыми-зерттеу институты да айналысқан. Бірақ кейін ол Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтына берілген.
– Егер мемлекет бізді қаржыландырса, өсімдік қорғау саласы бойынша жұмыстарды атқара аламыз. Бұған мамандарымыз да, құрал-жабдықтарымыз да жетеді, – дейді И.Үмбетаев.
Абай Сағитовтың ұсынысымен ашылған институттың Мақтааралдағы бөлімшесі неге шаруалардың үмітін ақтай алмады? Неге жұмыс істемейді? Бұған қазынаның қаншама қаржысы жұмсалды емес пе? Оның сұрауы жоқ па?
Елемес Сабыровтың сөзінше, мақтааралдықтар Айтахановтың үкілі уәдесіне сеніп отыр. Сенатор вице-премьер әрі ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке ауылдағы диқанның өтініші мен орынды талабын жеткізе ала ма? Министрлік қызметке дейін оңтүстік өңірін бақандай алты жыл басқарған Асқар Исабекұлы субсидияның тым болмаса тең жартысын көктемде бергізудің жолын реттей ме?
– Сан жиналыс өткізіп, жолдауды түсіндірмек болған шенділердің сөзін ұқтық. Ал халықтың талап-тілегін атқамінерлер құлақтарына қыстырды ма? – дейді Елемес Сабыров.
«Елдің сөзін түсіндік. Қандай да бір шешім қабылдадық» деген депутат пен шенеунік болса, олардың жауаптарын газетке басуға біз дайынбыз.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
ИВАН | 15 наурыз 2017 10:20
Жолдауды халыққа түсіндіреміз деп атқамінерлер жылда ала шапқын болады, сонда президент жолдауды түсініксіз тілде жолдайдыма?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар