1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (16210)   28 наурыз, сейсенбі 2017
28 наурыз 2017
Пән мұғалімдері сынақтан сүрінді

Бүгінгі таңда ең жиі талқыға түсіп жүрген мәсфеленің бірі үштілділікке қатысты. Бұл орайдағы көпшілік пікірі де әр алуан. Біреулер бұл жаңашылдықтың мектептердің көсегесін көгертеріне сенсе, енді біреулер «сансыз реформалардан онсыз да көз ашпауға айналған орта білім жүйесін үштілділік одан әрі тұралатады» деген пікірде.
Соңғы көзқарасты ұстанушылардың алға тартар тағы бір дәйегі «үштілділікке жаппай көшіп кетуге дәл қазір мектеп те, мұғалім де, оқушы да дайын емес» дегенге саяды. Бір жағынан, бұл күдік негізсіз де емес. Күні кеше ғана Altaynews.kz ақпарат агенттігі Шығыс Қазақстан облысы мектептеріндегі қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдерінің білімдері мен кәсіби дайындық деңгейіне жасалған сараптама мәліметтерін жария етті.
Бір алаңдатарлығы, сараптама нәтижесі көңіл көншітпейді. Мәселен, орыс мектептерінде қазақ тілінен сабақ беретін 1178 мұғалімнің тек 29 пайызы ғана сынақ барысында жоғары нәтижеге жеткен, ал мұғалімдердің 51 пайызының қазақ тілін меңгеруі «жақсы», 15 пайызыныкі «орташа» деңгейде көрінеді. Сондай-ақ қазақ тілін жетік білуі өте төмен деңгейдегі педагогтар да кездескен.
Қазақ мектептерінде орыс тілінен сабақ беретін мұғалімдердің сынақ қорытындысы бұдан да нашар. 985 мұғалімнің тек 11 пайызының ғана білім деңгейі жоғары болған. Тіл мамандарының 34 пайызы орташа дайындық деңгейінен табылған.
Ағылшын тілі оқытушыларының өз пәнін қаншалықты меңгергенін естісең, тіпті жылағың келеді. Тест нәтижесі олардың тек 3 пайызының ғана тілді меңгеруі жоғары деңгейде екенін көрсеткен. Ал мұғалімдердің 75 пайызы ағылшын тілін тек базалық деңгейде ғана білетін болып шыққан.
Осындай жағдайда «жаратылыстану пәндерін жоғары сыныптарда ағылшынша оқыту» идеясын жалаулатып жүргендердің қандай негізге сүйеніп соны армандап жүргеніне таңғалмасқа лаж жоқ.
Ресми мәліметке жүгінсек, жағдайды түзету мақсатында алдағы уақытта қазақ, орыс, ағылшын тілі оқытушыларының барлығын кәсіби біліктілікті арттыру курстарында оқыту көзделіп отырса керек.
Сараптама нәтижесіне жүгінсек, ағылшын тілі мамандарын былай қойғанда, орыс мектептеріне қазақ тілінен, қазақ мектептеріне орыс тілінен сабақ беретін мұғалімдердің де білім деңгейі мен кәсіби дайындығы сын көтермейтін халде. Осыған қарап тұрып «жалпы, еліміздегі педагог мамандарды даярлау, оның ішінде пән мұғалімдерінің кәсіби білімін жетілдіру ісі ақсап тұр» дегеннен өзге ойдың келмесі анық. Ал енді тілдік пәндерді сол тілдердің өзінде оңдырып оқыта алмай жатқанда, бүкіл мектептерді химия, биология, физика, информатика сабақтарын ағылшын тілінде өтуге міндеттеу ақылға сыймайтын жайт екенін қайталап айтып жатудың өзі артық.


Р.СЕРІКБАЙ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар