1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №28 (16214)   11 сәуір, сейсенбі 2017
11 сәуір 2017
Мырзатайдың мақтауы президентке зиян

«Жас Алаш» газетінің 4 сәуірдегі санында «Герағаңды жазғыру – дәрменсіз адамның сөзі» деген тақырыппен академик Мырзатай Жолдасбековтің жария күнделігінде жазылған жай туралы материал жарық көрді. Оқыдым.
Мақалада күнделіктерден үзінді, Жолдасбековтің, Ермұрат Бапидың пікірлері беріліпті. Сол жазылған жайға орай, Мырзатай Жолдасбеков жөнінде ойымды айтсам деп едім.
Мырзатай мырзаның кіріспейтін жері жоқ. Үнемі президентті мақтап жүреді. Ал оның мақтауы президентке зиянын тигізіп отыр. Өйткені халық шаршады, құлағы әбден сарсыды. Ол кісінің баяғыда жасаған қиғаш істерін де әлі ұмытқан жоқпыз. 1987 жылы Мырзатай Жолдасбеков Талдықорған педагогикалық институтында ректор болып тұрды. Сол тұста филология факультетінің қазақ бөлімін жауып тастады. 25 қазақ жасы оқудан шығып, далада тентіреп қалды. Бірақ бәрібір ректорлығын сақтай алмады. Кейін орнынан босап, ол қызметке басқа ұлттың өкілі келді. Міне, өткендегі материалды оқып отырғанда осы жайттар ойыма оралып, газетке жолдауды жөн көрдім.

Ботай ДАНИЯРҰЛЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (5)
иван | 11 сәуір 2017 17:08
Осыншама жаска келгенде сакалын сатып не корінген енді не даметіп жур.
машан | 11 сәуір 2017 17:41
бұл жағымпаздан басқа не күтуге болады.
Еркин | 11 сәуір 2017 23:10
Мактап ети уйренген адам адет болып кеткенгой
Айсара | 12 сәуір 2017 18:45
Тарихи дерек: М.Жолдасбеков 2000 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетіне ректор болып тағайындалды. Бұрын осы оқу орнында "Мемлекеттік тіл" бөлімі болатын. Келе салысымен осыны жапты. Қазақ тілі кафедрасы мен практикалық қазақ тілі кафедрасын қосып, 50-60 адамнан тұратын (тарихта ондай жоқ) кафедра жасады. Осы деректер күнделігінде бар ма екен?
кайсар | 13 сәуір 2017 00:32
бир клияга тусип алган отстали шал
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар