1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (16215) 13 сәуір, бейсенбі 2017
13 сәуір 2017
Әр тұрғын 9 мың доллар қарыз

НАЗАРБАЕВ «ТӨЛЕЙ АЛМАСАҢ, КРЕДИТ АЛМА» ДЕЙДІ
Ұлттық банктің 2016 жылғы қызметінің есебін тыңдаған президент Нұрсұлтан Назарбаев «үкімет пен екінші деңгейлі банктерге қазақстандықтарды масылдық әдетінен арылтуды тапсырды» деп ақпарат агенттіктері жарыса хабар таратты. «Қайта қаржыландыру бағдарламаларына 130 миллиард теңге жұмсайтынбыз. Қазір 21 мың адал емес қарыз алушы бар. 19 500 адамға қарыз төлеу жеңілдетілді», – депті президент.
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев: «Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл мәселеде екі пікір бар. Біріншісі – көмектесу керек. Екіншісі – көмектесу арқылы масылдыққа үйретеміз», – деген. Бұған «Негізі, кредит төлемеу бұл қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Бізде мұны ешкім түсінбейді. Төлей алмасаң, кредит алма. Алдың ба, қайтару керек. Әркім өз ісіне жауапты болуы керек. Ешкім ипотекалық кредит ал деп зорлаған жоқ. Мемлекетке қаржы құятын сала жетерлік, осы халық үшін, экономиканы дамытуға, индустриализацияға. Сондықтан мұны қатаңдату қажет, тексеру керек. Екінші деңгейлі банктер, адамдарды масылдық әдетінен арылтыңдар, үкіметке де осы тапсырма», – депті президент. Дұрыс-ақ делік.
Дегенмен жағдайы қоңды, айлығы жақсы болса, азаматтардың банктен қарыз алып несі бар? Бізде кредит қамытын мойынға ілу – бала-шағаның, отбасының қамы үшін көндіккен амалсыз қорлық қой. Жалпы, мемлекет те отбасы сияқты. Жөнді-жөнсіз сырттан қарыз алып тұратын әдеті бар. Мәселен, Қазақстанның сыртқы қарызы былтыр 163 миллиард 757 миллион долларға (!) теңесті (2015 жылмен салыстырғанда 10 миллиард 37 миллион долларға көбейген). Енді осы қаржыны халық санына шағып жіберсек, жөргектегі сәбиден зейнеттегі қарттарға дейінгі әрбір тұрғында мемлекет «жүктеп» қойған 9 мың долларға жуық (2 миллион 835 мың теңге) қарыз бар. Билік халық мойнындағы осы қарызды азайтса, тұрғындар да банк алдындағы «масылдығын» қоятын шығар.

Жасұлан АҚКЕР

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (5)
Қызылордалық Балталы Төлеген | 13 сәуір 2017 14:46
ӨЗІНІҢ "кемеңгерлігі жыртық шалбардан көрініп қалмасын"деп"жыртықты жабу"үшін шет елден БІЗДІҢ ЖЕРІМІЗДІ,ЕЛІМІЗДІ кепілге қойып арзан үстемемен кредит алады.ӨЗІ ол кредитті"қымбат бағамен беріңдер"деп банктерге таратады. ХАЛЫҚТЫҢ ЖЕРІ,ЕЛІ кепіл болып алынған кредитті өзімізге"бермеңдер"дейді.Үлкенің 2,5 млн.АҚШ теңгесімен сырға тағады,екіншің "ең болмаса"заңды түрдегі"патшайым аталайын"деп"Тұмар"патшайым болып ойнау үшін мемлекеттегі біздің ақшамызды"асауға"кірісті.Онда ӨЗІҢ бер,ҚЫЗДАРЫҢ берсін.
Шымкенттен Нұрлан | 14 сәуір 2017 00:58
Дәл тигізіп айтыпсың, автор! "Біреуге ақыл үйреткенше өзіңді жөнде" демексің ғой?
орик | 14 сәуір 2017 20:38
алжыган какбас мунай акшасы кайда озини тойымсыз урпагынан алып бер халыкка
Шыңғыс төре | 16 сәуір 2017 10:52
Алған жеген қарыздарынан құтыла алмас. Өз жөнін жөндесе халықтыңда жөні жөнделар!
Ақұдай | 17 сәуір 2017 10:51
Қазақта да жiгiттер бар ғо Балталы Төлеген сияқты ,айтса шауып түсетiн! Балтаң мұқалмасын, Бар бол! Жас Алашқа мың алғыс сөздiң сайыпқырандарын бәрiн төбеге жинайтын!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті