1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
22 маусым 2017
Бомждар

Баспасөз: «ЭКСПО қарсаңында Астанадағы бомждарды қаладан қуып жіберіпті...»
Ей, өкімет! Мысқылың ба, күлкің бе?
Советтік салт! Сақталыпты сол ызғар:
Қуылыпты Астанадан бір түнде
«Жүз бірінші шақырымға» бомждар!

Бұл қылығы шенділердің жат Арға,
Дүр көрменің болады екен бір кемі:
Астанадай сән-салтанат шаһарда
Ұят екен қайыршының жүргені!

Заман таптық шекараны жойған да:
Кім шіріген бай, кім жарлы – айыршы:
Бәлсінбесін! Қара нанға тойған да –
Нәпақасын ала алмаған... қайыршы!

Момындығың сіңіп бітті қаныңа,
Әділ басшы басқарғанның бағы бар:
Қара алтының барда қара наныңа
Сары май мен қара уылдырық жағып ал!

Желкесінен шықты ма екен жегені?
Озбырлықтан опық жеді! Обал-ақ!
Қуылғандар ертең қайтып келеді,
Өйткені бұл жұмыр Жерің – домалақ!

Белгісіз боп тірісі мен өлісі
Өз қандасын сыртқа тепкен – доңыздар!
Біле білсең, бұл қазақтың көбісі –
Сырты бүтін, іші түтін бомждар!

Қайыршыға қамқор болар қайсың бар?
Басқа шықты бұл дүниеқоңыздар!
Бірін қудың. Бәрін қуа алмайсың –
Зар заманның символындай бомждар!

Үйсіз-күйсіз ұмытарсың күлкіні,
Қайыршының арты – жайлы, қайғы – алды:
Көшпенділер ұрпақтары бұл күні
Кезбе менен қаңғыбасқа айналды!

Масқараға қояр ма екен көніге –
Бомж көзіне фәлсафалық тұныпты ой:
Әй, байшыкеш! Аспа! Таспа! Төріңе
Жыртық тон мен тымағыңды іліп қой!

Ол да – адам. Берілмейді төр неге?
Қуып шықты. Таусылған ба бар амал?
Әй, шенділер! Барар алды көрмеге
Айна сынды бомждарға қарап ал!

Кедейлерді түсінер ме бай-дағы?
Адам сүйер шенділердің жоқ ісі!
Біле білсең, бар қоғамды жайлады
Жемқорлық пен жағымпаздық қоқысы!

Қуылса да, үміттерін үзбейді,
Айтып айтпа! Ашып жатыр іш-қарын!
Тамақ емес! Сол қоқыстан іздейді
Әділет пен адамдықтың мысқалын!

Ғажайыбы ғаламшардың, ғасырдың!
Бір көрмемен бар пұшпаққа жетеміз?!
Қаладағы қоқыстарды жасырдың –
Санадағы қоқыстарды нетеміз?!

Жұртым, жаман тоныңдайын жарбидың,
Шенділерің қарамайды артына:
Ат қорасын тазартатын Авгийдің
Бір Геракл керек боп тұр халқыма!

Қой аузынан шөп алмас жұрт тағы бар,
Бай мен бастық басы айналған буың бар.
«Айлық аз!» – деп туристер шағынар,
Дәрігер мен ұстаздарды қуыңдар!

Пұтың сынды табына бер, бас ұр да –
Тек жақсыны көрсетерсің қонаққа:
Астананың ортасынан асырма,
Азып-тозған ауылдарға жолатпа!

Кез боп қалса, меймандарың мұңайтар
Орап таста үлде менен бүлдеге!
Жер туралы, ел туралы шын айтар –
Жақсыларды жауып таста түрмеге!

Кезбесің бе? Кезің келді қиналар,
Жарлыларды жарылқасаң, жөн болар:
Мигранттарда жатыр небір миналар,
Бомждарда жатыр небір бомбалар!

Әй, өкімет! Мына тірлік кімге сын?!
Советтік салт! Сақталыпты сол ызғар:
Ертең сені артқа теуіп жүрмесін
Өзің бүгін сыртқа тепкен бомждар!

Әміржан ҚОСАНОВ
арнайы «Жас Алаш» үшін

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар