1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
22 маусым 2017
ЭКСПО ғимараттары шытынай бастады

КӨРМЕ ӨКІЛІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖЕРГЕ ҚАРАТТЫ
Елдің аузынан жырылып, қалтасынан алынған миллиардтаған долларға салынған ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандары әлден-ақ сыр бере бастады. Ашылғанынан бері он шақты күн өтпей жатып ЭКСПО ғимаратындағы басты сферасының шыны жабындылары шытынай бастаған. Көрменің басты нысаны – «Нұрлы әлем» шарының бетіне шіркеу болып тұрған бұл сызаттарды көрмені тамашалауға барғандардың бірі бейнекамераға түсіріп алып, әлеуметік желіге жүктеп жіберді.
Осыдан кейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов Қазақстан павильоны орналасқан «Нұрлы Әлем» сферасындағы шыны қабатының шытынау оқиғасына байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, шынылардың сыр беріп, жарылғаны рас. Алайда бұл жарықшалардың пайда болуына сол жердегі жұмысшылар кінәлі екен. «Олар техникалық жұмыстар жүргізу барысында арнайы құрылғыларды пайдаланып, шыныны зақымдап алған. Осының салдарынан барлығы бес терезе шытынап тұр. Мердігер компания осы уақытқа дейін шыны жабындыларды ауыстыруы керек болатын. Алайда тасымалдау кезінде жаңа шынылар да зақымданып отыр. Келтірілген шығынды қателікке жол берген мердігер компания өз қалтасынан төлейді», – дейді Куянов мырза.
Жалпы, ЭКСПО аумағындағы оқыс оқиғалар мұнымен бітпейді. Өткен жылдың қараша айында екі павильонның арасын жалғап тұрған металл конструкция опырылып түскен болатын. Ол кезде де салмағы 320 тонналық туннельдің құлауына жобалау кезіндегі қателіктер болды деген қорытынды жасалып, аяғында қарапайым дәнекерлеуші кінәлі болып шыққан болатын.
Көрмеге қатысты хабар-ошарға тікелей жауапты Сергей Куянов шытынаған шынының мәселесін оңай жасырғанымен, әлі күнге дейін әлемдік баспасөз беттерінде «жұлдыз» болып тұр.
Куяновтың бастығы Есімовтен озып, жер-жаһанға күлкіге қалуы Джеймс Палмер есімді америкалық журналистің арқасы. Ол ЭКСПО-2017 көрмесін сынап, Foreign Policy журналына мақала жазған еді. Онда Қазақстан халықаралық көрме өткізіп, елдің абыройын көтеру үшін футуристік қала тұрғызғанымен, сырттан қонақ шақыруды ұмытып кеткенін, яғни Астанадағы ЭКСПО көрмесін тамашалауға келгендер өте аз екенін жазды. «Көпшілік павильондарда қызмет көрсетушілерден басқа ешкім жоқ. Тек Қытай, Германия, АҚШ секілді ірі елдердің павильондарында ондаған адам болды. Көрмедегі үш адамның екеуі бейджик таққан», – дейді журналист. Сондай-ақ ол көрмеге келушілер туралы деректерге де күмән келтіріп: «Мен 2010 жылы Шанхайдағы ЭКСПО-да болған кезімде көрмеге 73 миллион адам келді. Ресми мәліметтер бойынша, Астана ЭКСПО көрмесіне 670 мың билет сатқан, алайда бұл цифрдың шынайылығына күмән бар», – деп жазған болатын.
Артынша «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов Палмердің жазғанын жоққа шығарып, оны өтірікшіге балады. «Палмер деген журналист ЭКСПО көрмесіне тіркелмеген. Ол тіпті Қазақстан шекарасынан да өтпеген. Бәлкім, жұрттан естігенін жазған болар. Немесе оның атынан өзге біреу мақала жазған», – дейді ол.
Қызық болғанда, америкалық журналист баспасөз бен интернетке Қазақстан шекарасынан өткенін растайтын визасы мен ЭКСПО көрмесіне кіргенін растайтын билеттің суретін жүктеп, Сергей Куяновтың өтірігін әшкерелеп берді. Ол Қазақстанда 7-12 маусым аралығында болғанына дәлел ретінде «Хэй, қазақстандық үкімет! Егер мен шекарадан өтпеген болсам, паспорттағы мөр қайдан жүр?» деген жазба қосып, екі бірдей қазақстандық мөр басылған паспортының суретін жария етіп отыр.
Онымен тынбай Джеймс Палмер: «Қош келдіңіздер, менің қазақстандық оқырмандарым! Сіздер өте таңғажайып халықсыздар, керемет елдеріңіз бар, бірақ биліктің кейбір өкілдері ақымақ», – деп ел тұрғындарына арнап арнайы сәлемдеме жолдады. Сөйтіп, көрменің жақсысын асырып, жаманын жасыруы тиіс С.Куянов Палмердің мазағына айналып, Қазақстанды жерге қаратты.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар