1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (16237)   27 маусым, сейсенбі 2017
27 маусым 2017
Түймебаевтың «шыдамы» сегіз айда «таусылды»

Кадрлық ауыс-түйіске келгенде мейлінше сабырлы болып келген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев соңғы күндері басқарма басшыларын жаппай жаңартуға көшті.
Жалпы, жаңа әкім келген бойда команда жасақтауға көшетіні, соңынан бір «қора» кадр әкеліп, жауапты қызметтерді соларға үлестіретіні бұрыннан қалған әдет. Уақтысында облысты басқарған Өмірзақ Шөкеевтің осындай кадрлық сапырылыс жасағанын білеміз. Көшпелі команда әкелудің көкесін, әсіресе, Нұрғали Әшімов көрсетті-ау. Сол көшпелі команданың бел ортасында жүргендердің алды қазір бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталып, жазасын өтеп жатыр.
Өңірді алты жылдан астам басқарған Асқар Мырзахметов те келген бойда кадрларды бас-көз демей ауыстырған еді. Жансейіт Түймебаев мұндай ауыс-түйіске асыққан жоқ.
Облыс басшылығына келгелі бергі сегіз айдың ішінде Ж.Түймебаев сырттан тек бір басқарманың басшысын әкеліп тағайындапты. Астанадан келді демесеңіз, оның түбі оңтүстіктікі. Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіттің сыртқы істер министрлігінде істегеніне қарап көпшілік оны Түймебаевтың кадры деп топшылады. Жаңа басшы уақтысында Жапониядағы Қазақстан елшісінің кеңесшісі қызметін атқарыпты. Жапон тілінің маманы әрі заңгер деген тағы бір дипломы бар. Өндіріс, кәсіпкерлік салаларында біраз жиған-тергені бар. Қазір өнеркәсіпті өркендетудің кілті инвестицияға барып тірелетінін ескерсек, Батырхан Құрмансейіттің бұл салада әжептәуір ысылған, тәжірибесінің бары байқалады.
Облыста басқарма басқаруға тағайындалған басқа кадрлардың бәрі көзтаныстар, осы облыстың қазанында қайнап, ысылған кәнігі кадрлар.
Облыс әкімі Созақ ауданының әкімі болып кеткен Салыхан Полатовтың орнына – құрылыс басқармасының басшылығына Құттыбек Жамашевты әкеліп отырғызды. Жамашев бұл қызметті бұған дейін де атқарған. Әйтеуір, соңғы жылдары механик, тіпті кеденшіге дейін жетекшілік еткен құрылыс басқармасына Ж.Түймебаев істің жөнін білетін маманды әкеліп отырғызды.
Облыс әкімі ротациялау тәртібімен бірден бірнеше басқарманың басшыларын жаңартты. Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Бастар Есқараевты тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы лауазымына ауыстырды. Оның орнына жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева тағайындалды. Әсия Темірбаеваның орнына табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев отырды. Отаршиевтің орнының кімге бұйыратыны әзірге белгісіз.
Есесіне бос тұрған екі басқармаға кімнің басшы болатыны қазірдің өзінде белгілі сияқты. Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметіне жыл басында тағайындалған Берік Дүйсеновтің жуырда конкурстан өтіп, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары лауазымына ұсынылғаны белгілі болған. Аталған басқарманың басшысы Қ.Жамашевтың жаңа қызметтің құлағын ұстағанын жоғарыда айттық. Яғни Дүйсеновтің жылы орнын суытып, ГАСК-іге барғаны бекер емес, алдын ала ойластырылған тірлік болуы әбден мүмкін. Егер бәрі сәтімен келсе, басқарманың тізгінін енді Б.Дүйсеновтің ұстайтыны түсінікті. Ал соңғы мәліметтерге қарағанда, мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметіне уақтысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы қызметтерін атқарған Ерғали Білісбеков келе жатыр. Оның кандидатурасы енді тек облыс әкімі Ж.Түймебаевтың өкім беруін ғана күтіп тұрғанға ұқсайды.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар