1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (16238)   30 маусым, жұма 2017
30 маусым 2017
Депутат болу міндет емес, қызмет ету – міндет

Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбай парламент депутаттары жалақысының көбеюін «бұл билік түрінің моральдық, өнегелік деңгейіне деген күмәнді бұрынғыдан да қүшейте түсетін арсыз әрі жауапсыз акт» деп бағалапты. («Жас Алаш», №29. 2017 ж.)

Ж.Тұяқбайдың бұл сөзі шындық екенін мойындамасқа амал жоқ. Депутаттар халық үшін арып-ашып, жанталасып қызмет етіп жүрсе, қоғамға қажетті сапалы заң шығарып жатса, маңдай терін төгіп, адал еңбегімен тапқан табысына көз тігіп, сөз етпес те едік. Амал не, бүгінгі депутаттарға қарап ішің ашиды. Оларды халық қалаулысы деп атауға аузың бармай қиналасың. Әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуды қос қолдап қолдайтын, неше түрлі салықтарды көбейтуге ұран тастайтын, сырттан келген қандастарымызға салқын қабақ танытатын, арасында «жаңа парламент керек» деп өздігінен тарап кетіп, қайтып келіп алатын, мәжілісті балабақшаға айналдырып, ел экономикасы мен руханиятын дағдарысты күйге түсіргендерді қалай ғана халық қалаулысы дейсің?!
Зейнеткерлікпен қамсыздандыру туралы заң жобасын талқылағанда халық қарсылығына қарамастан, мәжілісшілер қолдап дауыс береді. Ал заң жобасына президент қол қоймай тастайды. Енді мәжілісшілер өз сөздеріне өзі қарсы шығып, «президенттің сыны өте дұрыс», «ұтымды шешім», «біз оның пікірімен толық келісеміз» деп өзгеріп шыға келеді. Бұл депутаттардың екіжүзділігін, оларда адами, моральдық, саяси жауапкершілік қалмағанын көрсетсе керек.
Сосын есеп комитеті 2015 жылы сенат пен мәжіліс депутаттары бюджеттің 3 миллиардқа жуық теңгесін заңсыз жұмсап, мемлекетке қыруар шығын келтіргенін жариялаған еді. Сол есеп бойынша, депутаттар 74 миллион теңгені қызметтік көліктермен оңды-солды қыдыруға шашып тастаған. Ел бюджетін, оның орындалуын қадағалауы тиіс парламенттің өзі осындай былықтар жасап, халықтың ақшасын есепсіз шашып жатса, басқа құзырлы орыннан не жақсылық күтуге болады?
Ел мүддесіне келгенде селт етпейтін депутаттар жалақыларын қысқартуға қатысты сөзге ұлардай шулайды екен. Ал түк істемей жүріп 700 мың теңгедей айлық алуға елден ұялмайды. Негізі, олар үшін 500 мың теңгелік жалақы да аз ақша емес еді ғой. Депутаттар екі қазақтың бірі сияқты пәтер сағалап жүрген жоқ. Зәулім коттежд, қызметтік көлік дайын.
Қазақстан халқының көпшілігі кедейшілікке, қайыршылыққа ұшыраған шақта, ресми базалық әлеуметтік есептер өтірікке белшесінен батқанда, төменгі күнкөріс есебі шынайы өмірден алшақтап кеткенде, ең төменгі айлық көлемі 24 мың теңгеге зорға жеткенде, депутаттардың жалақысын миллионға жуықтатып көбейту, Ж.Тұяқбай айтқандай, «арсыз әрі жауапсыз акт» емес пе?!
Қарапайым халықтың биліктегілерден түңілуі осындай әлеуметтік теңсіздіктен басталады. Ынсап жоқ жерде ұят болмайды. Ел, мемлекет, ұлт деген үлкен ұғымды былай қойып, қара басының қамын ойлағыш депутаттар өзгені түзетіп, елге жақсылық жасай алмайды.

Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ
Саудакент ауылы
Сарысу ауданы Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар