1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (16238)   30 маусым, жұма 2017
30 маусым 2017
Тәнтаңбамен жүруден ұялсақ ет-ті...

«Осынша ақымақсыңдар ма?» деп сұрапты үндістер өз жерлеріне алғаш табан тіреген миссионерлерден. Өздері жабайы санаған жұрттан мұндай сұрақ күтпеген олар «неге?» дейді адырая қарап... Сонда олар «мына біз секілді денелеріңді боямайды екенсіңдер» депті. Ал мұны айтқан эвигуайег тайпасы үшін адам қатарына саналу үшін тәніңе сурет салуың қажет, ол жоқ па, жануар құрлы құның жоқ». (Клод Леви-Строс «Қайғылы тропика»).

ТІРІ «ТАТУ-ГАЛЕРЕЯ»
Тәнтаңба, яғни тату десе бірден көз алдымызға қызыл терілілер елестейді, себебі, расында, ол – соларға тән әдет. Ал оның жаһан жұртына кеңінен таралуына алғаш жол ашқан кім? Ол – әйгілі теңізші, географ, ғалым Джеймс Кук. 1769 жылы саяхаттан оралған ол өзімен бірге Таитиден тек tattoo сөзін ғана емес, денесін тұтас сурет жапқан полинейзий тайпасының өкілі Омаиды ертіп келіп еді. Оны көрген жан адам дегеннен гөрі тірі «тату-галерея» дер еді. Сенсация болды бұл. Адамдардың оған таңғалып, қызыққаны сонша – содан бастап бірде-бір жәрмеңке болмаса цирк ойындары әлгі «түз тағысынсыз» өтпейтін болды. Тіпті XVIII-XIX ғасырларда ағылшын теңізшілері арқасына тұтас сурет салдырып тастайтын болған. Сөйткенде ғана олар өздерін тән жарасынан ғана емес, «жаман айтпай – жақсы жоқ», тіпті кеме апатқа ұшырағанда бірде-бір акуланың тәнтаңбасы бар адамды жеуге жүрегі дауаламайды деп үміттенсе керек. Бұл қызығушылық тек XIX ғасыр соңына таяу жәрмеңкелерге нағыз өнер туындылары келген соң басылды.
Ал енді қызыл терілілердің ар жағында ежелгі Мысыр жатыр. Көне пирамидалардан табылған мумияларды тіпті сурет өнерін осы заманға жеткізу үшін әдейі «сүрлеп сақтаған» ба деп қаласың. Ал олардың жасын айтсақ, ту-у сонау миымыз жетпейтін біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жыл, одан ертерек те болуы ғажап емес. Сәл бертінірек Ұрымда (Рим – авт.) таңба немесе тәнге сурет салу құлдар мен қылмыскерлерді әшкерелеу үшін қолданылған. Алаңғасар Калигулаға бірақ ауқатты адамдардың арасында денесіне сурет салдырғандары ұнаса керек. Тіпті өзі қызық көру үшін кейбір қол астындағы адамдардың денесіне сурет салдырып қарап, содан өзіне ләззат алатын болған деген деректер де бар тарихта.

Таңбалы әйел – «алтынқұрсақ»
Айтпақшы, бізге осы тәнтаңба қалай жеткен деңізші. Зерттеушілерге сенсек, олар Қытай жақты меңзейді. Одан жапон жұрты жұқтырып, сосын бері жылжи бергенге ұқсайды. Жапондардың ішіндегі айну деген тайпа болса керек. Солардың әйелдері бетіне сурет салады екен. Себебі онсыз әлгі әйелдің тұрмыста екенін білу қиын еді. Ерін, бет, қабақтағы өрнектеріне қарап тіпті оның шамамен тұрмыс құрғанына қанша жыл болғанын, қанша баласы барын айырса керек. Тәнтаңбаға қарап әйелдің қаншалықты «туғыш» екендігін білетін жұрт жалғыз бұлар емес, ондайлар көптеп саналған. Тіпті Нукуро аралында тәніне сурет салынбай тұрып, босанған әйелдің баласын туысымен өлтіріп те тастайтын жайттар тарихтан өткен.

АЛАЙДА БҰЛ – БҰРЫН!
Баланың да бұзақы кейбір қылықтарына кешіріммен қараймыз ғой, сол сияқты денеге сурет салу да адамзаттың әлі шала кезіндегі балалығы деп есептей қоялық. Алайда бұл «әлі де сондай деңгейде қала берейік» деген сөз емес. Егер кемел ұлт боламыз десек, өскеніміз, есейгеніміз абзал. Бірақ қазақтардың ішінде де өзіне мақаланың басында айтқан эвигуайег тайпасының көзімен қарайтындар көп сияқты. Жап-жас қыз-жігіттер денеге сурет салдыруды сән санайтыны өтірік емес. Ал оған дем беріп жатқан – телеарналардан үздіксіз берілетін бейнеклиптердегі «жұлдыздар». Денеге сурет салдырудың мәні – бір кездердегі жапон гейшалары ұғымымен сәйкес келетіндей. Себебі сурет салуды олар тәннің ұятты жерлерін жабу үшін пайдаланған. Әдемі өрнектер мен гүлдерді салғанда сурет өнерінің небір әдіс-тәсілдерін қолданғанда, расында, гейшалар одан сайын құлпырып, құмарды қоздыра-тұғын болса керек. Бұл ретте тек бет, алақан мен табан ғана таңбадан таза күйде қалған. Дейтұрғанмен тәнге таңба басу немесе сурет салуды ақтап алатындай, біріншіден, біз жапонның гейшасы немесе ең бастысы, біз пұтқа табынушы емес, мұсылман, оның ішінде қазақпыз. Ал денеге сурет салдыру, турасын айтқанда, мәңгүрттене бастағандығымыздың айқын көрінісі. Себебі не нәрсеге бармас бұрын саналы адам, оның ішінде ата-баба салты мен жөн-жосықты білетін, өзін адам ретінде сыйлайтын жан болса, ол міндетті түрде істің түп-төркінін, ар-ұятқа қайшы жағын ойланады. Ал егер еш ойланбаған, білмеген, бұл тарапта бас қатырып көрмеген жандар үшін біз біраз жайттың сырын ашып беруге тырысайық.

ҚҰЛТАҢБА, ТАЙТАҢБА, ТӘНТАҢБА
А.Плуцер-Сарно деген ғалым өзінің «Язык тела и политика: символика воровских татуировок» атты кітабында «Ұрылардың таңбасы» – бұл бір жағынан, олардың «төлқұжаты» десе болғандай, екіншіден, өздері жайлы айқын «ақпарат», «орден кітапшасы», тіпті көзі тірісінде өздеріне арнап жазып қойған «құлпытас жыры» десе де болғандай. Баукеспелер әлемінде әлеуметтік мәртебе таңба, яғни татуировкаға қарай айқындалады, тәнінде суреті жоқ адамды олар менсінбейді де, өз қатарларынан санамайды да», – деп түйеді. Мұны бір деңіз. Сондай-ақ орта ғасырларда Еуропа ақсүйектері алаяқтарды құрықтаған сәтте енді қайтып оның адамдарды алдамауына жол бермеу үшін денесіне таңба басуды қолға алған. Алаяқ дегенде, оның ішінде қашып кеткен теңізшілерге тырма іспетті, ал жол торушы қарақшыларға мүйіз формасындағы таңба басқан. Кейін ХХ ғасырда осындай жаза қайтадан қолға алынып, өте қауіпті деп табылған қылмыскерлерге таңба басылды. Мәселен, оларға өздері отырған түрменің нөмірі ойып жазылған. Сондай-ақ некелі бола тұра, зинақорлыққа берілген әйелдер де осындай жазадан аман қалмапты.
Шариғат заңына бағынатын мұсылман жұртында тәнтаңба немесе денеге сурет салу – харам. Бұл туралы Алла тағала Құранның «Ниса» сүресінің 58-аятында «Әлбетте, Аллаһ сендерге аманаттарды өз иелеріне тапсыруға бұйырады» десе, сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Денеге сурет салғанға да, салдырғанға да Алла елшісінің лағынеті болсын» деп қатаң ескертеді. Тән де жан секілді аманат екендігін ескерген есті жанға осының өзі жеткілікті емес пе, әйтпесе қасиетті Құран Кәрім мен Пайғамбар хадистерінен бұған қарсы көптеген тыйымды табу қиын емес.

Мәриям ӘБСАТТАР

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар