1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (16245) 27 шілде, бейсенбі 2017
27 шілде 2017
Путиннің бір ұшқаны – көп орыстың арманы

Бізден өзге жұрт президенттерінің жүріс-тұрысын, ішкен-жегенін және жұмсаған шығынын санауға құмар. Келесі жылы қайтадан сайлануға әрекеттеніп жатқан Ресей президенті Владимир Путиннің ел бюджетіне түсірген салмағын біреулер ерінбей жобалап санап, видеотаныстырылым жасап шығыпты. Сондағы дерек бойынша, Путиннің мынау жалған дүниедегі адами қызығушылығының өзіне жылына 15 млрд рубль шығын кетеді екен. Теңгеге шақсақ 75 млрд теңге болады. Дүниенің ақшасы. Сонда Ресей президенті күніне 41 млн рубльдің басына су құяды. Ал айында 1,23 млрд рубль қазына қаржысы президенттің көңілі қалаған дүниесіне жұмсалады. 1,23 млрд рубль дегеніңіз – Ресейдегі 158 000 ең төменгі жалақыға тең. Теріскейдегі көршімізде ең төменгі жалақы – 7800 рубль. Путекеңе көп нәрсе тегін, негізі. Бірақ сол тегін дүниенің өзі қарапайым орыс адамына қол жетпес арман. Мәселен, түрлі ұшақтарды өзі «тізгіндеп» әуелей ұшқанды жаны сүйетін Путиннің мінбеген ұшағы қалмаған. Айталық, Ресейде әскери жойғыш ұшақ мініп, аспанға көтеріліп-түсу – 850 мың рубль. Бұл ақшаны 7800 рубль айлық алатын орыс мұжығы ішпей-жемей тоғыз жыл жинайды. Президент болса көңілі шапқан кезде әскери ұшақты мініп, ұшып кете береді. Путин ұшуды ғана емес, көлдер мен теңіздердің тереңіне түскенді де айрықша ұнатады. Байкал мен Қара теңіздің тұңғиығына түсіп, су астын тамашалағаны да сол қызығушылығының әсері болса керек. Ал мұндайға әуестену қыруар қаржыны талап етеді. Мысалы, Ресейде көлдің я теңіздің табанына бір түсіп шығу –1,8 млн рубль. Мұндай ақшаны ең аз жалақыға жұмыс істейтін ресейлік 19 жыл бойы тірнектеп жинаса ғана Қара теңіздің табанын бір көріп «уһ» дейді. Осы есеп-қисапты құрап шыққан еріктілер президенттің бұл еркеліктерінің бәрі ел бюджетінен төленетінін айтады. Путиннің еркелігін көтеріп, оның жолында миллиардап ақша шашып отырған ресейліктердің аянышты кейіптерін ойлағанда әскери ұшақпен ұшпайтын, теңіз түбіне түспейтін, дыбыстан жылдам көлік тізгініне жабыспайтын, жеті қат аспанда қалықтап құлдилауды білмейтін президенттерге айналайын дегің-ақ келеді. Бірақ тағына жабысып қалған, орнынан өлсе де қозғалмайтындардың да бір «но»-сы көп қой...
 

Таңатар ТАҒАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті