1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
22 тамыз 2017
Қарағандының қазақшасы Қошановқа қарап тұр

Қазан қаласынан қонаққа келген бір досым «Қазақстанда емес, Ресейде жүрген сияқтымын» деген еді. Біз еріксіз жерге қарадық. Қазыбек би мен Бұқар жыраудан бастап, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов сияқты Алаш арыстарының кіндік қаны тамған қасиетті Сарыарқаның төріндегі Қарағандыда көшелердің жартысынан көбі әлі күнге дейін орысша аталып тұрса, жерге қарамағанда қайда қараймыз?

Рас, бұл қалада елге еңбегі сіңген тұлғалардың құрметіне аталған көшелер бар. Дегенмен еш мағынасы, тарихи маңызы жоқ көше атаулары әлі толып жатыр. Мәселен, «Зональная», «Кирпичная», «Каретная», «Маховая», «Сторожевая», «Ударная», «Бензинная», «Насыпная», «Складская», «Отвальная», «Лескова», «Моторная», «Кочегарка», «Звездная», «Революционная», «Хрустальная», тізе берсек таусылмайды. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ресми мәліметі бойынша, осындай идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулардың облыс бойынша үлесі 35 пайыз. Ал мемлекет құраушы ұлтқа қатысы шамалы кісі аттарын қоссаңыз, бұл үлес екі есеге артады.
Елді мекендер мен құрамдас бөліктерін қайта атауға 2008-2013 жылдар аралығына мораторий жарияланғаны белгілі. Себебі әркімдер көшелер мен елді мекендерге өз әкелері мен туыстарының аттарын тықпалаған жағдайлар етек жайып кеткен еді. Мораторийдің күші тоқтаған 2014 жылдан бастап елді мекендер мен құрамдас бөліктерін қайта атау ісі қайта жанданды. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен облыс әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссия Қарағанды қаласындағы біраз көшені қайта атау туралы шешім қабылдады. Алайда Үкіметтің 2014 жылдың 24 ақпанындағы №138 әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне қайта атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы қаулысы бойынша жергілікті халықтың пікірімен санасуға тура келді.
Қарағанды көпұлтты қала болғандықтан, түгел қазақшаландыру саяси қате болады деген пайым жасалды. Сондықтан жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырмау үшін өте сауатты – «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» жұмыс істеуге мәжбүрміз.
Тағы бір айта кететін мәселе, жеке кәсіпкерлердің жарнамаларындағы қазақша жазулардағы қателіктер. Президент жарлығы бойынша жеке кәсіп субъектілерінің кәсібіне кедергі жасамау керектігіне арқа сүйеген олар тіптен бассыз қадамдарға баратын болған.
«Мемлекеттік тілге немқұрайдылық үдеп бара жатқан соң, баспасөз өкілдерінің көмегімен жарнамалар мәтініндегі қателіктерді дұрыстап жатырмыз. Ал көше атауларына келсек, оларды ұлттық идеологиямызға сай қайта атауға талпынып келеміз. Мәселен, жергілікті әкімдікке Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхановтың есімімен атауға ұсыныс жасалды. Ұсынысты қолдағанымызбен, оны заң негізінде іске асыру құзыреті жергілікті биліктің қолында», – дейді Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ономастика, сараптама және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің басшысы Айбек Сүлейменов.
Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма жұмысын тиісінше атқарып отыр деген күннің өзінде, олардың істерінде көз қуантарлық нәтиже жоқ. Себебі бұл басқарманың бастамаларын әкімдіктің қолдап отырған сыңайы байқалмайды. Мәселен, 2016 жылдың 25 қыркүйегінде ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы өтіп жатқанда қала әкімі Н.Әбдібеков «Қарағанды қаласы Октябрь ауданының атауы Әлихан Бөкейханов атына ауыстырылады» деп мәлімдеді. Дүйім жұрттың алдында айтқан сол сөзі құрғақ уәде болып қалғандай. Сол кезде Қарағандыдағы «Сарыарқа» пікірталас клубының мүшесі Юрий Мирзоев «Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібековтің Ә.Бөкейхановтың атын Октябрь ауданына беру туралы ұсынысына қарсымын» деп байбалам салды. Ұлтаралық кикілжің тудырудан аулақпыз, бірақ өз шаңырағымызда отырып әлдебір жекелеген біреулердің бос айқайынан неге тайсалуымыз керек? Көше, аудан емес, бір қаланың атын беруге лайық тарихи тұлғаны, ұлт көсемін жоққа шығаратын, Қазақстанда уақытша «квартиранттар» сияқты өмір сүргісі келетіндерге «тәйт» дейтін адам жоқ па!? Әкімдердің, ел ағаларының айтқан сөзі жерде қала беретін болса, әлдекімдердің әңгүдік әңгімесінен қаймығатын болсақ, егемендігіміздің құны қанша? «Атауларды өзгерткенде жергілікті халықпен санасу керек» деген жарты ауыз сөз жаңағы Мирзоев сияқтыларға жақсы желеу болды.
Негізі, алдымен жергілікті халықтың, өз ұлтымыздың қазақылануға деген шын ықылас-пейілі болуы керек.
Қарағанды уәдешіл әкімдердің талайын көрді. 2011 жылы дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарағанды қаласында шайырға арнап ескерткіш тұрғызылды. Ашылу салтанатында сол кездегі облыс әкімі Серік Ахметов ақын ескерткіші орналасқан Кривогуз көшесінің атауы Қасым атына ауыстырылады деген еді. Сол сөзі елдегі барлық баспасөзде жарияланды. Алайда мораторий шығып, бұл мәселе кейінге қалдырылды. Әкім ауысқан мерейтой кезінде айтылған уәде құр сөз болып қалды. Сонда Қасым мерейтойдың ақыны ғана болғаны ма? Әкімдіктің айтуынша, Қарағандыда Қасым атындағы көше бар. Алайда ол қаланың біз анық біле қоймайтын әлдебір қуысында екен. Бұған не айтуға болады? Бізге сабақ болар, Қарағанды қаласындағы кәріс мәдени орталығының белсенділері өткен ғасырдың белгілі әншісі Виктор Цойға арнап ескерткіш орнатып және сол ескерткіштің жанынан гүлзар ашпақ. Бұл туралы «Новый Вестник» газеті өз сайтында 2017 жылдың 28 ақпанында мақала жариялады. Қазақ өзінің ұлт көсеміне ескерткіш орнатпақ түгіл, көше атауын бере алмай жүргенде өзгелер Цойға ескерткіш қойып, айналасын ел қызығар орынға айналдырмақ.
Қаланың қақ ортасында вокзал маңындағы зәулім үйдің төбесінде тұрған «Караганде образцовый порядок, высокую культуру» деген жазу кеңес заманынан бар. Жаман сөз болмаса да, соны не қазақшалап, не мүлде алып тастайтын уақыт баяғыда болған. Нұркен Әбдіров даңғылындағы биік үйлердің үстіндегі «1000 мелочей», «Мечта», «Юбилейный» деген алып жазулар да өткен ғасырдың 80-жылдарынан бері тұр. «Ол біздің құзырымызда емес, қаланы абаттандыру мәселелері бойынша қала әкімдігіне қарасты», – дейді Айбек Сүлейменов.
Қарағанды қаласындағы мемлекеттік тілдің жайы осы. Жақсы бастамалар жоқ емес, бірақ соны қолдау аз. Көлеңкесінен қорқып, көлденең көк аттылардың сөзінен үркетіндер көп. Облыс басшылығына жаңа келген Ерлан Қошанов президенттің рухани жаңғыру бағдарламасын орындағанда Қарағандыны қазақыландыруға білек сыбана кірісе ме, әлде бірді-екілі «квартиранттардың» бос сөзінен үркіп тыныш отыра ма?

Ерзат ЕРМАҒАМБЕТОВ
Қарағанды облысы

УКРАИНА ЛЕНИНДІ ҚҰЛАТЫП БІТТІ
Киев Совет Одағынан қалған таңбаларды түгелдей тазалап бітті. Украина ұлттық жады институтының директоры Владимир Вятрович елдегі Ленин ескерткіштерінің барлығы құлатылып біткенін хабарлады. Бұл елде 2015 жылы совет және нацистік символикаға тыйым салу заңы қабылданған еді. Содан бері 2389 (оның 1320-сы Лениндікі) ескерткіш құлатылған. Сондай-ақ екі жылдан бері Совет өкіметі мен қызыл партия, қызыл әскер құрметіне қойылған мыңға жуық елді мекен мен 32 қаланың аты өзгертіліп, 52 мыңнан астам көшенің атауы ауыстырылған.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (5)
А | 22 тамыз 2017 14:59
Қарағандының вокзалының тілі өмір бойы дұрыс қазақша сөйлемейді,қақалып шашалып акцентпен қазақшаны тезірек құтылсам болды деп қалай болса солай оқыйды да,орекеңдер тілінде көөөсіліп қатесіз сөйлейді.мысалы осы айдың 19-шы жұлдызы мен сол вокзалдан поезға отырдым.Құлайғырды Калагир деп көсіліп отыр,таблоға əйтеуір айқай шумен елді мекен аттарын қазақша жаздыруға мəжбүрлеп едік.бірақ көн тартса қалыпына барады деп айтылуын баяғыша "айтып"отыр.бұған кім кінəлі?қазақ азаматтары өзіміз кінəліміз.тал
А | 23 тамыз 2017 14:18
талап етуді білмейміз. қазақша дұрыс айтып жаз деп.
DDD | 29 тамыз 2017 13:14
Ермагамбетов из области - ты называй улицы там где живёшь = в своём ауле! То что смогли твои отцы и деды построить то и называй!!! Чё ты в Караганду приехал порядки тут свои наводить? Караганду строили репрессированные, невыездные, работая по 18 часов за лагерную пайку! Ты палец о палец ударил, чтобы сейчас менять названия улиц вымощенных потом и кровью, а зачастую и костями???
DDD | 29 тамыз 2017 13:18
Каждое переименование отражается на жителях данных улиц в несколько походов в ЦОН, и уплату более десятка тысяч тенге!!! И согласно НЕРАБОТАЮЩЕГО закона. государство на себя эти расходы не берёт! Этот ермагамбетов не из Караганды, оплатит порядка полумиллиона тенге налогов и ещё минимум полмиллиона за помогайку и доверенность (с каких я из-за такого умника должен ноги бить и пол дня в ЦОНе жить?)???
DDD | 29 тамыз 2017 13:32
Город появился ТОЛЬКО благодаря СССР, строили его как политзаключённые, так и зэки и военнопленные, развивался он благодаря угольной отрасли (отсюда название улицы "Отвальная" например) и вся эта история должна быть отражена в названиях улиц города и в его историческом облике!!! Как назвал Ауэзов тех кто забыл свою историю? - МАНКУРТАМИ, те кто её вычищают и подменяют - они и есть!!!Решение о переименовании должны принимать жители, а не какая то ономастическая комиссия, за взятки, раздувая сказк
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар