1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16257) 7 қыркүйек, бейсенбі 2017
7 қыркүйек 2017
Айсұлтан нашақорлықтан айығыпты

Президент Н.Назарбаевтың жиен немересі, Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы Айсұлтан Назарбаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында ашылып сайрап, жеке басында болған шетін бір жағдайды жұртқа баяндапты. Айсұлтан атасы – Мұхтар Әлиев пен әкесі – Рахат Әлиев дүние салғанда ауыр күйзеліске ұшыраған екен. Жас жігітке жақындарынан айырылу, әрине, оңай емес. Оны кім-кім де түсінер.
«Тағдырым маған бірден екі ауыр сынақты бастан кешіруді жазды. Атам, академик Мұхтар Әлиевтің өмірден озғанына бір жарым ай толар-толмастан Австрия түрмесінде әкем Рахат Әлиев асылып өлді. Бұл маған ауыр соққы болды. Мен дәл сол сәтте жаныма маза бермеген осындай ауыр қайғыны ұмыту үшін бәрін жасауға дайын болдым. Отбасым қолдау көрсетуге тырысты. Әсіресе атам Нұрсұлтан Назарбаев ерекше қолдады.
Президент күндіз 17 миллион адамның проблемасымен бас қатырса, кешке немересіне көңіл бөлді. Сол кезде оның мен үшін қанша күшін, денсаулығын, қуатын жұмсағанын толықтай түсінбегенмін. Сондықтан болар, есірткіден жұбаныш тауып, әлсіздік таныттым». Осылайша нағашы атасы
Н.Назарбаевтың арқасында Айсұлтан есірткіге тәуелділіктен құтылып, айыққан. Оның ендігі мақсаты – нашақорлықпен күресу.
«Тек қана сөзбен емес, іспен әрекет еткім келеді. Осы тұрғыда ойым көп, нашақорлықпен күрес жөніндегі қайырымдылық қор ашылып жатыр. Қазір шын мәнінде тиімді жұмыс істей алатын тәжірибелі мамандарды іздеп жатырмыз. Бұл дертке шалдыққандардың әрбіріне көмектескім келеді. Себебі оларды жақсы түсінемін», – деп жазады Айсұлтан Назарбаев.
Әрине, өмір болған соң қайғы-қуаныш қатар жүреді. Өмірдегі кейбір жағдайлар адам санасында өшпейтін із қалдырады. Ал ол ізді өшіру немесе есірткіге тәуелділіктен емделгендей емделіп, айығып кету әсте мүмкін емес. Осы тұрғыдан келгенде Айсұлтан Назарбаевтың бұлайша ашылып сайрауына не түрткі болғаны белгісіз.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Жекен | 7 қыркүйек 2017 15:24
Сонда бізді осындай нашақорлар билеп келе ме?! Жетіскен екенбіз!
Айдана | 8 қыркүйек 2017 12:54
Шындықты айтқаны үшін рақмет.
Асан- мұңлы | 9 қыркүйек 2017 11:09
біреулер Айсүлтанды өте бақытты деп ойлайтын болар. шын мәнінде оның орнына өзіңді қойып ойласаң, біраз жәйіттерді түсіне бастайтының анық. жастарымыздың бәрі жаксы болсын, бәрі бақытты болсын.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар