1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (16266) 10 қазан, сейсенбі 2017
10 қазан 2017
Латынның кезекті нұсқасы

Осы аптаның басында президентке латын графикасына арналған қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартының жобасы таныстырылды. «Қазір қоғамда қазақ тілінің жаңа әліпбиінің мәселесі қызу талқыланып жатыр. Оған көп адамдар қатысты. Латын графикасына өту идеясы еліміз сонау тәуелсіздік алған кезеңде туған. Қазақ жазуын латынға ауыстыру қашанда менің айрықша бақылауымда болды», – деді президент.
Жаңа әліпбиде бір әріп – бір таңба ережесі сақталған сияқты. Билік көпшіліктің пікірімен санаса келе, даулы болған сегіз әріптің төбесіне үтір қоюмен құтылған сыңайлы. Латынға көшу мәселесіне қатысты президент әкімшілігіне 300-ден аса ұсыныс түсіпті.
Дегенмен де қоғамды қатты алаңдатқан латын әліпбиі дауына осымен нүкте қойыла ма?
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (6)
Saltanat | 10 қазан 2017 20:31
Казакстаннын 2025 жылга дейын латын алипбиыне кошуы бул- улт ретиндеги болмысымыз бен дамуымыз ушин оте онды бастама.Латын алипбиыне ауыссак, биз багзы заманнан келе жаткан тупкы тамырымыз- Туркы алемине бир кадам жакындай тусеримиз хак!!!
Назира | 10 қазан 2017 22:03
Латын қаріпіне көшуге қатысты ұсынылып отырған осы "әліпби" өте оңтайлы деп есептеймін. Өйткені жаңа әліпбиде бір әріп бір таңба ережесі сақталған.
Мен казакпын | 11 қазан 2017 10:21
Утірді азайту керек шыгар! Сосын ч аріпін алып тастау керек! Тагы да карап кору керек деймін асыкпайык.
Қызылордалық Балталы Төлеген | 11 қазан 2017 14:04
Нүкте қойылуы үшін,алфавитті жасауға"ағылшындық үлгі"дей бермей,"бір әріп,бір дыбыс"(ары кетсе екі әріп.Мыс.ш-сh)тәртібі болуы керек.Оқымыстылар"фонетикалық,дыбыс үндестігі тағы бірдеңе"деп адам түсінбейтін дәлелдемелер келтіреді.Онан да ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 9 әріп өзгеріссіз қалсын.Ц,ю,я сияқты әріптер тырнақшалармен белгіленсін.Мысалы.Аstana,Tөlegen,іchkі,baru,kelu,Alatau,Қaratau,өrmek т.с.с.Ц,я,ю,э әріптерін(циркуль,аю,яксарт)"тырнақша"әріптермен жазуға болады.
Ерсін | 12 қазан 2017 08:01
Ф әрпін РН, ш әрпін - Sh, ғ әрпін Ff . ч әрпін Ch беруге болады ғой. Шынында дифтонг қолдану керек сияқты. Әйтпесе үтір көбейіп кетті.
жасулан | 12 қазан 2017 12:18
заман бір орында тұрмайды, тілге де жаңа сөздер, терминдер кіріп отырады, сондықтан э, ь, ъ, ю, я, ц сияқты әріптер міндетті түрде керек деп ойлаймын, медицина мен техника саласында қолданылатын көптеген терминдер бар, латын әліпбиіне көшеді екенбіз деп балтамен шорт шауып 9 әріпті алып тастаған артықтау шығар.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті