1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (15446) 17 қараша, сейсенбі 2009
17 қараша 2009
«Үш қоңыр» сергелдеңi

КӘСIПКЕРЛЕР АҚШАСЫН БОЛАТ НАЗАРБАЕВТАН СОТ АРҚЫЛЫ ҚАЙТАРЫП АЛУДА

“Үш қоңыр” фирмасын тоғыз адам сотқа бердi. “Свобода Слова” басылымы таратқан ақпаратқа қарағанда, олар бұдан екi жыл бұрын осы фирмамен аттас автобекет аумағына ондаған дүңгiршек сатып алған болатын. Қазiр автобекет жұмыс iстеп тұрған жоқ, жан адам аяқ баспайды. Дүңгершек иелерi болса, оттай күйiп, ақшаларын қайтарып ала алмай жүр. Кейбiр бейресми деректерге қарағанда, “Үш қоңыр” автобекетi ел президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың iнiсi Болат Назарбаевқа қарасты BN Invest холдингiне тиесiлi.
Екi жыл бұрын Тұрархан Кенжеғұлова салынып жатқан автобекет аумағында дүңгiршек сатылып жат­қанын таныстарынан естидi. Кiреберiсте “Автобекет 2009 жылы 1 тамызда ашылады” деп бадырайтып жазылған жарнамасын да көредi. Болашағы бар деп ойлап, Тұрархан әрқайсысы 23 000 АҚШ доллары болатын 9 дүңгiр­шек сатып алады. Барлығы 207 000 АҚШ долларын төлейдi. “Автобекет Үш қоңыр” ЖШС басшылығы, яғни директордың орынбасары Зәуре Өтешева “Сайран” автобекетiнiң жабылатынын, барлық халықаралық автобустардың “Үш қоңыр” арқылы жүретiнiн” айтады. Авто­бекеттiң салтанатты түрде ашылатыны, оған қала әкiмi қатысатыны және лентаны басқа емес, Болат Назарбаевтың өзi кесетiнi туралы сөз таратылады.
Жалпы құны 800 000 АҚШ доллары болатын 44 дүңгiршек сатыл­ған. Дүңгiршек иелерiне ЖШС-ның мөрi басылған дүңгiршектiң құжаты мен BN Invest-тiң қолхаты қоса берiлген. Автобекет ашыла салысымен келiсiмшарт рәсiмдеу­ге уәделеседi. Әртүрлi себептермен автобекеттiң ашылуы 2008 жылдың қараша айына дейiн созылады. Сосын дүңгiршек иелерiне жөндеу жұмыстарын жүргiзу тапсырылады.
Ақыры, көптен күткен ашылу да өтедi. Бiрақ, онысы бұрын уәде етiлгендей салтанатты түрде өтпеген. Алматы – Бiшкек тас жолында жол полициясы қызметкерлерi халықаралық автобустарды тоқтатып, көлiктiң құжаттарын тартып алып, “Үш қоңырға” қарай сүйрелей жөнеледi. Жүргiзушiлер наразылық көрсеткенiмен, ашық қарсылық танытуға жүректерi дауаламайды. Ешкiмнiң “Үш қоңырға” бар­ғысы келмедi, жолаушылар жоқ болғасын автобустар бос қайтып жатты.
Осы әуре-сарсаң кезiнде “Сайран” автобекетi 6 миллион теңге шығынға ұшыраған. Тасымалдаушы-компаниялар прокуратура мен әкiмшiлiктерге шағым түсiре бастаған. Бұған баспасөз де назар аударды. “Жас Алашта” да бiр­неше мақала шықты. Дүрбелең бiр аптаға созылды. Жергiлiктi билiк бұл дау-дамайға араласқан жоқ. Бiрақ, кенеттен бiрден тына қалды. “Үш қоңыр” жөнделедi» деген сылтаумен жабылды.
Дүңгiршек иелерi басшылық тарапынан бiр жыл бойы мардымды жауап алмай әбiгерге түстi. Көпшiлiгi ақшаларын қайтарып берудi талап еттi. Автобекет басшылары да жиi ауысып жатты. Сосын “Автобекет Үш қоңыр” ЖШС директоры Серiк Керiмбеков “күтпеген жағымсыз тосын жайтқа тап болғанын, негiзгi жұмыстың жүзеге аспай жатқанын, инвестициялық бағдарламаның орындалмағанын, бiрқатар заңбұзушылықтар бар екенiн” айтып, жазбаша түрде жауап берген. Өзiнен бұрын­ғы әрiптестерiнiң әрекетiн “түсiнiк­сiз” деп атап, заңбұзушылық көрсетiлген құжаттарды құзырлы орындарға тапсыруға уәде еткен. Соңында әлемдiк қаржылық дағдарысқа байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жандандыруды жоспарламағандықтарын хабарлаған.
Қарасай аудандық әкiмшiлiгi автобекеттiң арнайы стандарттар­ға сәйкес келмейтiндiктен жұмыс iстей алмайтынын айтқан. Ашынған кәсiпкерлер BN Invest офисiне Болат Назарбаевтың өзiне барған. Болат Назарбаев болса, өзiнiң хатшысы арқылы “барлық сұрақтарды “Автобекет Үш қоңыр” ЖШС басшыларына қойыңдар” деп шығарып салған.
Бiраз уақыт өткен соң автобекет орнына жемiс-жидек базары ашылатыны белгiлi болады. Кәсiпкерлерге осыған сәйкес қайта рәсiмдеу үшiн құжаттарын қайтаруды талап еткен. Наразы кәсiпкерлер ақшасын қайтаруды талап етiп, құжаттарын қайтармаған. Бұған жауап ретiнде автобекет басшылығы дүңгiршек иелерiн “Үш қоңыр” аумағына кiргiзбей қойған. Бiр жыл әуреге түскен кәсiпкерлер соңында ЖШС басшылығын сотқа бердi. Алғашқы сот тыңдалымы 17 қараша күнi Қарасай ауданында белгiленген.
Таңғаларлығы, бiр жәбiрленушi аудандық сотта Болат Назарбаевтың баласы Нұрбол Назарбаевты ұтып шығыпты. Нұрбол Назарбаев сот шешiмiне қанағаттанбай облыс­тық сотқа жүгiнбекшi екен.
Болат Назарбаевтың қызметi жайында ресми ақпарат көздерiн­де ешқандай дерек жоқ. Алматы ауыр мәшине жасау зауытында шыққан дау-дамай кезiнде оның аты аталған болатын. Белсендi жұмысшылар зауыт акционер­лерiнiң бiрi Болат Назарбаев екенiн атап көрсеткен-дi. Былтыр ақпан айында жылжымайтын мүлiк сату жөнiндегi шетелдiк сайттар Болат Назарбаевтың мектеп жасындағы бiр баласына Нью-Йорктен құны 20 миллион доллар тұратын пәтер сатып алғанын жазған-ды. Пәтердiң көлемi – 360 шаршы метр.
Кейбiр ақпарат көздерiнiң деректерiне қарағанда, Болат Назарбаев – iрi кәсiпорындардың       (соның iшiнде мұнай-газы бар) иесi.
Ш.Жарқымбек.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар