1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Назарбаевқа «ұлт көшбасшысы» мәртебесiн берiп, қылмыстық жауапкершiлiктен босатып, мүлкiне кепiлдiк беру керек» дейдi депутаттар. Неге?
Билiкке бiр тықырдың таянғаны (55.5%)
Жармақтардың жарысы шегiне жеткенi (33%)
Әлдекiмдердiң мазағы бұл (4.7%)
Бiр ұлтқа бiр көшбасшы керек қой (6.8%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №07 (15465) 26 қаңтар, сейсенбі 2010
26 қаңтар 2010
Қазақты қазақ шоқындыра бастады

ШОҚЫНҒАН ҚАЗАҚҚА ҰЛТТЫҢ ҚҰНЫ КӨК ТИЫН

Көпшiлiктiң айтуынша қазiргi таңда шоқынған қазақтың саны жарты миллионнан асады. Бөгде елден келген миссио­нерлердi былай қойып, қазақты қазақ шоқындыра бастаған.
 
«ИЕҺОВА КУӘГЕРЛЕРIМЕН ТIЛДЕСУ»
Мектептегi оқушылар мемле­кеттiк әнұранды орындамай, бозбалалар әскери борышын орындаудан бас тартады. Ата-аналар болса туған баласы жан тапсырып жатса да оған қан беруден үзiлдi-кесiлдi қашып, басқа адамның қанын құюға мүм­кiндiк бермейдi. Мемлекет, заң, шекара, ұлт атаулыны мүлде мойындамайды. Яғни, оларға тiл мен ұлттың құны көк тиын. Мұны оқыған ұлтжанды ағайын: «Ұлттан безген бұл қандай көксоққандар?» дерi анық. Сонда әлгi ағайынға: «Олар да қазақтың қара домалақтары», – деп жауап беру қандай қиын?! Бiрақ, бұл қазiргi қазақ қоғамының ащы шындығы. «Иеһова куәгерле­рiнiң» қатарына қосылған қазақ баласының тiрлiгi. Өткен жылдың соңында олардың «Достық» спорт кешенiн жалдап, үш мың шоқынған қазақты жинап конгресс өткiзгенi жөнiнде естiп шошыған едiк. «Әшейiнде алаңға бес адам жинала қалса сауыт-сайманын сайлап, жетiп келетiн прокуратура қайда қарап қалды? Заң бойынша олар ғибадаттарын арнаулы тiркеулi орындарда ғана өткiзуге құқылы емес пе? «Көрмес түйенi де көрмес» дегендей, айдың-күннiң аманында Алматының қақ ортасына үш мың қазақты жинап шоқындырып, онысымен қоса заң бұзып жатқан иеһовалықтарды олар қалай көрмей қалды?» - деп ол жиын төңiре­гiнде бiраз даурыққан едiк. Сөйтсек, «Достыққа» жиналған үш мыңы тек дiни ұйымның аса белсендi «қаймақтары» екен. Менiң жаңа танысқан иеһовалық «досымның» айтуынша олардың қазiргi саны қырық мыңнан асып жығылады. «Жаңа дү­ние», «Мұрагер», «Достық», «Медеу» сынды кiл шоқынған қазақтардан тұратын ондаған бiрлес­тiктерi бар. Олар оны қауым деп атайды. Қауымның құрамында 120-150-ге жуық адам болады. Қауым 20-25 адамнан тұратын 6-7 топтардан құралады. Ол топтар әр жексенбi сайын жиналып, құдайға құлшылық етедi. Онымен қоса өздерiнiң санын арттыру жөнiнде ойларымен бөлiсiп, жоспар жасайды. Сол топтардың бiрiнiң жиынында болған мен иеһовалықтардың Орта Азияны Қазақстан арқылы шоқындыру мақсатын естiп, бойымды үрей биледi. Әрине, олар бұл ойын дәл мен айтқандай жеткiзе қойған жоқ. Десек те, олардың сөздерiнен арам пиғылдарын ажырату қиын емес едi. Осының бәрiн қазақтардың аузынан есту бәрiнен де ауыр тиедi екен. Осылайша «шоқынған достарымның» құдайға құлшылық ету рәсiмi, «қайтсек қазақты, қазақ арқылы Орта Азияны шоқындырамыз» атты тақырыптағы талқылауға ұласып кеттi. Қызу пiкiрталаста жиын­ның арнайы қонағы, бұл дiндi таратуға Алманиядан келген алғашқы миссионер­лердiң бiрi болып есептелетiн немiс жiгiтi сөз алды. Ол: «Иеһова қазақстандықтарды жақсы көредi. Қазақша бiлетiндерге қазақша, бас­қаларға бiлетiн тiлiн­де уағыздаңдар. Қазақ қа­зақша бiлмесе, орысша уа­ғыз­даңдар. Маңыздысы — бiзге бауырлас болу. Бiз қазақша сөйлейтiн адамдарды iздеймiз», – деп негiзгi мақсатын айтты. Бұл қазiргi таңдағы Иеһова куәгерлерi­нiң қалың қазақ арасына кiруге әрекет етiп жатқандығының алғашқы белгiсi. Олар сол үшiн қазақша уағыз жүргiзе­тiн куәгерлердi көбейтуде екен. Өздерi де жаппай қазақша үйренуде.       Жиыннан түсiнгенiм – орыс қауымындағы қазақшаға бейiмi бар қазақ және басқа ұлт өкiл­дерiн жаппай қазақ қауымына ауыс­тыру жұмыстары қолға алынған. Иеһовалықтар қазiрдiң өзiнде уағыздарын ауылды жерде жүргiзе бастады. Асты-үстiне түсiп, жылмыңдап, жымысқы майда күлкiсiмен күлiмсiреп жетiп барған иеһоваларды «айналайын, түстерi жылы балалар екен» деп ауылдың аңқау қазақтары қабылдап жатыр. Олардың кiмдер екенiн, қандай мақсатпен жүргендерiн ауыл адамдары түсiнiп жатқан жоқ. Кейбiр тұрмысы төмендерге азын-аулақ тиын-тебен берiп қойса, соған мәз. «Аңқау елге арамза молда» дегенiң осы емес пе? Оларға қой дейтiн билiктiң түрi анау. Үш жылда бiр әлемнiң барлық дiн бiткенiне елiмiздiң есiгiн айқара ашып, Астана төрiне шығарып қойды. Ұлт болашағын ойлаған басшы осылай жасар ма едi? Әрине, жоқ. Иеһовалықтар туралы мәлi­меттердi ақтарып отырып, олардың үгiт-насихат жүргi­зуiне тыйым салған елдерге көзiм түстi. Олардың iшiнде бiздiң ең жақын көршiлерiмiз – Өзбекстан, Түркменстан, Қытай елдерi бар.
Олардың заңы бойынша бiрде-бiр иоһовалық бiздегiдей талтаңдап, емiн-еркiн насихат жүргiзе алмайды. Ұлтқа, мемлекетке қарсы, шекараны мойындамайтын аталмыш дiнге көршi елдерде орын жоқ. Себебi, Иеһовалықтардан келетiн қауiп-қатердi олар жақсы түсiнедi. Төмен­дегi статистикаға назар ау­дарсаңыз сiздiң де түсiнбес­ке амалыңыз қалмайды.
Иеһовалықтар дүниежүзiнiң 200 тiлiнде 27 миллион данамен 30 беттiк журнал шығарып, 230 елде үгiт жүргiзедi. Нью-Йорктегi «Күзет мұнарасы» қоғамының «Бруклин» баспаханасында 3 мың адам жұмыс iстейдi. Баспаханаларында айына бiр тiлде үлкендi-кiшiлi 60 мың кiтап және әлемнiң 120 тiлiнде 30 мил­лиондай кiтап шығарады. Соңғы 70 жылда 11 миллиард дана кiтап шығарған. Осылардың бәрiн тарату үшiн 2 миллион адам жұмыс iстейтiн «Эймак» тарату желiсi тағы бар. Соңғы 70 жылда 11 миллиард дана кiтап шығарыпты. Баспаханалары 540 килограмдық рулонды 32 минутта өңдейдi. Бiр күнде 160 рулон басады. Яғни, бiр күнде өн­дiрiлетiн қағаздың ұзындығы – 1600 шақырым, демек, 61 миллион бет кiтап деген сөз екен. Кiтап­тардың сыртқы қабының әсем, көркем, сапалы болуына көңiл бөледi. Кейбiр кiтап­тарының сыртын алтындап, кейбiрiн терiмен қаптап шығарады. Сондай-ақ олар зағиптарға да арнап кiтап шығарады. Әрi дүниежүзiнiң барлық қарiптерi бар. 446 беттен тұратын «Тарихтағы ең ұлы адам» деген кiтапта: «Бұл кiтап 111 тiлде басылып шыққан. Жалпы таралымы — 36 479 000 дана» деп жазылған.
 Келесi 192 беттен тұратын «Мәңгiлiк өмiрге алып баратын бiлiм» деген кiтабында: «Бүл кiтап 161 тiлде шыққан. Жалпы таралымы — 93 508 000 дана» деп жазылыпты. Ал 32 беттен тұратын «Құдай бiзден ненi талап етедi?» деген кiтапшада: «Бұл 254 тiлде басылып шықты. Жалпы таралымы — 135 287 000» деп тұр. Әрi мұның бәрiн тегiн таратады. Мұндай көп данамен кiтап, журнал шығару бiздiң ақын-жазушылардың өңi түгiлi түсiне де кiрмейтiн шығар. Оған қанша қаражат керек екенi айтпаса да белгiлi. Осыдан-ақ шетелдiк миссионер­лердiң қазақты жою мақсатында еш аянып қалмасын аңғару қиын емес. Апаттың үлкенi осы емес пе?
Олардың бұл арам пиғылын жүзеге асыруына жиынға жинал­ған қазақ жастарынан бас­тап, қарт әжелерiмiзге дейiн атсалысып жүргенiн көрiп жүрегiм ауырды. Жасы жет­пiс­тен асқан, ақжаулықты кейуананы сөзге тарттым. Мұнда неғып жүргенiн сұрағанымда, алдамшы ме­йiрiмге алданған әжемiз: «Мен мешiтке бармады дейсiң бе? Оған да барғанмын. Бiрақ, оның бiрiнде менi маған дәл осы жер­дегiдей iлтипат көрсетiп, сыйлаған емес. Сауалдарыма да сал­ғырт жауап қататын. Мұн­да мүлде басқа. Бәрi де «апатайлап» құрақ ұшып тұрады», – деп масаттана айтты. «Кiтап­тарын оқып тұрасыз ба?» – дегенiм сол едi, тiптен жаным түршiктi. «Көзiм жеткенше оқимын. Шамам келгенше көшелерде таратамын. Аулада жүрген балаларға берсем, «әже кiтап бердi» деп мәз болып алады», – дейдi. Бүлдiр­шiндерге «Ертөстiк» пен «Ертарғынды» үйретуге тиiс әже­лерiмiздiң сиқы мынау...
 
ЖАСАНДЫ МЕЙIРIМГЕ АЛДАНА КӨРМЕҢIЗ
Қазақты шоқындыруда бел­сендiлiк танытып жүрген­дердiң бiрi евангелист шiр­кеуiнiң өкiлдерi. Бiр жолы көшеде кездескен Исаны насихаттаушылардың бiрi Гүл­бахрам атты қазақ келiн­шек менi өз жиындарына шақырып, телефон номiрiн тастаған болатын. Ол «Бiрлiк» ұйымының мүшесi екен. «Бiрлiк» деген қазақша атау құлағыма бiрден ерсi естiлдi. «Бұл ұйымда қазақтар көп болғаны ма?» деген сауал көкейiме ұялады. Соны анықтау мақсатында тәуекелге бел буып, берген телефон нөмiрi бойынша хабарластым. Тұтқаны Мәдина есiмдi қазақ қызы алды. Жексенбi күнi сағат 10.00 – де жиналыстары өтетiнiн айтып, менi шақыруды да ұмытпады. Алайда, бiрден сөзiнен айнып, «Бiрiншi келген адамға бұл жиналыс қызық көрiнуi мүмкiн. Бәлкiм, он екiде келерсiз» – дедi. Бұл жерде бiр гәп бар екенiн бiрден түсiндiм. Ол жиналысқа қалайда қатыс­қым келетiнiн айтып, дегенiмде тұрып алдым. Мәдина келiстi.
Жексенбi күнi берген мекенжайы бойынша бардым. Кәдiмгi тұрғын үй. Шарбағында бiлiнер-бiлiнбестен «Бiрлiк» ұйымы деп жазылып тұр. Үйдiң iшiнен музыка әуенi естiлiп жатты. Үйге ендi кiре бер­генiм­де бiр жас қыз: «Қош келдiңiз», – деп есiктi ашты. Есiмi Маржан екен. Үй үш бөлмелi. Төргi бөлмесiнде тақта, пианино, «Yamaha», сонымен қатар қазақтың қара домбырасы да тұр. Бәрi қазақша Иса мәсiхтi мадақтап өлең айтуда. Жиналысқа қатысып отырғандардың барлығы да қара көз қазақтар. Бiр-бiрден келiп менiмен танысып жатыр. Әйгерiм есiмдi жас қыз қасыма келiп қай жақтан екенiмдi сұрап, сөйлесуге ыңғай танытты. Мен де оны сөзге тарттым. Оның бұл ұйымда жүргенiне бес жыл болыпты. «Ата-анаң қарсы емес пе?» – дегенiмде: «Менiң анам да осы ұйымның мүшесi. Қалай болғанда да, мен өзiм бiлемiн. Себебi, бұл менiң өмiрiм» – деп жауап бердi. Бiрақ, таңдауын жасаған Әйгерiм, «киелi үштiк» жөнiнде әңгiме қозғағаны сол едi, менiң «сонда оның қайсысы құдай?» деген сауалымнан сасып, нақты жауап таба алмады. Бiрақ, оны бiр Алланың ғана бар екенiне сендiруге тым кеш. Осылай Әйгерiм екеумiз сөз таластырып жатқанда жиындары басталып үлгердi. Кездесу шымылдығын құдайға мiнәжәт етумен ашты. Яғни, бәрi орындарынан тұрып құдайды мадақтап ән айта бастады. Жан-жағыма бағдарлай қарасам, барлығы гипноздың әсерiне түс­кендей күйге енген. Бiрi көзiн жұмып, бiрi екi қолын аспанға айқара ашып тербелiп ән салып тұр. Қасымдағы Әйгерiм тiптi жылап жiбердi. Бiр кезде әндерiн бiтiрдi-ау әйтеуiр. Ендi құдайға жалбарынамыз деп үш-төрт адамнан жинала бастады. Жаныма мен хабарласқан Мәдина мен Дiнмұхаммед есiмдi жiгiт отырды. Олар менiң мұқтаждықтарымды сұрай бастады. Сауалдарына жауап берген сыңай танытып, өздерiн сөзге тарттым. Сөйтсем, жасы жиырмалар шамасындағы Дiн­мұхаммед ұйымға жаңа келiп жүргеннен соң, көп мәселенi әлi түсiне бермейдi екен-мыс. Менiң: «Ұйымға қандай мақсатпен келдiң?» деген сауалыма нақты жауап таппай, кiдiрiп қалған оның бұл «ағаттығын» Мәдина осылай түсiндiрдi. Жас жiгiттiң адасып жүргенi бiрден аңғарылды. Осы ұйымның бақташысы (олар ұйым жетекшiсiн осылай атайды – И.И) саналатын Алмастың жары Мәдина болса керiсiнше маған өз куәлiгiн («iзгi жолды» қалай тапқанын – И.И) айтып, басымды айналдыруға әбден-ақ тырысып бағуда. Мен де одан қалыспай, сөзiн сыпайы бөлiп, сауалдарымды қоя отырдым. Оның айтуынша, Алматының өзiнде қырықтан астам таза қазақ бiрлестiктерi бар. Олар бiр-бiрiмен тығыз араласып тұрады екен. Өзiнiң, күйеуiнiң ата-аналарынан бастап, барлық туысқандары шоқыныпты. Қызылордада тұратын ата-енесiн Шаңыраққа көшiрiп алып келiп, ол жерден де бiр қауымдастық ашыпты. Әулет­терiнде шоқынбағандары қалмапты. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл ойыма келiп, шоқынған қазақ отбасыларынан Отанымыздың болашағы жөнiнде терең ойға батып шықтым.
 
ДАБЫЛ ҚАҒАР УАҚЫТ ЖЕТТI
 
АҚШ миссионерлерiнiң 50 миллион халқы бар Корея тұрғындарының 30 жылда елу пайызын шоқындырғанын ескерсек, тоғыз миллион қазақты шоқындыру оларға түкке тұр­майды. Сондықтан, дабыл қағып, сақтанар уақыт жеттi. Ата дiнiмiзден айырылсақ, тiлiмiзден, дiлiмiзден, ұлтымыздан айырыларымыз анық.
 
Инга ИМАНБАЙ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (19)
Ақжол | 26 қаңтар 2010 10:23
Сұмдық-ай, бетін аулақ қылсын! Осының бәріне бүгінгі елбасы кінәлі, демократияны желеу етіп, қазаққа түк пайдасы жоқ өзге діндерді ел төрінде әулиесітіп қойған. дін дегеніңіз өте қауіпті күш, елімзде бір ғана дін бар ол - Ислам. Осы төңіректе топтасу қажет.
Ислам | 26 қаңтар 2010 12:09
Билік түп тамырымен алмаспай, дініміз өркендей алмас.
НУРЖАН | 26 қаңтар 2010 12:29
Неге Назарбаев осыларга карсы зан шыгара алмайды ма? бул не деген маскара. мынау турган коршилес Ресей оларды елден куып шыкты емеспе. Путин мырзанын саясаты аркасында. соган мына Назарбаевтын али жетпей ме...алде Казакстандыктардын жаксы омир сургенин каламайма
НАРТАЙ ҚАЗАҚБАЕВ | 26 қаңтар 2010 14:38
Кудай бір айналдырса шыр айналдырады-деген сөз бар қазақта, жерімізге қытаймен өзбекке, дініміз иегова куәгерлеріне, тіліміз араласы орыс-ағылшындарға кетип жатыр, енди бізде сонда не қалды, бізде болашақ бар ма? ҚАЗАҚТАР?
Адам | 26 қаңтар 2010 15:46
Мәдина мен Дiнмұхаммед - аттары қандай әдемі! Пайғамбар жатқан Нұрлы Мәдина, екіншісінің аты өзі айтып тұр. Бұлар басқа дінге көшсе мұсылмандық аттарын неге тастамайды, сөйтіп неге қараларын өшірмейді?
Мират | 26 қаңтар 2010 19:46
Айналайын Инга, жауыр болса да, жақсы тақырып қозғапсың. Әй, қайдам, мына билікте, оны еститін құлақ табыла қоймайды-ау!!!
Алаш баласы | 26 қаңтар 2010 20:29
"Демократия" дегендi "бассыздык" деп тусiнбеу керек. Казiр бiзде демократияны сылтау кылып, ойына келгенiн iстеп жургендер бар. Сондыктанда бугандайларга арнайы зан кабылдамаса, арты булiк болуы мумкiн.
Қазақ Қызы | 26 қаңтар 2010 21:16
"Жау жағадан алғанда,бөрі етектен тартады"ның кебін киген сияқтымыз.Қарға тамырлы қазақ емеспіз бе?! Қарға екеш қарға да бірінің көзін бірі шоқымайды ғой!Қазақтар қайда адасып барады?Өзге дінге өткендердің жаназасы оқылмайтынын неге ескермейді!
Тілектес | 26 қаңтар 2010 22:19
Қызылорда қаласының "Ақмешіт" пен "Мерей" мөлтек ауданында тұратын төрт отбасын ғана танимын. Солардың үшеуі отбасымен түгел осындай басқа дінге кіріп кеткендер. Естуімше ондай отбасылар ол жерде өте көп. Бұл мөлтек аудандардың тұрғындарының басым бөлігі Арал мен Қазалы аудандарынан шыққандар. Кезінде осы аудандардың тумалары Есетов, Қалыбаев, Шәріпов деген "әулиелер" облыстық, қалалық партия комитеттерінің бірінші хатшылары болып тұрғанда олар 80-ші жылдардың соңындағы "Тұрғын үй-91" бағдарламасы бойынша "көз қысты, бармақ бастылықпен" пәтер алғандар.
Топ-топқа, жік-жікке бөлінген қазақ ұлты жеке бастарының құлқындарын ойлап, бөлінетін жігі таусылмайтын шығар. Жігі таусылғанда ұлты да таусылатын шығар.
Ерлан Әбдірашитұлы | 26 қаңтар 2010 23:25
Кезіндегі Кенияның экс-президенті Джумо Кеньята; "Миссионерлер Африкаға келгенде олардың қолында Библиялары бар еді. Ал біздің жеріміз бар еді. Олар бізге көзімізді жұмып қойып табындыруға көндірді! Алайда көзімізді ашқанда оладың Библиясы бізде, ал біздің жер-байлығымыз олардың иелігіне кетті!" - деп өкінішті сөзін айтып кеткен еді.
Ал енді миссионерлер Африкаға келгендені - Қазақстанға келгенде деп оқып көріңіздер!
Бұндайдан Аллахым бетін аулақ қылсын! Аллахым қазақ халқын құтқара гөр! Имандылық жолында еңбек етіп жүрген мұсылман бауырларымызға дұға қылайық! Солардың ішінде "Ислам ж/е өркениет", "Иман" "Шапағат нұр" "Мұсылман" "Ислам" "Көкжиек" "Хикмет" баспаларына "Асыл арна" телеарнасының қызметкерлеріне, Аллахтан олардың еңбектерін берекеліетуіне дұға етейік! Амин!
тендик | 27 қаңтар 2010 21:54
cумдык сенеримди билмей отырмын мына билик бизди каида апарады
Bolat Saqulı | 28 қаңтар 2010 09:35
panorama.kz-та қызық мақала көрдім, мұсылман азаматтық қоғамы
жайлы назар аударарлық пікір бар:
http://panorama.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=7928
Жанат | 28 қаңтар 2010 10:45
Казекеннин басына кун туып ак тур. Биликтин кобинин айели орыс карис, катындары казак болса дини мусылман емес баска дин. Ресейдин басышылары ширкеуге барса айелдеримен барады, ал биздердики айелсиз барады, да кобиси мешитке бармайды, ойткени олар Алланы умыткан иттер.
Болатбек | 28 қаңтар 2010 11:14
Сонда Қазақстан Дін Басқармасы, Мұсылмандар Одағы ( Ә.Дербісәлі, М.Телібай қажылар) қайда қарап жүр? Бір-бірімен жағаласып айтысқанша, еліміздің күллі мұсылман қауымын, барша қазақ жұртын қасиетті исламның Қазақстанда ең басты дін болуына топтастырып, анау-мынау секталардың халқымыздың ішіне таралмауына ұйтқы болмай ма?!
Рахым | 24 ақпан 2010 11:44
Инга сен қатты қателесесін. Құдай саған сот, осы мақаланы жазғанын үшін. Сендер біреу туралы солай жазғандарын дұрыс емес. Бірлік қауымы олар Иегава куәгерлері де емес. сауатсыз болмай біздің қазақ тарихын оқы. Біздің ата бабамыз Исаға сенген.
Rakhim | 24 ақпан 2010 11:46
Әркімдер-ақ сұрап жүр Ғайса кім деп.
Кейбіреулер: пайғамбар-Ғайса демек.
Ашылмайтын бұл әлі құпия сыр,
Сондықтан түсіндірме бергенім жоқ.
Егерде бәріне айтсам Ғайса - Сол деп.
Найза ұшында өлтірер мені түйреп.
Жемтігімді көмуге бермей рұқсат,
Өлімтіктей тастар еді итке сүйреп.
Ғайсаның туы айтады: бері жүр деп.
Сенбейтін кейбіреулер бұған күлмек.
Ғасыр бойы алысқан дұшпандары,
Мандайыма дақ салмас Оны күндеп.
Ұстара Ғайса тілі, әділ тілмек,
Асауды жуасытар тірі жүндеп.
Қиянатшыл замандар өтсе дағы,
Ғайса жолы мәңгілік өмір сүрмек
(С. ТОРАЙҒЫРОВ 1919 жыл)
Бақыт | 24 ақпан 2010 15:00
Халқым менің! Менің сендерге жаным қатты ашып тұр, бірақта сендердің көп ізденгендерің жақсы, өйткені айтылған ғой "іздеңдер, табасыңдар"- деп. "Киелі кітапты" оқып көріңдерші, ерінбеңдер, сонда сендерге бәрі де ашылады.
Болат | 25 ақпан 2010 22:59
Сұмдық-ай, бетін аулақ қылсын! Осының бәріне бүгінгі елбасы кінәлі, демократияны желеу етіп, қазаққа түк пайдасы жоқ өзге діндерді ел төрінде әулиесітіп қойған. дін дегеніңіз өте қауіпті күш, елімзде бір ғана дін бар ол - Ислам. Осы төңіректе топтасу қажет.

Ғайса Ғ.С Жол шындық шынайы өмір менмін деген
Ескендір | 25 ақпан 2010 23:03
Билік түп тамырымен алмаспай, дініміз өркендей алмас.

Әркімдер-ақ сұрап жүр Ғайса кім деп.
Кейбіреулер: пайғамбар-Ғайса демек.
Ашылмайтын бұл әлі құпия сыр,
Сондықтан түсіндірме бергенім жоқ.
Егерде бәріне айтсам Ғайса - Сол деп.
Найза ұшында өлтірер мені түйреп.
Жемтігімді көмуге бермей рұқсат,
Өлімтіктей тастар еді итке сүйреп.
Ғайсаның туы айтады: бері жүр деп.
Сенбейтін кейбіреулер бұған күлмек.
Ғасыр бойы алысқан дұшпандары,
Мандайыма дақ салмас Оны күндеп.
Ұстара Ғайса тілі, әділ тілмек,
Асауды жуасытар тірі жүндеп.
Қиянатшыл замандар өтсе дағы,
Ғайса жолы мәңгілік өмір сүрмек
(С. ТОРАЙҒЫРОВ 1919 жыл)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар