1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (16203)   28 ақпан, сейсенбі 2017
5 сәуір 2016
ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫ — ЖАС АЛАШТЫҢ ЖЕҢIСI     
“Жас Алаш” газетiнiң тұрақты оқырманы болғандықтан оның әр санын асыға күтiп, ондағы материалдарды ой сүз­гiсiнен өткiзе оқимын. Газетте жарияланған Жасан Зекейұлына қатысты мақалалардың бiрде-бiрiн мүлт жiбермей оқып отырдым. Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 сотының да, кейiнгi апелляциялық соттың ше­шiмдерi де қайран қалдырды.
5 сәуір 2016
Дариға бiрдеме iздеп жүр-ау, осы...
Вице-премьердiң соңғы бiрнеше күн iшiндегi аяқ алысы ерiксiз осындай ойға жетелейдi. Президент АҚШ-қа аттана сала Д.Назарбаевадан да тыным кеттi. Ерке қыздың мұнысын тiзгiн ұстауға ұмтылыс ретiнде бағалаған жандар көп, қиялдағы дәменiң жылт еткен көрiнiсiне телiгендер де бар. Расымен, соңғы кезде жұрт Дариғаны танымай қал­ған
31 наурыз 2016
Қазығұрттық «жиһадшылар» Назарбаевқа сес көрсетті
Оңтүстік Қазақстан облысы Қа­зығұрт ауданынан «Сирияға кетті» деп хабарланған Марат Мәуленов пен оның ұлдары жіберген видео-жолдау WhatsApp арқылы тарап жатыр. Қазақстан жеріне шын жүрек­тен жолдау» (орысша түпнұсқасын­да «Послание от сердца в земли Казахстана» – ред.) деген тақы­рып­пен тараған төрт минуттық ви­деоның бастапқы бөлігінде қазы­ғұрттық жерлестері Марат Мәуле­нов екенін таныған қару асынған шоқша сақалды жігіт
29 наурыз 2016
Жұмыссыздық етек алып, қымбатшылық қысқанда екi қолға бiр күрек табам деп жүрiп, тағдыры тал­қан болатындар көбейедi. Сондай жанның бiрi – Ақтөбе облысында құлдыққа түскен. Бұл туралы кеше NUR.KZ хабарлады. Ринат Омаров есiмдi азамат бұрын Ақтөбе қаласында күзетшi болып жұмыс iстеген екен. Қысқартуға ұшырағаннан кейiн, жұмыс iздеп
25 наурыз 2016
Зейнеп АХМЕТОВА: ЕТ БҰЗЫЛСА ТҰЗ СЕБЕДІ, ТҰЗ БҰЗЫЛСА НЕ СЕБЕДІ?
Бұрынғы – «Лениншіл жас», қа­зіргі «Жас Алаш» газеті мен Момышұлы шаңырағының бұ­рын­нан бері келе жатқан тонның ішкі бауындай байланысы, етене жақындығы бар. Бұл – біздің тағы бір шаңырағымыз секілді, біз үшін өте ыстық ұя. Оның себебі менің енем, Бақытжан Момышұлының анасы, атаның бәйбішесі ұзақ жылдар осы газетте қызмет істеген. Бақыт­жанның балалық шағы сонда өткен. Оны бәрі «редакцияның баласы» деп
17 наурыз 2016
Кәне, ойланып көрейiкшi, осы әңгiме неден басталып едi өзi? Кеңестiк үкiметтiң талқаны шығып, әркiм өз тәуелсiздiгiне ие болып, көппен бiрге қазақ та өз қолым өз аузыма жеттi-ау деген бiр тұста президент елеусiздеу ғана бiр әңгiменiң шетiн шығарған. Бұл – 2009 жылдың желтоқсан айы едi. Қытай қазақтың мұнайы мен газына мелдектете ауыз салған кезең болатын.
15 наурыз 2016

“Бiр бала әкеге жете туады, бiр бала әкеден өте туады” дептi ата-бабамыз. Дариға Назарбаева ханым Нұрекеңе жете туды ма, әлде ол кiсiден өте туды ма, ол жағын сараптап анықтама беруге бiздiң өремiз де жетпейдi, құқымыз да жоқ. Бiрақ осы қарындасымыздың соңғы он шақты жылдың мұғдарындағы саяси қайраткерлiгiне қарап отырып ол әртүрлi ұсыныстар жасау жөнiнен көп ұзамай Нұрекеңнiң өзiн басып оза ма деп қаламыз.

3 наурыз 2016
Ираннан келген қазақтар керi қайтуда

Маңғыстау облысы әкiмiнiң жылдық кезектi есебiнде “Жас Алаш” тiлшiсi аймаққа Ираннан қоныс аударған оралмандар ахуалы туралы сұраған едi. Оған орысша жауап берген облыс әкiмiнiң орынбасары “азаматтық пен баспанаға қол жеткiзе алмаған оралмандардың өздерi кiнәлi” дедi. Бұл бес жылға созылған баспана мен азаматтық мәселесiнiң шешiмiн облыс басшысының аузынан естiгiсi келген қандастарымыздың жанын жаралап көңiлiн қалдырды.

16 ақпан 2016
Ақпанның 14-iмен тұспа-тұс келген жексенбiде әлем ғашықтары “Әулие Валентин күнiн” тойлады. Қазаққа жат екендiгi қанша жерден айтылып, қаншама рет сын садағына iлiнгенiне қарамастан, қылы да қисаймаған бұл шараның шашбауын көтеруден бiздiкiлер бұл жолы да қалыс­қан жоқ. Сән-салтанаты бiрiнен-бiрi асқан ду-думандар Алматы
16 ақпан 2016

12 ақпан күнi “Бөбек” қорының президентi, Қазақстан президентiнiң зайыбы Сара Алпысқызы мерейлi 75 жасқа толды. Әншейiн сәйкестiк пе, әлде бәйбiшесiн Алатаудың таза ауасымен серуендеткiсi келдi ме, әйтеуiр, қазақ басшысы туған күннiң қарсаңында Алматыға ұшып келдi. Ресми БАҚ Олжас Сүлей­меновтi қабылдағанын ғана сөз еттi. Бiрақ президенттiң бұл сапары жөнiнде күнi кешеге дейiн мардымды ақпарат берген жоқ. “Тұңғыш” президенттiң “бiрiншi ханымға” не сыйлағаны да беймәлiм

4 ақпан 2016

Өткен аптада қос бiрдей беделдi халықаралық құқық қорғаушы ұйым өткен жылды қорытындылаған есептерi мен рейтингтерiн жариялады. Жыл сайынғы сыбайлас жемқорлықтың дейгейi туралы Индексiнiң жаңа рейтингiнде Transparency International ұйымы былтырғыға қарағанда Қазақстанда жемқорлық өрши түскен деп таныпты. 168 мемлекетте жасалған зерттеу нәтижесiнен түзiлген рейтингте Қазақстан 123-шi орында тұр.

2 ақпан 2016
«Медея синдромы» меңдеп барады

Адам түгiл, құмырс­қаға да қылдай қиянаты жоқ қазақы орта үшiн кiсi өлтiру деген баяғыда ең өрескел, ең сорақы жағдай едi. Содан да шығар, “Қыз Жiбек” фильмi ең алғаш көрсетiлген кезде ауылдастары “Балаң кiсi өлтiрдi, не деген жауыз” деп, Асанәлi Әшiмовтiң анасына кейiптi дегендi естiп едiк. Кiсi қаны төгiлгенiн кинодан көргеннiң өзiнде денесi түршiгетiн сол аңғал да таза, дархан көңiл қазақтың бүгiнгi болмысы жан шошытады.

26 қаңтар 2016
Шарықтау мен құлдырау
Боямасыз өмiр
Ол шоқпыт киiз төселген қоржын тамда дүниеге келдi. Жоқшылық, кедейшiлiктiң дәмiн ерте татты. Әке-шешеден де ерте айырылып, ерте есейдi. “Мен тас жетiммiн, тақыр кедеймiн” деп, көз жасын селдетiп жата бермей, тiршiлiкке қам жасады. Жiгерiн жанып, намысын қамшылап, өз қатарынан қалмай оқыды, “шоқыды”.
21 қаңтар 2016
Ысырапшылдыққа неге тыйым салмасқа?!

“Өлiм – бардың малын шашады, жоқтың артын ашады” деген қазақ халқы бақиға көшкен адамды мәңгiлiк жер бесiгiне қондыруға, марқұмды ақ жуып, арулап жерлеп, соңын күтуге ерекше мән бергенi баршаға аян. Әйтсе де, оның бергi жағында әр әулеттiң шама-шарқына, қайтыс болған адамның абырой-атағы мен дәулетiне орайластырыла атқарылатын iс-шаралар да бар.

21 қаңтар 2016

Қазақ басшысы жуырда ғана “Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы” 1998 жылғы Жарлығына толықтыру енгiзiп, тағы бiр мерекенi өмiрге әкелдi. Оның атауы – “Алғыс айту күнi”. Уақыты – 1 наурыз. Ал неге 1 наурыз? Бұл – бiрiншi сұрақ. Екiншi сауал – БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған Бүкiләлемдiк “Алғыс күнi” (11 қаңтар) тақия­мызға тар келдi ме? Мiне, осы екi сұрақ қазiр жұрт арасында абың-күбiң әңгiме туғызып жатыр. Сондықтан оған өз тарапымыздан жауап iздеуге тырысайық.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20»