1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (16203)   28 ақпан, сейсенбі 2017
9 ақпан 2017
Үштаған: КЕШЕ және БҮГIН

Алтынбек Сәрсенбайұлы 2005 жылы қарашада “Эпоха” және “Жас Алаш” газеттерiнде “Үштаған немесе Қазақстанда әдiл сайлау неге арман?” деген еңбегiн жариялаған едi. Ол қоғамдық – саяси өмiрде зор дүмпу туғызды. Саналарды селт еткiздi. Билiк пен оның тiректерi туралы ақиқатты ашық әрi айқын талдады. Бұл еңбек бүгiн де маңызын жойған жоқ. Қайта қажеттiлiкке айналды. Оқырмандардың сұрауы, тiлегi бойынша “Үштаған” газетiмiзде

7 ақпан 2017
Экспо-ға билеттi күштеп сатпақ

АТҚАМIНЕРЛЕРДIҢ БЮДЖЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIН ШЫРЫЛДАТАТЫН ТҮРI БАР

Алдағы жазда Астананың төрi қонақтардан арылмайын деп тұр. ЭКСПО өтетiн күн жақындаған сайын ел арасында түрлi әңгiмелер өрби бастады. “Сәуегейлердiң” бұған дейiн айтып жүрген күдiгi күшейе түстi. Онсыз да соңғы үш-төрт жылдың көлемiнде “Ақшаның бәрi ЭКСПО-ға кетiп жатыр”, “ЭКСПО өтпейiнше ақша бөлiнбейдi” деген сылтауды естiп келген халыққа ендi халықаралық көрменiң билеттерiн зорлап сату науқаны басталмақ. Жүйкенiң жүндей түтiлуi

17 қаңтар 2017

Апта бойы бүкiл жұрт куә болған көрiнiс: қалада да, далада да ХҚКО-ға ағылған қара нөпiр халық. Иiнтiрескен кезек, мазасызданып, тықыршыған, қабағынан қар жауып, қарғанып-сiленген жұрт. Сол кезекте тұрып-ақ бақиға сапар шегiп жатқандардың аянышты тағдыры. Өз басым жұрттың бiр араға осылай жиналып, топтасқанын көп жылдардан берi көрмеген сияқтымын. Жұртты осыншалық әбiгерге түсiрiп, ала-шапқын еткен – “Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экстремизмге және терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi

17 қаңтар 2017
«Үш қыз» әлеуметтiң ажуасына айналды

– Ойбай, Сәуле жоқ! Кеше тұрған. Бүгiн жоқ.
– Алып қашып кеткен шығар?
– Онда жақсы болды, өзi сондай ұсқынсыз едi...
– Ана екеуiн де (Мөлдiр мен Қуатты) алып қашып кетпей ме?
– Мүмкiн, ұрлап кеткен шығар? Күн жарықта қалалық iшкi iстер басқармасы ай қараған ба?
Әлеуметтiк желiнi ажуасы басым осындай сөздер басып қалды. Ұрлық тiркелмептi. Iшкi iстер басқармасы ай емес, бейнекамераға қарапты. Сәуленi белгiсiз бiреулер бұзып кеткен екен...
 

17 қаңтар 2017

Әкiмшiлiк “Атырауға бармайсың, барар болсаң Атырау халқы көтерiлiп кетедi!” деп қиғылықты салып жатса, мына жағынан молда-қажылар шықты жағаларын ұстап, шектерiн тартып... Әй, бұлардың ойран-ботқалары неге шығып жатыр десем, менiң соңғы шыққан туындым – “СҰРАҒЫМ БАР, НҰРСҰЛТАН!” – қан құстырып, күндiз күлкiден, түнде ұйқыдан айырып жатыр екен билiктi. Түстен кейiн үйiме екi ақсақал келiп кiрдi. Бiреуi – баяғы совхоздың қызыл директоры

12 қаңтар 2017
Декелбаевтың даңғаза әрекетi

Жуырда Фейсбук әлеуметтiк желiсiнде және “Абай.KZ” сайтында 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсi кезiнде алаңға шыққандардың бiрi Ерлан Декелбаевтың “Тарихи кiтаптарға менi “сатқын” деп жариялатқан – Мұхтар Шаханов” деген мәлiмдемесi шықты. Онда мынадай жолдар бар: “Мұхтар аға, мұның барлығы өзiңiз басқарған “Желтоқсан комиссиясының қорытындысынан” алынған. Сiз бұл қорытындыға қолыңызды қойып, менi комиссияның қорытындысымен сатқын деп тарихты бұрмаладыңыз. Менi ұрпақ алдында масқаралап

12 қаңтар 2017

ҚАЛАЛЫҚ ӘКIМШIЛIК ӘУЕЖАЙ МЕН ВОКЗАЛДАҒЫ САУДАҒА ТЫЙЫМ САЛЫП, КӘСIПКЕРЛЕРДI ШЫРЫЛДАТУДА

29 қаңтарда Алматыда ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының ашылу, 8 ақпанда жабылу салтанаты өтедi. Осыған орай мегаполистегi 9 сауда орталығы жұмысын тоқтатып, жабылады. Бұл туралы қала әкiмiнiң баспасөз қызметi ақпарат таратты. Бiр қызығы, қалалық әкiмшiлiк бұл хабарды “2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпанында санитарлық-тазалық күнiн өткiзуге байланысты қаладағы 9 сауда орталығы жабылады”, – деп хабарлады. Мұны естiгенде, әу баста көпшiлiк дұрыс түсiнбей қалды: бiрi “дүкендер мен базарлар екi аптаға жабылады

12 қаңтар 2017

Қаңтардың 10-ы күнi өткен үкiмет жиынында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев тұрғылықты жерге азаматтарды тiркеу жұмыстары елдi дүрлiктiрiп жiбергенiн атап айтып, Iшкi iстер министрi Қалмұxамбет Қасымовтың бiлместiгiн бетiне басты. Осы көрiнiс “Бәйтерек” пен бiр сотты есiме түсiрдi. О баста “мiндеттi уақытша тiркеу экстремистер мен терроршылармен күрес үшiн керек” деген едi. Құп. Олай болса, тiркеуi жоқ тұрғындарды неге “Бәйтерек” монументiне тiркеуге алмасқа? “Бәйтерек” қайдан шықты

12 қаңтар 2017

Бұл қазақтың шығармайтыны жоқ. Әнеукүнi бiр әрiптесiмiз әлеуметтiк желiде “Тест атаулының тек бiреуi ғана ақиқатты дәл ажыратады, ол – әйелдердiң жүктiлiгiн анықтайтын тест” дептi. Күлесiз және шындығын мойындайсыз. Бiрақ солай екен деп өзге тест түрлерiн түгел ысырып тастауға болмайды ғой. Өйткенi үкiмет қазiр оқушыларға тиiстi сынақты былай қойғанда, мемлекеттiк қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн де осы әдiспен

10 қаңтар 2017

Билiктiң адам түсiнбейтiн кейбiр әрекетiнiң құпиясын қара базардың қарапайым тiршiлiгi айшықтап бередi... Жақында ғана көшi-қон комитетi қайта құрылды. Екi-үш жыл бұрын бұл комитет үш-төрт тарапқа бөлiнiп кеткен едi. Ендi қайтадан құрылды. Құрылымына қарасаң, еш өзгерiсi жоқ. Сол баяғы қалпы. Көшi-қон саясатын қалыптастыру Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнде қалған, бақылау, квота беру, тiркеу Iшкi iстер министрлiгiне тиген. Комитеттiң өзi осы Iшкi iстер министрлiгiнiң еншiсiнде. Қаржының ретiн әрине, Ұлттық экономика

10 қаңтар 2017

Азаматтардың тiркелуi туралы жаңа заң мен қазақстандық қыздарды жылына 90 мың доллар табысы бар қытайлық бай жiгiттермен көңiл жарастырғызбақ болған Ольга Самаринаның әрекетi елдiң ашу-ызасын туғызды. “Gimeney” агенттiгiнiң хабарлауынша, 15 қытай жiгiтi Қазақстанға қыз таңдау үшiн ақпан айында 4 күнге аялдамақ. Олар еуропалық бiлiмдi, ағылшын және бiрнеше шет тiлдерiн бiледi, орыс тiлiн де

10 қаңтар 2017
Шымкенттегi газ жарылысының себебi қызмет көрсетудiң сапасыздығынан емес пе?

Шымкентте газ жарылысынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетiледi. Мұндай мәлiмдеменi кешегi күнi, яғни 9 қаңтарда түске таяу оқиға орнына барған Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейiт Түймебаев журналистерге берген сұхбатында айтты. Оқыс оқиға 8 қаңтар күнi түнгi сағат төрттердiң шамасында орын алған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментi таратқан мәлiметтерге қарағанда, жарылыс екi қабатты

5 қаңтар 2017
Шенеунiк баласы шетелде оқымасын! Осындай шектеу қойылса, бiлiм сапасы жақсарар ма едi?

Қарапайым жұртқа ауыртпалығы айтарлықтай тиген 2016 жылдағы аз-маз қуаныштың бiрi мен үшiн журналист Ярослав Красиенконың Ресейге тайып тұрғаны болды. Бiр ғимаратта араға есiк салмай бiраз жыл көршi болсақ та, қол созып амандаспаған, ақпарат алаңында дәм-тұзымыз жараспаған Ярослав Красиенко жыл соңында менi осынша қуантады деп кiм ойлаған? Айтпақшы, Ярослав Красиенко деген кiм едi? КТК телеарнасының Астана тiлшiлер тобын ұзақ жыл басқарған, сол арнада бағдарлама жүргiзген Ярослав Красиенко Ақордаға қалаулы

5 қаңтар 2017

 Тауық жылының табалдырығын аттар тұста кеншiлер қаласында бiр отбасы қара жамылды. Тура 31 желтоқсанда таңертеңгiлiк Шығыс Жезқазған кенiшiнiң №55 шахтасында кенеттен кен қабаты қопарылып, төбе бекiтушi Б.Көлбаев қаза тапты. Кеншiлердiң қауiпсiз жұмыс iстеуiне қалыпты жағдай жасаймын деп жүрген 35 жастағы жiгiттiң артында аңырап әйелi және төрт бала жетiм қалды. Ұлының алды 12 жаста, кенжесi – төртте және 6 жаста қызы

5 қаңтар 2017
Шахандағы апат тоғыз адамның өмiрiн үздi, екi адам аман қалды

Қираған үйде қаза тапқандар: В.М.Андропов (1981ж.), О.В.Андропова (1988ж.), Е.В.Андропова (2016ж), В.И.Галышев (1960ж), А.А.Галышев (2010ж.), Т.К.Кан (1953ж), В.С.Михайлов (1956ж), Е.Ю.Алексеенко (1989ж), В.В.Алексеенко (2016ж). Жаңа жылдың алғашқы күнi орын алған оқыс оқиғаның соңы осындай орны толмас өкiнiшке ұласты.
Шамамен түнгi 22.40 сағатта 60 пәтерлiк көпқабатты тұрғын үйдiң жертөлесiнде бу қазандығы жарылып, бiр кiреберiс қирады. Соның салдарынан Шаханда 15 шаңырақ ортасына түстi. Төтенше жағдайдың зардабын жоюға жалпы үш жүздей адам мен алпыс шақты техника тартылып

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»