1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
7 маусым 2016
Ақтөбеде террорлық шабуыл жасалды
Оқиға болған жерден
5 маусымда түске таяу қаланың үш жерiнде Әбiлқайыр хан даңғылындағы “Паллада”, Құрмыш ауылындағы “Пантера” қару-жарақ дүкендерiне бiр мезгiлде қарулы топ басып кiрiп, дүкеншiнi өлтiрiп, қару-жарақты қолға түсiрген. Сол жерде кейбiрi дүкен iшiне бекiнiп, басқалары автоматтарын қолға ұстап, аялдамаға тоқтаған №22 автобусқа кiрiп, жүргiзушi мен кондукторды итерiп тастап, автобусты айдап кеткен.
2 маусым 2016

Бiздер – “Жас Алаш”, “DAT” (Общественная позиция), “Қазақ елi”, “Ашық алаң – Трибуна”, “Президент және халық” газеттерiнiң, “Аңыз Адам” – “Жұлдыздар отбасы” журналының ұжымдары сiздермен бiрлесе отырып, жерiмiздi бей­бiт жолмен қорғау бас­тамасын көтермекпiз. Жер заңнамасындағы мемлекеттiк, ұлттық мүд­де­лерiмiзге орасан зор залалын тигiзетiн қиғаштықтарды күзеп тастауға үкiметтегiлерде құлшыныс жоқ. Оны прези­дент­тiң мораторий жа­рия­лағанда құрған жер комиссиясының жұмысынан

31 мамыр 2016
31 Мамыр – Саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнi
Тарихқа тереңдеген сайын, құнды деректер табыла түседi. Ақ жаулықты аналарымыздың мұң-зарын араға жарты ғасыр салып есiтiп отырмыз. Бүгiнгi мақаламыздың кейiпкерлерi – 1937 жылғы қуғын-сүргiндi басынан кешiрген аналарымыз, халық үшiн аянбай еңбек еткен абзал азаматтардың жарлары.
26 мамыр 2016
Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә.Назарбаевқа жұртшылық атынан ҮНДЕУ
Президент мырза!
Митингiге дейiнгi бiр­не­ше күн­нiң iшiнде ондаған белсендi тұт­қын­да­лып, абақтыға қамалды, оның iшiнде оралдық бард Жанат Есентаевқа, атыраулық қоғам қайрат­кер­лерi Макс Боқаев, Талғат Аян, Сағынғали Қапизов, Ғатауғали Боқан және Ерлан Башақовқа қарсы қылмыстық iстер қозғалды. Оларға әлеуметтiк және ұлттық алауыздықты қоздырды, жаппай тәртiпсiз­дiктер ұйымдастыруды көздедi деген ауыр айыптар тағылуда.
24 мамыр 2016
«Атажұртым» дегендер алаңнан табылды

Ақорданы алаңдатып, әкiмдердiң зәре-құтын қашырған 21 мамыр да өте шықты. Не болғанын көрдiк. Өз халқының уәжiне құлақ асқысы келмеген безбүйрек билiк сол баяғы ескi сценарийден бiр айнымады. Ақ жаулықты ана, нәзiк жанды әйел екен деп қараған жоқ, бәрiнiң қолдарын артына қайырып, алып кеттi. Жер жалға берiлсiн деп қол көтерген “ұлт зиялылары” осының барлығын үйде шай iшiп

24 мамыр 2016
Адам аңдыған күн

21 мамырда таң атар-атпастан әлдебiр абыржушылық белең алып Ақ­төбеде бұрын-соңды кездеспеген дүрбелең басталды. Таң атар-атпастан көше бойы полиция қыз­меткерлерiне толып кеттi. Облыстық, қалалық әкiм­шiлiк ғимараты, адам шоғырланатын жерлердiң бәрi де қоршауға алынды. Қысқасы, сол күнi қаладағы полицей атаулы көшеге шығып, ғимараттары босап қалды. Мұнымен

24 мамыр 2016
Қорқақ билiктiң қорқаулығы халықты одан әрi ашындырды
21 МАМЫР – ЖАҢА КЕЗЕҢНIҢ БАСТАУЫ
Бұл күндi халық тағатсыздана күттi. Себебi қазақ жерiн саудалауға қатысты дауға осы күн себепкер болады-ау деп үмiт артты. Ал билiк үрей­мен қарсы алды. Үрей мен үмiттiң арасындағы тартыстан қоғам тең­селiп кете жаздады. Билiк байырғы әдiсiне салып, көшеге шыққан жұрт­қа күш көрсеттi. Ер-әйел, кемпiр-шал демей жаппай ұстап, қамауға алды. Бiрақ одан халықтың жүрегi шайлыққан жоқ. Керiсiнше, намысы қайралды, жiгерi жанылды.
19 мамыр 2016
Митинг деген не?

Жүсiпбек Аймауытов: Қытайдың соғысынан емес, саудасынан қорқу керек. Олар сауда жасап жүрiп-ақ қатын-бала, үмек-шүмегiмен сабанның топанындай ағылып келiп, сенiң жерiңе атақонысындай орнығып алады. Ел алу, жер алу – Қытайға түкiргеннен де оңай. Ол көптiгiмен алады. Қаулаған өрттей басып қалады. Қытай өзiмен қоңсылас елдердi соғысып жой­ған жоқ, сауда жасап жүрiп-ақ жұтып қойды. Бұ сияқты жер алу, ел алу әдiсiн дүние жаралғалы тарих жүзi көрген жоқ шығар.

19 мамыр 2016
Халықты ашындырмаңыздар, мырзалар!
ҚР президентi Н.Назарбаевқа,
Бас прокурор Ж.Асановқа,
Жоғарғы сот төрағасы Қ.Мәмиге,
Iшкi iстер министрi Қ.Қасымовқа
12 мамыр 2016
“Азын-аулақ зейнетақым пара беруге жетпейдi”
Ұлы Отан соғысының ардагерi ашынғаннан президентке осылай деп хат жолдады
 “Жас Алаш” газетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысындағы тiлшiлер қосынына Ұлы Отан соғысының ардагерi келдi. Жасы биыл 94-ке толды демесеңiз, Әбу Полатбеков әлi тың. Сонау 100 шақырымдағы Сарыағаш ауданынан осында қоғамдық көлiкпен келiптi. Ақсақалдың денсаулығының мықтылығына қайран қалдық.
12 мамыр 2016
«ЖЕРIМIЗДI ҚОРҒАЙМЫЗ! ТIЛIМIЗДI САҚТАЙМЫЗ!» ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТIНIҢ МӘЛIМДЕМЕСI
Президент Жер кодексi­нiң кейбiр баптарына уақытша мораторий жариялады. Бұл шешiмдi бiз халықпен мәмiлеге келуге жасалған, саяси жағынан жауапты қа­дам деп санаймыз. Ендiгi жерде берiлген уақытты тиiм­дi пайдаланып, ол құ­жаттың халықтың наразылығын туғызған баптарын түбе­гейлi қайта қарап, қазақ жерiнiң тағдырын оң шешетiн өзгерiстер енгiзу қажет. Және де мәселе тек қана бiрдi-екiлi бапқа тiрелмеуi тиiс:
6 мамыр 2016

Газетiмiздiң алдыңғы санында жазғанымыздай, Алматы қаласының әкiмдiгi ұлт патриоттарының 7 мамырда “Жерiмiздi қор­ғаймыз! Тiлiмiздi сатпаймыз!” деген тақырыпта бейбiт жиын өткi­зуiне үзiлдi-кесiлдi қарсы болды. Оның орнына, 6 мамырда “Достық” үйiнде 200 адамның қатысуымен жер мәселесiне бай­ланысты қоғамдық талқылау өткiзудi ұсынды. Басты мақсаты – дә­лелдi дәйектер арқылы,

6 мамыр 2016
Отан деген – табаныңның астындағы жер

Отан деген немене? Ел экономикасының доноры атанған Алматы ма, көркiне көз тоймайтын Бурабай ма? Бәлкiм, “тақыр жерден тау болып тұрған” Астана шығар? Жоқ, шекараның бергi бетiнiң бәрi – Отан. Отан – бiртұтас. Кәдiмгi адам ағзасы секiлдi. Ол бөлiп-жаруды көтермейдi. Мәселен, Сiз бiр саусағыңызды өзгеге кесiп бара аласыз ба? Кесiп бере алмайсыз. Ендеше Отан да сондай. Айырмашылығы, жаны жоқ. Отанды қорғау – адамның борышы, халықтың мiндетi. Отанды тану үшiн Астана мен Алматыда тұру шарт емес. Сiздiң табаныңыздың астындағы алақандай жер де – Отан.

6 мамыр 2016
Назарбаев керi шегiндi. Бұл – халықтың жеңiсi!
Сүйiншi, ағайын! Алкеуде билiк райынан қайтты. Қазақтың жерiн сатамын деп халықтың қарсылығына ұшыраған Ақорда ақыры көппен санасуға мәжбүр болды. Кеше премьер-министр, президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi, үкiмет мүшелерi мен мемлекеттiк органдардың басшылары қатысқан кеңесте Н.Назарбаев Жер кодексiндегi түзетулерге мораторий жариялады. Бұл – халықтың жеңiсi! Тоқымдай жердi де саудалауға қарсымыз деп елiмiздiң әр түкпiрiнде дүрк көтерiлген жұрттың отаншыл рухының, халықшыл мiнезiнiң өтеуi!
4 мамыр 2016

Қазақтың жері — бізге ата-бабамыздан қалған мұра. Оны бөтен елге ешқашан түбегейлі сатуға немесе жалға беруге болмайды. Тарихқа үңілейікші… Ресей кезінде Алясканы АҚШ-қа жалға берген болатын, ол жерден Ресей түпкілікті айырылды. Осы оқиғаны дүние жүзі біледі. Сондай-ақ Күрдістан мемлекеті кезінде жерін кепілдікке қойып қарызға ақша алған болатын. Кейін қарызын қайтара алмауы себепті 3 ел

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»