1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
9 қараша 2016
Елдiң ертеңi... Қыршын кеттi
“Алматы Тауэрс” ғимаратында болған өрт өрiмдей бес жiгiттiң өмiрiн қиды. Бесеуiнiң де жасы – 20-дан жаңа асқан, бесеуi де – Алматыдағы жоғар­ғы оқу орындарының студенттерi. Олардың бiрi – машина жасау, екiншiсi – электр энергетикасы, ендi бiрi – стоматология, тағы бiрi – ядролық физика саласы бойынша маманданып жүрген. Әрқайсысы – бiр-бiр үйдiң үмiтi, қала бердi, бүкiл елдiң ертеңiне тұтқа болар азаматтары едi.
Жастар сабақтан бос кез­дерiнде аталған нысанда жұмыс iстеген, оларға сағатына 500 теңгеден төленген. Өрт шыққан жерде батут орталығы жасақталып жатқан. Ақпарат көздерiнiң мәлi­метiнше, өрт лап ете қалғанда iштегiлердiң барлығы есiкке қарай ұмтылған. Бiрақ ол құлыптаулы
9 қараша 2016
Былғатпаймын атымды Тәңiр берген!
Заманбек НҰРҚАДIЛОВ
 
Заманбекпiн, ешкiм де жоя алмайтын.
Мен де қазақ, әзiрше оянбайтын.
Бұл елде нақұрыстар көбейгенi,
Бәрiн сатып, алтынға тоя алмайтын.
 
Ау, жалған!
Бұл не деген бақытсыздық?!
Бағдар – алдан, жолымыз – бағытсыздық?...
Немiзге бiз тойындық, iшiп жедiк,
Құры сөз – жуындыдай құйған тұздық...
 
Патшаларға үйренiп қалдымыз ба?
Не тұрғанын бiлемiз бе алдымызда?
Қояйық, қартаң бiздер бiраз көрдiк,
Өнеге ұрпақтарға болдымыз ба?
3 қараша 2016

“Қазақстан” телеарнасы АҚ-ның Павлодардағы филиалынан шу шығып жатыр. Бұл жөнiнде vesti.kz т.б. электронды сайттар хабар таратты. Аталмыш филиалдың журналисi Әйгерiм Мұздыбаеваның шағымдануынша, оған филиал директоры Бауыржан Айтқазин сексуалдық тұрғыда қысым жасаған.   Журналист қыз осындай мәтiндегi шағымын

1 қараша 2016

Бас прокурор маргинал мен радикалдың арасына үңiлдi

Бас прокурор Жақып Асанов Ақтөбеде 29 қазанда “жылы кабинеттен шығып,  жерге түсiп, өңiр­дiң мәселеле­рiн” шешуге  келген десанттық топ жұмысын қорытындылады. 7 вице-­министр бастаған 230  маман (бұлардың iшiнде 10 теолог, 55 дәрiгер, 16 әлеу­меттiк қызметкер мен психолог, 10 ғалым, 13 қаржыгер мен кәсiпкер, 14 имам) 5 ауданның ең шалғай нүктелерiне дейiн барып, елде жиналып қалған бiраз жайттарды ашқан. Қалған 112 “маманның”  немен айналысып жатқанын Асанов ашып айтпады.

13 қазан 2016
ҮНДЕУ
12 қазанда бiр топ қоғамдық ұйым жетекшiлерi Атырауда соты басталған қоғам белсендiлерi Макс Боқаев пен Талғат Аянның басындағы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Парламентiне үндеу жолдады. Әлеуметтiк желiде үндеу мәтiнi Қ.Тоқаев, Н.Нығматулин, Қ.Сұлтанов, Д.Назарбаева, М.Әшiмбаев, Ж.Жарасов секiлдi заң шығарушы орган мүшелерiне жолданғаны туралы хабарланды. Төменде сол үндеудi жариялап отырмыз.
6 қазан 2016

Соңғы уақытта дүйiм жұрт­ты дүрлiктiрiп жүрген жайттың бiрi – қоғамдағы зорлық-зомбылық. Бұрын, негi­зiнен, отбасындағы әлiмжеттiк туралы ғана сөз болатын. Күйеуi соққыға жыққан әйелдер, анасы немесе әкесi қол жұмсаған балалар мәселесi көтерiлетiн. Ал қазiр зорлық-зомбылықтың түр-түрi шықты. Ұл-қыз демей, жас балаларды жаппай зорлау, соққыға жығу, жоғарғы қабаттан лақтыру, бiр үйлi жанды үлкен-кiшi демей, тү­гел­дей бауыздау, ату сияқты, жан түршiктiрерлiк оқиғалар жиiледi.

29 қыркүйек 2016
«Сағадиев, келiңiз»
МИНИСТРДIҢ ТIЛ ЖАНАШЫРЛАРЫНАН СЕСКЕНЕТIН ЖӨНI ЖОҚ
Бiлiм министрлiгiнiң халықтың үнiне құлақ аспай, асығыс қолға алған “үштiл­дiлiк” саясаты қоғамда үлкен наразылық тудырғаны аян. Бұл ана тiлiмiздiң ғана емес, ұлт ұрпағының, қазақ ғылымының, жалпы, қазақ ұлтының болашағына балта шабу екенiн зиялы қауым өкiлдерi ашық айтып та жүр. Осы орайда, “Жас Алаш”, “Трибуна – Саяси қалам” газеттерi де үздiксiз дабыл қағып, мұндай солақай реформаға жол беруге болмайтынына жұрт­шылық назарын аудартудан танған емес.
27 қыркүйек 2016
Империя шаңырағын шайқалтқан оқиға
Ұлт-Азаттық күресiне – 100 жыл
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтты, “Тарихи-этнографиялық Райымбек қоғамы” , “Әдiлет” тарихи-ағарту қоғамы ұйымдастырған 2016 жылғы 23 қыркүйекте Алматыдағы Ғалымдар үйiнде өткен “1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiс: тарихы және ақиқаты” атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның 
ҚАРАРЫ
27 қыркүйек 2016
Семейдi Ермактың «аруағы» биледi

Қыркүйек айының ортасында Семей, Өскемен және Шемонаихадағы казактар ұйымдарының өкiл­дерi жиналып, өздерi үшiн дәстүрлi мейрам – Ермак күнiн атап өтiптi.  Сап болып түзiлген жас казактар Отанға, казактар дәстүрi мен православ дiнiне адал болуға ант берген. Шiркеу қызметкерлерi құлшылық жасап, Сiбiр казак әскерiнiң туын қасиеттi жәдiгердей әспеттептi. Одан әрi ұрыс кезiнде ұжымдасып соғысудың айла-тәсiлiн меңгеру секiлдi таза әскери ғұрыптарды өткiзедi. Соңында мейрамға

27 қыркүйек 2016
ЛАҢКЕСТЕРДI ЛЕЗДЕ ЖОЯТЫН КҮШ ҚАЙДА?
Отанын сатты, билiктi күшпен басып алмақ болды деген айыппен сырттай ұзақ жылға сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев өткен аптада әлеуметтiк желiдегi парақшасында Кәрiм Мәсiмовтiң ҰҚК төрағасы болып тағайындалуына қатысты пiкiрiн жариялады.
20 қыркүйек 2016
Макстың денсаулығына бүкiл халық алаңдайды
Тергеу абақтысында отырған Макс Боқаевтың денсаулығын тексерген мамандар оның созылмалы дертi қайта өршiгенiн анықтаған. Туыстары билiктен белсендiге бұлтартпау шарасын өзгерту­дi сұрайды, деп хабарлайды “Азаттық” радиосы. Атырауда тергеу абақтысында төрт айдан берi қамауда отырған азаматтық белсендi Макс Боқаевтың туыстары оның денсаулығына алаңдаулы. Белсендiнiң қарындасы әрi қорғаушысы Жанаргүл Боқаеваның айтуынша,
15 қыркүйек 2016
«Алтынбектiң соқпағымен» бес жастағы бала да, сексендегi қария да жүрiп өттi
12 қыркүйек – мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күнi. Жыл сайын 12 қыркүйек қарсаңында Алтынбектiң ел үшiн, халық үшiн атқарған абыройлы iстерiн аңсайтын, сағынатын көпшiлiк Алатауды бөктерлеп, Көкжайлау мен Құмбелдi басып өтетiн тау жолымен жаяу серуенге шығады. Кезiнде Алтынбек Сәр­сенбайұлы осы асуды жылына бiрнеше мәрте асып, жолдастарымен сейiлдеп қайтатын. 10 жылдан берi “Алтынбек асуымен” асып, тауға серуендеп шығатын жұрттың биыл да
8 қыркүйек 2016
Маңғыстаулық зиялы қауым өкiлдерi осыдан он шақты күн бұрын Н.Назарбаевқа Ашық хат жазып, уахабизм-салафизм ағымының барлық тармағын экстремистiк деп тану туралы халық талабына қолдау көрсетуiн сұраған болатын. Олардың бұл тiлегi елiмiзге белгiлi ақын-жазушылар мен ғалымдардың, қоғам белсендiлерiнiң тарапынан да қолдау тапты.  Ашық хатқа қол қоюшылар бейбiт өмiрдiң шырқын лаңкестiк әрекеттердiң бiздiң елiмiзде де орын ала бастауы өкiнiштi
8 қыркүйек 2016
Құрбан айт құтты болсын!
2016 жылдың 12 қыркүйегi – Құрбан айттың бiрiншi күнi!
Аса қамқор, ерекше мейiрiмдi Алланың атымен бастаймын! Құрметтi бауырлар!Баршаңызды күллi мұсылман қауымы асыға күткен қасиеттi, ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға береке тiлеймiн. Бәрiмiздi айтқа аман-есен жет­кiзген Алла тағалаға сансыз шү­кiр­лер мен мақтаулар болсын!
Ислам дiнi сан ғасырдан берi елi­мiздiң рухани тiрегi болып ке­ледi
30 тамыз 2016
“Жердi жалға беруге, шетелдiк­терге сатуға қарсымыз” деп қараша халық наразылығын бiлдiрiп, дүрлiгiп жатқан кезде қолыма Алматы облысы бұрынғы Шелек ауданының (қазiргi Еңбекшiқазақ) “Сөгетi” совхозының алғашқы қазығын қағып, өзi ұйымдас­тырған шаруашылықты 30 жылдай бас­қарған Сағыныш Есбергенов қарияның “Атақоныс” атты кiтабы қолыма тидi. Кезiнде кеңес заманында жұмыс iстеген колхоз-совхоздарға жер жетпей, бiр-бiрiнен жер сұрап, талап етiп,
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18»