1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Президент Н.Назарбаев «Ұлт көшбасшысы» туралы заңға қол қоймайтынын мәлiмдедi. Саяси аренада ендi қандай оқиғалар болуы мүмкiн?
Ертiсбаев айтпақшы, өкпелеген депутаттар президентке импичмент жариялайды (7.1%)
«Ұлт көшбасшысы» мәртебесiн президентке халық өзi бередi (22.8%)
Жармақтар ендi «Әлем әкесi» деген заң жобасын ұсынады (58.7%)
Президент мұндайға мүлдем тыйым салады (11.4%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (15475) 2 наурыз, сейсенбі 2010
2 наурыз 2010
Алаяқтарға алданған аналар

БҰТАБАЕВА, МАМЫТОВА, БАЛҚЫБЕКОВА СОТТАЛҒАН СОҢ, 10 СОТЫҚ ЖЕРГЕ ИЕ БОЛА МА, ЖОҚ ПА?

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында республикалық «Ғибрат» көпбалалы аналар қоғамдық бiрлестiгiне қатысты сот тергеуi аяқталып, жарыссөз өттi. Мемлекеттiк айыптаушы прокурор Еркiн Машимов: «ҚР Қылмыстық кодексiнiң 177-бабы, 3-бөлiгiнiң «Б» тармағы бойынша, яғни iрi мөлшерде алаяқтық жасағандары үшiн кiнәлi деп тауып, бар мүлiктерiн тәркiлеп М.Бұтабаеваны – 9 жылға, Г.Мамытова мен Ж.Балқыбекованы 8 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы түзеу мекемесiнде өткiзудi сұраймын», – дедi.
 
Бұл жолы жарыссөз бастал­мас­тан бұрын сотталушылардың қорғаушылары судьяға сұрақ қойды. «Iспен танысқан кезiмiзде тергеу барысында тiркелген бiрнеше құжаттардың жоқ болып кеткенi байқалды. Мәселен, жер телiмiн алу үшiн ақша берген адамдардың тiзiмi жазылған журнал түбегейлi жоқ. Дәл осы журнал қайда? Неге iске тiркелме­ген?», – дедi. Судья Шынар Ерғалиева бұл сауалға мемлекеттiк айып­таушы Еркiн Машимов жауап беретiнiн айтты.
Ал прокурордың айтуынша, iс бойынша бұл құжаттар заттай дәлелдеме ретiнде ұсынылмаған. Журнал да жоқ. Қолхаттар мен басқа да куәгерлер арқылы iстi ашуға әбден болады. «Тергеу кезiнде алынған құжаттардың көбi қайта қайтарылған. Журнал мен жер картасының қайда екенi белгiсiз болып тұр», – дедi Еркiн Машимов. Осымен бұл сұрақ жабылды. Басты дәлел журнал мен жер картасы тергеу кезiнде iске тiркелген. Бiрақ, белгiсiз себептермен құжаттар қайта қайтарылған. Кiмге, не үшiн? Ол жағын ешкiм ашып айтпады.
Сөйтiп, прокурор сот тергеуi кезiнде айтылған нақты дәлел­дердi тiлге тиек етiп былай дедi: «Сотталушылардың қылмыстық iс-әрекеттерiне тоқталсақ, Бұта­бае­ва аталған қоғамдық бiрлес­тiктiң төрайымы ретiнде өз атынан қолхаттар берiп, ақша жинаған. Балқыбекова сол бiрлестiктiң қызмет­керi ретiнде ақшаны алып, Бұтабаеваға тапсырған. Мамы­това елдi алдау үшiн бiрлестiктiң заңгерi атанып, арзан жарамсыз жер тапқан. Сөйтiп үшеуi де ақша тапсырған адамдарға екi жылдай жер телiмiн алып беремiз деп алдаған. Ақшаны өзара бөлiсiп отырған. Сотталушылардың айыптары тергеу және сот отырысы барысында куәгерлердiң және iс кезiнде алынған айғақ заттармен және қолхаттармен дәлелденiп отыр. ҚР Қылмыстық кодексiнiң 177-бап, 3-бөлiмi «б» тармағымен iс қозғалғаны дұрыс деп санаймын. Сондай-ақ, сотталушы М.Бұ­та­баева Қ.Сүлейменова тапсырдым деген ақшаға қолхат берге­нiн мойындамады. Әрi Сүлейменова берген қолхаттар басқа қолхаттарда қойылған Бұтабаеваның қолымен сәйкес келмейдi. Сондықтан да дәл осы қолхаттағы қолдың кiмдiкi екенiн анықтау үшiн Қ.Сүлейменоваға қарсы тергеу амалдарын жүргiзу керек деп санаймын. Осыған орай iс бойынша келтiрiлген залал 96 199 600 теңге көлемiнде болып отыр. Айып­ты жеңiлдететiн деректер табыл­ған жоқ». 
Сонымен, сот тергеуi аяқталды, жарыссөз де бiттi. Ендi судья Шынар Ерғалиеваның үкiмi ғана қалды. Сот үкiмi қалай шығады, сотталушыларды қандай жаза күтiп тұр? Оны таяу күндерi бiле­мiз. Бастысы, бұл соттан бiрнеше жылдан берi 10 сотық жер телiмiн ала алмай жүрген көпбалалы аналар не ұтады? Бұл орында мемлекет қандай қарекет жасайды? Сот Бұтабаеваны нөкерлерi­мен түзеу мекемесiне жiберiп, бар мүлкiн тәркiлеген күннiң өзiнде көпбалалы аналар дiттегенiне жете алмайтыны анық. Онда не iстеу керек? Мемлекет өз аумағында осындай күрмеуi көп күрделi мәселе төтесiнен тұрғанда қандай жол ұстанады? Азаматтарына медеу болып, қол ұшын соза ма? Заң негiзiнде берiлетiн 10 сотық жер телiмiн алуға жәрдемдесе ме?
Айтпақшы, бұл iспен тiптi президенттiң өзi таныс. «Тiкелей эфирде» арнайы тапсырма да берген. Сонда Н.Назарбаев бұл iстiң анық-қанығын бiлiп, шара қолдануды қалалық сотқа тапсырып, көп балалы аналарға қалалық соттың төрағасы Тiлектес Барпибаев мырза уәде еткен. Ендеше, президент тiкелей араласқан iстiң нәтижесi немен бiтедi? Қандай үкiм оқылады? Көпбалалы аналар мемлекеттiң шапағатына бөленiп, жылдар бойы күрескен 10 сотық жер телiмiне қол жеткiзе ала ма? Әлде соттан құр қол қайта ма?   
 
Дилара ИСА
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
пе | 3 наурыз 2010 16:31
такырыб дурыс емес койылган
Баян | 9 наурыз 2010 17:30
Кто за то, что в РК есть независимые и объективные СМИ? Увы...
Да, Бутабаева деньги нам не вернула и получила за это срок.

А земля то наша конфискована!

Хотя вред нанесен нам, а не государству!

И почему это СМИ об этом не говорят, может им это выгодно

- говорить народу полуправду...?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар