1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (16178) 30 қараша, сәрсенбі 2016
30 қараша 2016
Амнистия оған кiмдер iлiгедi?

 Президент Н.Назар­ба­ев­тың “Қазақстанның Тә­уелсiздiгiнiң 25 жылдығына байланысты амнистия жариялау туралы” заң жобасын жедел қараған парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары сотталғандарға рақымшылық жасау заң жобасы қабылданғанан кейiн алты ай iшiнде өтетi­нiн хабарлады. Депутаттар бұл шара адамның бостандығы мен құқықтарын жә­не өмiрiн ең жоғарғы құн­ды­лықтар деп танитын Қа­зақстан Конституциясының қағидаларына сүйене­тiнiн атап көр­сет­тi. Осының алдында ғана Қа­зақстанның iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов Тәуел­сiздiктiң 25 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасалмайтыны туралы мәлiм­деген едi. Амнистияны ескi кеңестiк әдiс деп атаған Қ.Қа­­­сымов билiктiң алдағы уа­қытта мұндай тәжi­рибеден бiр­жола бас тартуды көз­дейтiнiн, оның орнына ресми түрде кешiрiм сұрағандардың ғана бостандыққа шығуы мүмкiн екенiн айтқан. Ми­нистрдiң айтқанына ай толмай жатып, “тиiмсiз ескi кеңестiк әдiстi” президент қайта қолдану туралы бастама көтерiп отыр. Бұл ендi өз алдына бөлек тақырып. 

Президент ұсынған заң жобасы бойынша қылмыстық жазадан негiзiнен әлеуметтiк жағдайы төмен азаматтар, кәмелетке толмағандар, аяғы ауыр әйелдер, кәмелетке толмаған баласы барлар, жасы келген және мүгедек жандар, сонымен бiрге аса ауыр қылмыс түрiне жатпайтын заң бұ­зу­шылықтарға барғандар босатылмақ.
Адвокат Жохар Өтебеков­тiң пiкiрiнше, жаңа қылмыстық Кодекс ережелерiне сәйкес, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар да рақымшылыққа iлiнетiн көрiнедi. Алайда ондай адамдар заңға сәйкес қылмыстық жа­уап­кершiлiктен толық босатылмайды. Амнистия бойынша мұндай сотталғандардың жаза мерзiмi қысқаруы мүмкiн. Және рақымшылық шарасы қылмысқа барғандарды ақтамайды, бостандыққа шыққан күннiң өзiнде олар сотталғандардың есебiн­де болады. Сонымен бiрге педофилия, терроризм, экстремизм, адамды азаптау баптарымен сотталғандар және бiрнеше рет қылмысқа барғандар амнистияға iлiкпейдi.
Рақымшылық туралы жарияланысымен жұрттың көкейiнде ең алдымен кiмдердi босатады деген сұрақтың туғаны рас. Түрмедегi 40 мыңдай жанның iшiнде кiмдер мерзiмiнен ерте босап шығады? Аңдамай от басып адасқан, сонысына бармағын тiстеп өкiнгендерге мүмкiндiк берiле ме, жоқ әлде “бармақ басты, көз қыстымен” парақор шенеунiктер, байшы­кеш­тiң дандайсыған балалары бостандыққа шыға ма? Мәселен, бүкiл мүлкiн басқалардың атына жазатын, қарақан басында дымы жоқ жемқор ше­неунiктер әлеуметтiк жағдайы төмен азаматтар немесе кәмелетке толмаған балалары барлардың санатында кетуi мүмкiн ғой. Көп елде қаржылық қыл­мыс­тар, парақорлық ең қауiптi қылмыс түрiне жатады.
Тiптi кей елде ондайларды өлiм жазасына кеседi. Ал бiзде бұл әншейiн ағаттық iс сияқты. Тiптi отырған күннiң өзiнде аз уақыттан соң рақымшылыққа iлiгуге болады. Олай дейтiнi­мiз, бұған дейiн Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа Қарағандыда айдың-күннiң аманында құлап қалған “Бесоба” тұрғын үй кешенiн қабылдағаны үшiн сотталған Қарағанды қаласы әкiмiнiң бұрынғы орынбасарлары Виктор Иванов пен Сергей Грибенщиков, Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау бас­қармасының бұрынғы бастығы Дәулет Алтынбеков сияқты шенеунiктер iлiгiп, бостандыққа шыққан. Бюджеттiң 100 млн теңгеден астам қаржысын құлқынынан өткiзiп жiберген Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы департаментiнiң бұрынғы басшысы Тамир Даутов та рақымшылықтың арқасында бiр күн де түрмеде отыр­мапты. Павлодардағы өмiр бойына сотталғандарға арналған түрме салуға бөлiнген қаржының 60 млн теңгесiн қылғытып жiберген жергiлiктi қылмыс­тық атқару жүйесiнiң басшылығы мен мердiгер компания жетекшiлерi де рақымшылықтың қызығын көргендердiң қатарында. Ал кейбiр iстi болған шенеунiктердiң рақымшылыққа iлiнiп қана қоймай, қайтадан мемлекеттiк қызметтiң майлы жiлiгiн ұстайтыны да кездеседi. Мәселен, бiр кез­дерi басылымдар қазынаның қаржысына ортақтасқаны үшiн 3 жылға сотталған көлiк және байланыс министрлiгiнде iсте­ген Нұрлан Өмiрбаев есiмдi шенеунiктiң амнистиядан соң Нұрланбек Өмiрбаев деп атын өзгертiп, өзi iстеген министр­лiкке қайтып келгенi туралы жазғаны бар.
Осыдан кейiн халыққа көз қылып, рейтинг үшiн iрi шенеу­нiктердi жемқорлық үшiн соттап, артынан рақымшылықпен шығарып жiбермейтiнiне кiм кепiлдiк бере алады? Сондықтан амнистия туралы жаңалық темiр тордың ар жағында отырған бұрынғы премьер-министр Серiк Ахметов, “Астана ЭКСПО-2017” мекемесiнiң бұ­рынғы басшысы Талғат Ермегияев, пара алғаны үшiн 11 жыл арқалаған ҚР Шекара қызметi­нiң бұрынғы директоры Нұрлан Жоламанов секiлдi тұлғалардың сөнген үмiтiн қайта жаққан сияқты көрiнедi.
Ал қарапайым халық қазынаның қаржысын қарпығандардың орнына елi мен жерiнiң болашағына алаңдағаны үшiн жазықсыз сотталған Макс Боқаев пен Талғат Аянның бостандыққа шыққанын қалайды. Билiк гуманизмдi ту етiп, рақымшылық жариялаймыз десе, ақын, қоғам қайраткерi Арон Атабек бастаған Шаңырақ оқиғасына қатысқан азаматтарды, Жаңаөзен қырғыны үшiн жазықты болған мұнайшыларды, салафиттермен тiрес­кен белгiлi ғалым Саят Ыбы­раев­ты, сотталуы күмәндi Мұқ­тар Жәкiшевтi, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевты амнистиямен босатсын. “Жалған терроризм” бабымен 2 жылға соттал­ған физика пәнiнiң мұғалiмi Юрий Пак сияқты қоғам жазықсыз санайтын жандар бостандық алсын. Егер осындай азаматтар азаттық алса. онда Тәуелсiздiктiң 25 жылдығында жартылай болса да Конституциядағы адам құқықтарын сыйлады, әдiлеттiлiк қағидалары салтанат құрды деп айта аламыз. Басқа жағдайда амнистия iстi болған жемқорлар мен қарақшылар үшiн бостандыққа берiлген билет болмақ.
 Әдiл ҰЗАҚБАЙ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар