1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (16178) 30 қараша, сәрсенбі 2016
30 қараша 2016
Еңлiк Сыдықованың адвокатына қысым жасалды
Мәдениет және спорт министрi А.Мұхамедиұлын ректор кезiнде “сексуальдық бопса жасады” деп айыптаған Еңлiк Сыдықованың адвокаты Гүлнар Жуаспаева кеше баспасөз мәслихатын өткiзiп, өзiне қысым жасалып жатқанын мәлiмдедi. Оның сөзiне қарағанда, ШҚО адвокаттар алқасы “адвокаттық этиканы бұзғаны” және “әлеуметтiк желiлердегi жазбаларында өзiн дұрыс ұстамағаны” үшiн Г.Жуаспаеваның iсiн қарап жатқан көрiнедi. Адвокат мұны өзiнiң Е.Сыдықованың мүддесiн қорғауымен байланысты әрекет деп түсiнедi.
Естерiңiзде болса, өзiн айыптағандардың бәрiн сотта жеңiп келе жатқан министр Е. Сыдықованы да сотқа берген. Бiрақ ар-намысын заң жүзiнде қорғауға құмар министрдiң шағымынан сот процессуалдық кемшiлiк көрiп, керi қайтарған. Осымен министр мен бойжеткеннiң тартысы сәл тыншығандай едi. Ендi мiне, оның адвокаты “қысым көрiп жатырмын” деп дабыл қақты.
Баспасөз мәслихатында Еңлiк Сыдықованың ертеңiне алаңдаған жұртқа жағымды бiр жаңалық айтылды. Г.Жуаспаеваның айтуынша, министрмен айқасып жүрген бойжеткен арнайы психо-физиологиялық тексеруден (СПФИ) сәттi өткен. Оған “Мұхамедиұлы сiзден тестiлеуден өту үшiн ақша сұрады ма?”, “Мұхамедиұлы сiзге өзiмен бiрге қонаққа баруға ұсыныс жасады ма?”, “Мұхамедиұлының көмекшiсi сiзге Мұхамедиұлының демеушiлiк көмек жасайтыны туралы ұсыныс айтты ма?” деген сауалдар қойылған. Ал Е.Сыдықованың барлық жауабы “рас” деген баға алған.
Ендi бұл тексеру қорытындысын қорғаушы сотта пайдаланбақ. Және бұл ғана емес, сотта кешегi студенттiң айыптауын қуаттайтын куәлер мен өзге де дәлелдер бар екен.
“Бұл iс бүкiл халық назарында. Сондықтан жоғары дәрежелi шенеунiк халық алдында ақ екенiн дәлелдесiн. Ол үшiн сот ашық өтуi тиiс. Бiз Мұхамедиұлының сотта арнайы психо-физиологиялық тексеруден өтуiн талап етемiз” дейдi Г.Жуаспаева.
Демек бұл жолғы тартыс министрге оңайға түспейтiн тәрiздi. Адвокаттың әзiрге жасырын ұстап отырған дәлелдерiнiң не екенi де жұмбақ. Ең басты сауал: Еңлiк өткен тексеруден Арыстанбек өте ала ма, өте алмай ма? Осы сұрақтың тереңiне бойласаңыз, адвокатқа жасалған қысымның қайдан шығып жатқаны да айқындала түсетiндей.
Қ.БАЯН
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар