1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (16179) 5 желтоқсан, дүйсенбі 2016
5 желтоқсан 2016
Апелляциялық шағым қанағаттандырылмады
Кеше Астана қалалық сотында Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ агенттiгiнiң директоры Әсет Матаевтың сот үкiмiне апелляциялық шағымы қаралды. Сот процесiн апелляциялық сот алқасының судьясы Алма Есiмова жүргiздi.
 
Апелляциялық сотқа Ма­таевтардың өздерi емес, туыс­тары қатысты. Сотта адвокаттар Мадина Бакиева мен Андрей Петров Матаевтарға тағылған айыптардың негiз­сiздiгiн қозғап, оған дәлелдер келтiрдi және бiр­неше талап-арыз бiлдiрдi. Атап айтқанда, қорғаушылар сот тергеуiн қайта бастауды, куәгерлерден қайтадан жауап алуды, сот материалдарынан бiрнеше сараптаманың қорытындысын шығарып, оларды дәлел бола алмайды деп тануды сұрады. Адвокаттар алғашқы сот инстанциясында iс жан-жақты және то­лық қаралмады, сот процессуалдық тұрғыдан өрескел қателiктер жiбердi деп санайды. Бұл ретте, Мадина Ба­киева мен Андрей Петров дүние-мүлiктi тәркiлеу туралы сот шешiмiмен келiспейтiнiн, үкiмде аталған жылжымайтын мүлiктердiң кейбiрi Сейiтқазы Матаевтың жұбайы Баян Рамазанованың меншiгiнде еке­нiн де мәлiмдедi.
Прокуратура өкiлдерi соттан адвокаттардың талап-арыздарын қанағаттандырмауды сұрады. Сондай-ақ олар алғашқы сот инстанция­сында iске қатысты барлық дәлел-айғақтардың дұрыстығы зерттелгенiн, Матаев­тарға шыққан үкiмнiң заңды екенiн айтты.
Апелляциялық шағым бо­йынша кеңескен судьялар алқасы аталған iске қатысты сот тексеруiн қайта жаңғыртуға негiз жоқ деп тапты және әкелi-балалы Матаевтардың және олардың қор­ғау­шылары Рамазанова мен Мамырқалиевтiң, адвокаттар Бакиева мен Петровтың өтiнiшiн қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы еттi.
3 қазанда Астананың Есiл аудандық соты Ұлттық баспасөз клубының жетекшiсi Сейiтқазы Матаев пен ҚазТАГ агенттiгiнiң директоры Әсет Матаевты “қаржы жымқырды” деп айыптаған. Мұнымен қатар, “салықтан жалтарды” деген айып қоса тағыл­ған С.Матаев 6 жылға, ал Әсет Матаев 5 жылға соттал­ған. Үкiм бойынша Матаевтар ақпарат және коммуникация министрлiгiне – 169 миллион теңге, “Қазақтелеком” компаниясына 140 миллион теңге қайтаруы тиiс болды. Бұдан өзге, үкiмде Ма­таевтардың жылжымайтын мү­лiктерi (бiр­неше пәтер мен жер телiм­дерi), оның iшiнде Ұлттық баспасөз клубы мен бiрнеше көлiктерi тәркiле­нетiнi айтылған.
Бұған дейiн ЕҚЫҰ, АҚШ-тың Қазақстандағы елшiлiгi, Халықаралық журналистер федерациясы (IFJ) Матаевтардың сотталуын жөнсiз деп есептеп, Қазақстан үкiметiн барлық азаматтардың ой-пiкiр еркiндiгiн бiлдiру құқығы мен заңды тұрғыдан қорғану құқығын құрметтеуге шақырған.
Н.ҚОҢЫР
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар