1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №98 (16180) 7 желтоқсан, сәрсенбі 2016
7 желтоқсан 2016
Баласы үшiн күйген анаға бас прокурор көмектесе ме?
6 желтоқсан күнi Астанадағы Бас прокуратураның ғимаратында үстiне бензин құйып өзiн өртеген Майра Рысманова қазiр қалалық №1 ауруханасының жансақтау бөлiмiнде жатыр. Дәрiгерлер оның жағдайы ауыр екенiн айтады. Терiсiнiң 60 пайызын күйiк шалған әйел күйiк­тiң әсерiнен есiнен танған. Ұлының заңсыз есiрткi сақтағаны үшiн 4 жылдан астам уақытқа сотталғанын әдiлетсiз деп санаған 48 жастағы әйел билiктiң назарын аудару үшiн осындай қадамға бар­ған. 2015 жылдың 15 маусымында Шу аудандық соты Е.Ахметов есiмдi азаматты сату мақсатынсыз iрi көлемде героин және гашиш сақтады деген айыппен     4 жыл 6 айға соттаған. Жамбыл облыстық соты Е.Ахметовтiң шағымын қабылдамай, үкiмдi күшiнде қалдырады. Өзiн өртеген әйелдiң ұлы жазаны қатаң режимдi түрмеде өтеп жатыр.
Бас прокуратураның баспасөз қызметi Майра Рысманованың арызы 2016 жылдың 28 қарашасында қабылданғанын, тексеру үшiн Бас прокуратураның қылмыстық iстi алдыртқанын хабарлады.
Өз кезегiнде бас прокурор Жақып Асанов мұны сұмдық оқиға деп атап, мәселенiң мән-жайын анықтауға уәде бердi.
“Бұл кездейсоқ емес секiлдi. Адамдар мұндайға жанайғайын ешкiм естiмегеннен барады. Қазiр оның тезiрек сауыққанын күтемiз, қолдан келгенше көмектесемiз. Мен өзiм жеке осы iспен айналысамын, бiрақ алдын ала сот шешiмi заңсыз дегiм келмейдi”, – дедi Жақып Асанов.
Бас прокурордың бiр сөзiмен бiз де келiсемiз. Адамдар мұндай ақтық қадамға заң орындарынан араша таппай, әдiлетсiздiктен ашынғанда ғана барады. Баласының жазықсыздығына сенген ана ғана осылай iстейдi. “Адамның басы – Алланың добы” деушi едi бұрынғылар. Бiздiң елдегi сот жүйесi үшiн адам тағдыры тәрк ете салатын тәлкекке айналғаны рас.
Сондықтан бас прокурор сөзiн­де тұрып, iстiң ақ-қарасын ажыратады, баласы үшiн шын мәнiнде күйген ана сауығып кетедi деп үмiттенемiз.
Әдiл ҰЗАҚБАЙ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар