1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (16182) 14 желтоқсан, сәрсенбі 2016
14 желтоқсан 2016
Басбұзарлықтың өтеуi
Адамдардың өмiрiне қастандық жасаған бұзақы жастардың айла-шарғысы мен өтiрiктерi жауапкер­шiлiктен сытылып кетулерiне жәрдем­деспедi. Тергеу органдары анықтаған Алматыдағы 17-18 желтоқсандағы қоғамға қарсы әрекеттерге белсене қатысқандар – Алматы архитектура-құрылыс институтының бiрiншi курс студент­терi Қ.Рысқұлбеков пен Е.Көпесбаев, Алматы энергоқұрылыс техникумының үшiншi курс студентi Ж.Тайжұмаев, “Алматы құрылыс” тресi ҚМБ–39 ағаш ұстасы Т.Ташенов пен “Алматы өндiрiстiк құрылыс” тресi ҚМБ–40 электрмен дәнекерлеушiсi Қ.Күзембаев сотқа тартылды.
Демогоктық шақырулармен және ұрандармен ұлтаралық өшпендiлiктi қоздыра отырып, олар санасыз жастарды төбелеске, қиратулар мен өртеу­ге итермеледi, кәмелетке толмаған жасөспiрiм­дердiң бұзақылық көрсетуiне жол ашты. Басбұзарлыққа, милиция қызметкерлерi мен халық жасақшыларын ұрып-соғуға мақсаткерлiкпен арандатты. Олар қызметтiк көлiктердi төңкерiп тастады, ғимараттарды бүлдiрдi...”
(ҚазТАГ, 1987 жыл 17 маусым)
 
ЖАЗЫҚСЫЗДЫ ЖАЗАЛАУ
 
Сотталушы Айжан ДҮЙСЕНБАЕВА: «Кешегi қанды қырғыннан бiздiң отбасынан артық қасiрет шеккен шаңырақ жоқ шығар. 16 желтоқсанда әкем Бекесжан Дүйсенбаевты полицейлер басынан атып өлтiрдi. Ал iнiм Парахат Дүйсенбаев абақтыда отыр. Өзiм мүгедек болып қалдым.
Тәуелсiздiк алаңында музыка ойнап, той болып жатқан соң кiшкентай екi баламды ертiп көшеге шықтым. Бiр кезде сап түзеген полицейлер екiге жарылып, қалқандарын қалқалап тұра қалды. Осы кезде бiрнеше полицей тiзерлеп отыра қалып, автоматтан оқ жаудыра бастады. Кейiн қашқаным сол едi, аяғыма оқ тиiп, етпетiмнен жығылдым. Қасымдағы екi балам “апалап” бақырып жылап жатыр. Халық жапа-тармағай қаша бастады. Менiң көзiмше сол жерде 10-15 адамға оқ тиiп, жығылып қалды. Қасымда ештеңеден қаперсiз ойнап келе жатқан 7 жастағы бала да оққа ұшты. Полицейлер жолда жараланып жығылғандарды таяқтарымен сабап жатыр. Тұруға дәрменiм жоқ. Осы кезде бiр жiгiт жүгiрiп келiп, көмектесейiн деп қолтығымнан көтерiп жатқанда, ол да оққа ұшты. Сол мезетте алдымыздан төрт-бес жiгiт келiп менi көтерiп алып кеттi...
 
Ауруханада жатып әкемнiң басына оқ тиiп қаза тапқанын естiдiм. Анама әкемнiң сүйегiн жерлеуге бермептi. Тергеушiлер: «Сенiң шешең бiздiң үстiмiзден арыз жазып жатыр. Сондықтан да сол үшiн сенiң үстiңнен де қылмыстық iс қозғап жатырмыз” дедi. Iнiм сол уақыттан берi жазықсыз абақтыда жатыр. Өзiмнiң үстiмнен ҚР Қылмыстың кодекстiң 241-баптың, 2-3 тармағын, 321-бапты қолданып қылмыстық iс қозғады. Олардың айтуынша мен 5 полицияға жеңiл, 1 полицияға ауыр дене жарақатын салыппын. Сондай сорақылыққа сендер сенесiңдер ме?!»
(Жаңаөзендегi сотта айтылған сөз, 2012 жыл. сәуiр)
 
 
ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ ҰЛТАРАЗДЫҚ ЖIК ТУДЫРУҒА...
 
“Қазақстан Республикасының азаматтары 1973 жылы 12 мамырда туған Боқаев Макс Кебенұлы және 16.04.1984 жы­лы туған Аянов Талғат Төлеп­қалиұлы бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне, қоғамдық қауiпсiздiкке, қоғамдық тәртiп пен басқару тәртi­бiне қарсы қылмыстық әрекеттерге барды.
Осылайша, қоғамдық бiр­лестiктiң жетекшiсi ретiнде М.К.Боқаев және Т.Т.Аянов топ болып алдын ала сөз байласып, бұқаралық ақпарат құ­ралдары мен телекоммуникация желiлерiн пайдалану ар­қылы әлеумет­тiк, ұлтараздық жiк тудыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен абыройын қорлауға бағытталған бiр­неше мәрте қасақана қыл­мыс­тық әрекеттерге барды.
Сонымен бiрге М.К.Боқаев және Т.Т.Аянов заңсыз митинг­тердi ұйымдастырып және тiкелей қатысу арқылы азаматтар немесе ұйымдардың заңды мүдделе­рiне немесе қоғам немесе мемлекеттiң заң­мен қорғалатын мүдделе­рiне елеулi зиян келтiрiп, ҚР ҚК 400-бабында көрсетiлген қылмыстық әрекет жасады.”
(Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты айыптау қорытындысынан
25 қыркүйек, 2016 ж. Атырау қ.)
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті