1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (16184) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2016
21 желтоқсан 2016
Мұнай саудасы көлеңкеде кiмдер тұр?
Ақтөбедегi заңсыз мұнай саудасына қатысты ҰҚК тергеу департамен­тiнiң бастығы Е.М.Айымбетов басқарған топ тергеу жүргiзуде. 12 желтоқсан­ға дейiн Ақтөбеде 12 адам тұтқындалды. Кенiш­терден 2013 жылдан берi зауытқа мұнай тасыған 2 жүргiзушi, “Нұрторғай ЖЛТ”, “Дейл Ойл Трейд”, “Сая-8” ЖШС-нiң ортақ директоры Саят Дүсiпов, “Дияр -2016”, “ОйлТрансЛогистик” ЖШС директоры Азат Амитов қамауға алынды. 41 жастағы Нұрлан Қазкенов пен 47 жас­тағы Бауыржан   Батыров. Шұбарқұдық пен Байғанин ауданындағы мұнай ке­нiштерiнен мұнай алып, облыс орталығындағы “Ақтөбе мұнай өңдеу” ЖШС-iне өткiз­ген. 2015-2016 жылы ел iшiнде 1 миллиард 400 миллион теңгеге сатқан. Осы зауыттан 2016 жылы Ресейдiң Орск қаласына 14 миллион 500 мың теңгеге ұрлықы мұнай өткiзген.
 
10-14 желтоқсанда осы топтың негiзгi төмен­дегi буыны түгелдей ұсталды. Ақтөбелiк кәсiпкер Лапшин “Ақтөбе мұнай өңдеу” зауытын құру арқылы кенiштердегi мұнайды өзiмiзде өңдеп, оны жергiлiктi және көршi рынокта сату мақсатын көздеген. 2011 жылы басталған құрылыс 3 жылдан соң Лапшиннiң қолынан қаскөйлiкпен тартып алынды, одан кейiн осы зауыттың иелерi Мәскеу­де болды, одан “Ақтөбе инвест” компаниясында, ақыры Iлияс Тасмағамбетовтiң меншiгiнде бол­ғанымен, мүгедек, спорт меценаты, еркiн күрестi қаржыландырушы Еркiн Iзбасар мұнай саудасын бақылаған деп хабарланып жатыр. “Ағайынды төртеудiң” жетекшiсi Еркiн Iзба­сардың полициямен арадағы келiспеушiлiктерi туралы сөз шықты. Ендiгi жерде “Ағайынды төртеудiң” тағы бiр жетекшiсi Әкiмжанның да Қазақстаннан қашып, Ресейде жүруiне оның өмiрiне төнген қауiп себеп болды. Ендi бiр бүйрегi жұмыс iстемейтiн, үнемi күтiмдi қажет ететiн 50 жастағы мүгедек суық түрмеде жатыр. Оның қорғаушысы Серiк Сәрсенов қылмыстық iстегi басты күдiктi ретiнде ұсталған Еркiн Iзбасардың денсаулығына алаңдаулы. Осы деректерге қарағанда, пәленiң бәрiн Еркiн Iзба­сардың басына үйiп-төгiп жатқан сыңайлы. “Ағайынды төртеудiң” басшысы Еркiн Iзбасар­дан өзге «заңсыз мұнай саудасын құқық қорғау органдарынан тiкелей кiм бақылады?» деген сауалға әзiрше толыққанды жауап жоқ. Iшкi рынок­қа мұнай тасымалдауға, оны кедендiк бекеттен, шекарадан өткiзуге жалғыз Еркiн Iзбасардың шамасы да, мүмкiндiгi де жетпейдi.
 
2013 жылдан берi кенiштер­ден КамАЗ, МАН көлiктерiмен мұнай тасымалдап жүрген топтың жол бойы көлiк бақылау департаментi, салық, полиция бекетте­рi­нен қалай айналып өткенi, темiржолдағы заңсыз цистерналарға толы өнiмдi шекара бекеттерi­нен қалай еркiн өткiзгенi белгiсiз. Iстiң басты тұлғаларына келгенде, өлi тыныштық. Себебi – оқиғаның жал­ғасы төбедегi төрелерге, яғни көлеңкелi экономиканың тегершiгiн айналдырып отыр­ғандарға тиiп кетерi анық.
Ықпал ету аймағы үшiн тартыс жүрiп жатыр, мұнай саудасын бақылау көздерiн ешкiм басқа қолға бере салмайды, бұл жерде кланаралық қақтығыс­тар шайқасы да ашық түрге ауысты. Осы жағдайды пайдаланып, қытайлар да мұнай ке­нiш­терiнен мұнай тасу жолдарын өз қолына алмаққа әрекеттенуде. Қытайлар 300-400 шақырым елсiзден мұнай тасымайды. Тасу, тиеу тек жергiлiктi көлiк иелерiнiң қолында. 2010 жылы “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ басшылығы кенiштерден мұнай таситын ауыр көлiктерге бақылау жүйесiн қондырып, олардың жүру бағыттарын бақыламақ болғанда, көлiк жал­дау­шылар өре түрегелдi. Қы­тай мәселесi алдан шықты, қоғамдық пiкiр қарсы тұрғасын, олар да сап тыйылды. Ендi қытай компаниясына салафиттер мен “Ағайынды төртеу” жетекшiсiнiң қамалуы жақсы мүмкiндiк туғызды, осы тарап бұл сәттi пайдаланып тасымал көздерiн түгел уысына түсiрмек. Тасмағамбетов пен Бергей Рысқалиевтiң құдасының қолынан зауытты тартып алуға ықпалды клан мұнай тасымалын өз қолына алады, билiк әрi салафиттерден тазартады. 90-жылдардан берi тартысып келе жатқан “Ағайынды төртеудiң” көзге түрткi болған басшысынан да оңай құтылады. Бiр оқпен үш қоянды оп-оңай атып алады.
 
Қазiрде мұнай компаниясы мұнай таситын көлiктерге тек Қытайдан келген оралман қа­зақтарды ғана жұмысқа қабылдап, көлiктерiмен жалданып жұмыс iстейтiн жергiлiктi адамдарды екi жылдан берi жайлап ысырып тастауда.
Бiрнеше жылдан берi мил­лиардтаған айналымдағы көлең­келi экономиканың қызығын көргендер тағы да тасада қа­луы мүмкiн. Ойын ере­жесi өз­герiп, әзiрге есiмдерi жұртқа жайылып кеткен орындаушыларды құрбандыққа шалып жiберерi де сөзсiз. Қысқасы, пәленiң бәрiн аты шыққан рэкет пен сақалды салафитке жаба салу – өте айлалы жүрiс. Жұрт­тың көңiлi орнына түскен жоқ, себебi 5 маусымдағы Ақтөбе терактiсiн жоспарлағандар, әрi ұйымдастырғандар ашылмай қалды. Сот бiттi: 18 содыр өлдi, 9-ы өмiр бойы бас бостандықтарынан айырылды. Әуел баста терактiнi ораза кезiнде «Қазақстанды азат ету ұйымы мойнына алды» деген жорамалдың да күл-талқаны шықты. Елдегi беделдi сарапшылар сол күнi-ақ ондай террорлық ұйымның болмағандығын айтты. Ертеңiне   ДАИШ идеологы Аднани бұйрығымен «жиһад жасауға шықты» деген басқа пiкiр тарады. Алайда бұл жорамалға да жұрт сенген жоқ. Ақтөбе оқиғасының ақ-қарасын тексеруге 17 қыр­күйекте бас прокурор Жақып Асанов бастаған топ келiп, қазанның соңында терактiнiң қаржыландыру көзiн анықтаймыз деп уәде берiп кеткен. Күнi кеше youtube-те тараған “Оразадағы ойран” фи­льмiн­де өмiр бойы бас бостандығынан айырылғандар терактi­ден бiрер сағат бұрын жалдамалы пәтерде болған оқиғаны айтады. 5 маусымда осы жерге 40 танысын жинаған Дмитрий Таңатаров әуелi Аднанидiң флешкаға интернеттен жазылып алған уағызын 1 сағат тыңдай отырып, құрма қосылған су iшкендерiн айтады. “Есiмдi жисам, “Палладаның” алдында жүрмiн, қолымда мыл­тық”, – дейдi Бақыт Қуанышбаев. Фильмде оразада ойран салушылардың психотроптық амфетамин препаратын қабылдағандықтары айтылады.
Облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрiгерi Рахымжан Арыстанов жараланып не өлiм халiнде түскен терроршылардың ауыздарынан арақ иiсi мүңкiп тұрғанын, бәрiнiң қан құрамында алкогольдiң болғанын ендi ғана айтып отыр. Мiне, осы мамандардың аузымен айтылған сөздер 5 маусым оқиғасын ұйымдастырғандардың «Аднаниға қатысы жоқ, оны iштей ұйымдастырды, әрi бұлар Құдай жолында жүргендер емес, арақ iшiп адам атуға шыққан» деген айыпты қоғамдық пiкiрдiң құлағын үйретуге ыңғайлап отыр. Ендеше iште кiм ұйымдастырды? Бүгiнгi күнi қай жерде болмасын, қаржысыз терактiлер жасалмайды. Мiндеттi түрде арада ақша жүредi. Ендеше, Аднани есепшотқа ақша аудармаса, онда терактiнi кiм қаржыландырады, қаржыны қай көзден алады дегенге жауапты көлең­келi экономикадан iздейдi. Ал бүгiнгi күнi басты күдiктi – Еркiн Iзбасар.
 
 Спорт меценаты Ақтөбедегi мұнай ұрлау мен оны өткiзу каналдарын тiкелей бақылап отырғандығы үшiн айыпталып отыр. Қысқасы, 2011 жылдан бергi ұрлықы мұнай саудасы жауап­кершiлiгi 1998 жылы автокөлiк апатына ұшырап, беломыртқасы зақымданған, арбаға таңылған, өздiгiнен жүрiп қозғалуға мүм­кiндiгi жоқ адамға артылмақ. 90-жылдардағыдай қандай да бiр сценарий қайталанып жатыр Қарақшылар мемлекеттiң мүд­десiн басып кеттi дейдi? Ал бiздiң мемлекеттiң мүддесi мұнай саласында қай жерден басталып, қай жерде аяқталады? Осының шектiк мөлшерi бар ма? Жоқ. Кеңқияқ пен Шұбарда, Байғанинде мұнай ұрлайтынын жұрттың бәрi жақсы бiледi. Байғанин ауданының өзi облыс орталығынан 300 шақырым, оның алыс­тағы мұнай кенiштерiнiң өзi аудан орталығынан 200 шақырым қа­шықта, елсiз жерде. 25 жыл iшiн­де өз мұнайын өңдейтiн бiр шағын зауыт сала алмай отырып, Лапшиннен қалған дүниенi талан-таражға түсiрiп, ендi бiр бұрышына салафит, бiр шетiне қылмыстық топты байлап қойған шахмат жүрiсiндегi   басты ойыншылар қалқада қалмақ па?
Бұл сұраққа жауаптың шетi ендi шыға бастаған секiлдi. Астанада Iшкi iстер министрлiгiнiң бұрынғы жоғары шендi қызмет­керi – қылмыстық полиция депар­таментi бастығының орынбасары болған Рахат Аханов қамауға алынды. Ақтөбе облысындағы мұнай ұрлығына қатысты ұйымдас­қан қылмыстық топты қорғады деген күдiкпен ұсталған оны дереу Ақтөбеге жеткiзiптi. Р.Аханов облыста бес жыл полиция бастығының орынбасары қызметiнде жүрген. Шiлдедегi терактiден – экстремистердiң 7 адамды өл­тiрiп, қару-жарақ дүкенiне, әскери бөлiмдерге шабуылынан соң қызметтен кеткен кезде, оның себебiн басқаша көрсеткенi есiмiзде. Әдеттегi кадр алмасушылық деп жақауратқан. Ендiгi анықталуы қажет мәселе – Р.Ахановқа пана болып, қорғаштаушы кiм, ол Ақорданың қай жерiнде отыр? Жiптiң ұшын батылдықпен тарта берсе, Ақтөбе мұнайынан арам байлыққа кенелгендердi көрiп те қалармыз. Атыс-шабыс та сонда бiржолата тоқталар.
Баян Сәрсембина,
Ақтөбе
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті