1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (16185) 26 желтоқсан, дүйсенбі 2016
27 желтоқсан 2016
Судьяның өз еркi, қандай шешiм шығарса

МҰНДАЙ ЖАҒДАЙДА ЗАҢ ҚАЙДА ҚАЛАДЫ?

Сарыағаш ауданының бiлiм бөлiмi қызметкерлерi Оңтүстiк Қазақстан облыстық сотының азаматтық iстер жөнiндегi апелляциялық сот алқасы әдiл шешiм шығарады деген сенiмде. Ауданда 137 мектеп бар. Бұл дегенiңiз бiр аудандағы бiлiм ошақтары елiмiздiң кей облыстарындағы мектептерден көп. Яғни, осыншама мектепте бүгiнгi ұрпаққа сапалы бiлiм берiлуi, оқушыларға барлық жағдайдың жасалуы, мұғалiмдердiң өз мiндетiн мiнсiз атқаруы секiлдi басқа да сұрауы көп жұмыстарға жауапты мекеме соңғы кезде алтын уақытын сотқа бөлумен сабылып жүр. Мәселенiң мәнiсiн тiл күрмеленетiн соттың сөзiмен емес, оқырманға түсiнiктi етiп баяндап көрелiк.
Сарыағашта арнайы қаулыға сүйенiп бiлiм бөлiмiнiң бас маманы Т.Ахметовтi штат қысқаруына байланысты қызметiнен босатқан. Бiлiм бөлiмi басшысының бұйрығымен Т.Ахметовке бiр ай бұрын жұмыстан босауы мүмкiн екендiгi жазбаша хабарланған. Хабарламамен танысып, Т.Ахметов қол қойған. Шiлде айында бас мамандықтан босатылғанымен, ол бiлiм бөлiмi жанындағы әдiстемелiк кабинетке әдiскер болып жұмысқа қабылданған. Алайда бұрынғы бас маман өзiн қызметтен босатқан бұйрық заңсыз шығарылғанын айтып, сотқа жүгiнiптi. Сарыағаш аудандық сотының судьясы З.Алсеева Т.Ахметовтiң талап арызын iшiнара қанағаттандырып, бiлiм бөлiмiнiң бас маманы қызметiне қайта орналастырылсын деген шешiм шығарған. “Бiрiншi сатыдағы соттың бұл тұжырымымен келiспеймiз. Себебi, Еңбек кодексiнде жұмыскердi штат қысқаруына байланысты атқаратын қызметiнен босатқан жағдайда оған басқа жұмыс ұсынылатыны көзделмеген. Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың 19.12.2003 жылғы №9 “Соттардың еңбек дауларын шешу кезiнде заңнамаларды қолдануының кейбiр мәселелерi туралы” нормативтiк қаулысының 11-тармағында, “қызметкерлердiң штаты қысқаруына байланысты еңбек шарты бұзылған адамдарды жұмысқа қайта қабылдау туралы iстердi қарауда, соттар қызметкерлердiң штаты қысқартылуы шынында жүргiзiлгенiн, қызметкерлердi босатудың заңнамалық актiлермен қарастырылған ретi сақталғанын тексеруге мiндеттi” екендiгi көрсетiлген. Бөлiмдегi штат саны шын мәнiсiнде қысқартылған, қызметтен босату туралы бұйрықты қабылдау барысында заң бұзушылыққа жол берiлген жоқ. Бұдан бөлек, Т.Ахметов әдiскер болып жұмысқа қабылданған. Бiрiншi сатыдағы сот осындай мән-жайларды назарға алмай, заңсыз әрi негiзсiз шешiм қабылдап, бөлiмде жоқ орынға Т.Ахметовтi қайта орналастырды”, – дейдi бiлiм бөлiмiнiң басшысы Мұрат Маханов. Бiлiм бөлiмiнде жоқ штатта бас маман ұстау, жалақы төлеу де заңсыздық болар. Бұл мәселе де бүгiнде басшының “бас ауруына” айналып отырған секiлдi.
Бас ауру демекшi, бiздiң қоғамда өзiне қажеттi деген кезде кенеттен “науқастана” қалатын, “больничныймен бүркенiп” уақыт өткiзiп жататындар немесе сол еңбекке жарамсыздық парағын өзiне қажеттi күнге сәйкестендiрiп “ашып-жапқыза” салатындар да аз емес. Сот арқылы қызметiне қайта келген Б.Майриховқа қатысты да шығарылған шешiммен келiспей отырған бiлiм бөлiмi осы мәселеге қатысты уәждерiн келтiрiптi. Аудандық сот “Б.Майриховты бұрынғы жұмысы – Сарыағаш ауданының бiлiм бөлiмi басшысының орынбасары қызметiне қайта орналастырылсын, сондай-ақ оның пайдасына лажсыз бос жүрген уақытына 920 097 теңге айлық жалақысы өндiрiлсiн” деген шешiм шығарған. Бiлiм бөлiмi сот тұжырымымен келiспейтiндiктерiн бiлдiруде. “Б.Майриховқа жұмыс барысында тәртiптiк шара (ескерту) көрiлген. Сондай-ақ, Мемлекеттiк қызмет жөнiндегi облыстық департамент жанындағы Тәртiптiк кеңестiң шешiмiмен “атқарып отырған лауазымына толық сәйкес еместiгiн қарау немесе жұмыстан босату” туралы ұсыныс келтiрiлген. Ұсыныс негiзiнде Б.Майрихов жұмыстан босатылған. Бұйрық шыққан күнi ол жұмыста болған. Түске дейiн ағымдағы жұмыстармен айналысып, түс қайта бас маман А.Тұрсынбаевпен бiрге сот процесiне қатысқан. Келген соң бөлiм қызметкерлерiмен өткiзiлген жиналыста жұмыстың соңына дейiн болған. Ол туралы мамандардың түсiнiктемелерi бар. Жұмыстан шыққаннан кейiн арада екi ай өткенде еңбекке жарамсыздық парағын әкелiп, сотқа жүгiнедi. Бiрiншi сатыдағы сот жұмыстан шығару туралы бұйрық шыққан күнi жұмыста болғанын, сол күнге табель толтырылғандығын, айлық жалақы төленгендiгiн есепке алмады. Жұмыста болғандығын растайтын азаматтарды куә ретiнде қатыстырмады, берген түсiнiктемелерi назарға алынбады. Жұмысқа жарамсыздық парағының шынайылығына объективтi түрде тексеру тағайындалмады”, – дейдi бiлiм бөлiмiнiң басшысы.
Бiлiм бөлiмiнiң қызметкерi М.Абдалиева редакциямызға жолдаған шағым-хатында Б.Майриховтың бұрынғы қызметiнде жiберген заңбұзушылықтар жөнiнде айта келiп: “Тәртiптiк кеңес” атқарып отырған лауазымына лайықсыз деп таныған азаматты орынтағына қайта жайғастырған соттың бұл шешiмiн қалай түсiнсек екен? Сол күнi сап-сау жұмыста болған адам, қалайша екi айдан кейiн жұмысқа жарамсыздық парағын әкеледi? Неге сол күнi алып келмейдi? Сұрақ көп, жауап жоқ. Алдағы уақытта бұл сұрақтарға құзырлы органдар тұщымды жауап берер деген ойдамыз” дептi шағымының соңында. Осындайда сарыағаштық судьяның iс-әрекетi “Қазаншының өз еркi қайдан құлақ шығарса” деген халық даналығын ерiксiз еске түсiредi. Сонда заң қайда қалады, оның үстiне судья қазаншы емес қой.
Иә, бүгiнгi таңда жоғарыдағы мәселелер бойынша азаматтық iстер жөнiндегi апелляциялық сот алқасына жүгiнiп отырған аудандық бiлiм бөлiмi де әдiл шешiм шығарылатынынан үмiттi.

Диас НҰРКЕНҰЛЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар