1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
5 қаңтар 2017
Қош бол, ала таяқ

ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ҚОЛ БҰЛҒАП ҚАЛДЫ ЭКСПО БIТКЕНШЕ...

Сөйтiп, 2017 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан жол полициясы қызыл таяқтан қағылды. Iшкi iстер министрлiгi өзi бекiткен бұл өзгерiстi елдегi жол ережесiн сақтауда халықаралық талаптарға сәйкестенумен түсiндiрдi. Еуропа әрiптестерiнен кем түскiсi келмеген қазақ полицейлерi ендi жаяу жүрiп көлiк тоқтата алмайды. Тоқтататындай, тоқтатуға себеп боларлық төтенше жағдай туса, онда қызыл таяқсыз қол сiлтеп қана көлiкке “тоқта” деп белгi бередi. Және қол сiлтеген сәтте ысқырып та үлгеруi керек. Әрине, қызыл таяқсыз қол сiлтеу қиын емес. Ал Астананың немесе Арқаның сары аязында ауызға салған ысқырық ерiнге жабысып қалса, онда бұл жол полициясының жеке шаруасы. Жол ережесiндегi халықаралық талаптарға сәйкес келу мен еуропалық әрiптестерiндей қызмет қылу үшiн “сиқырлы” қызыл таяқпен қоштасып, қол сермеп қалған, аязды күнi тастай ысқырықты ерiндерiне жабыстырып жатқан жол полицейлерiне кейбiр жандар аяушылықпен қарап жатыр. Шындығына келгенде, Iшкi iстер министрлiгi жол полициясына көлiктен түспейтiн керемет жағдай жасап бердi. Бұрынғыдай тал артында тығылып, күнi бойы тiкесiнен тiк тұрып, табаннан сыз, шекеден күн өткiзiп жандарын қинамайды. Себебi, полиция ендi көлiкпен жүрiп қана бақылау жүргiзедi. Жол бойында “тығылып” жаяу тұруына тыйым салынды.
Жаңа ереже бойынша жол полициясы көлiктi қол бұлғап автокөлiктер соғылғанда, төтенше жағдайларда, сондай-ақ, жол-патрульдiк полиция бекеттерiнде, шұғыл-iздеу шараларында ғана тоқтата алады. Бұл жағдайларда қол бұлғаған кезде бiрге ысқыруы да шарт.
Автокөлiкте жүрiп жол ережесiн бақылайтын полицейлер iс-әрекеттерiн бейнетаспаға жазып тұруы да шарт.
Қызыл таяқтың арқасында сан жылдан берi сыбайлас-жемқорлықтың ордасы ретiнде танылған жол полиция қызметi жаңа ереженi қаншалықты мойындап, iске асыратынын уақыт көрсетер. Дегенмен, қазiрдiң өзiнде полицияға билiктiң буын сездiрген қызыл таяқты керi қайтарып беруге ниеттiлер бар. Солардың бiрi коммунист-депутат Айқын Қоңыров өзiнiң Facebook парақшасында парламентте “жол ережесi” заңына өзгерiс дайындап жатқандарын хабарлады. Оның сөзiнше, көптеген азаматтарға полицияны қызыл таяқсыз қалдыру түсiнiксiз болып қалған. Депутаттың пiкiрiнше, жол полициясы қызыл таяқсыз жүрмесе, қас қарайған сәттерде көше қиылысын реттеу қиынға соғып, кептелектi ұзартады. Айқын Қоңыров ерте ме, кеш пе, Iшкi iстер министрлiгi жол полициясына қызыл таяқты қайтарып беретiнiне сенiмдi. Iшкi iстер министрлiгi қайтарып бермеген күннiң өзiнде, депутаттар қарап жатқан “жол ережесi” заң жобасында қызыл таяқты қолдануға болатынын арнайы жазып қоймақ.
“Жас Алашта” есiмiн атап көрсеткiсi келмеген астаналық бiр полицей қызыл таяғын көп ұзамай қолына қондырарына сенiмдi. “ЭКСПО көрмесiне келетiн шетелдiктердi шошытпаудың амалы ғой. Көрме бiткен соң, қызыл таяқты қайтарады. Қазақстан Еуропа емес қой” дейдi ол.
Еркiн есiмдi жүргiзушi “қызыл таяқсыз қалған полицейлер ендi пара ретiнде алатын жолпұлдың көлемiн азайтса екен” дейдi. Ал Мәди есiмдi жүргiзушi полицияны қызыл таяқсыз қалдырғаннан жол ережесiн сақтау жақсарып, тас жолдағы жемқорлық азайып кетпейтiнiн айтады. Оның сөзiнше, мәселе таяқта емес, құлқында. “Жоғарғы жақтағылардың жемқорлық құлқынын тыюға Еуропадағыдай сергек, ояу азаматтық қоғам керек. Азаматтық қоғамды ояту үшiн саяси жүйенiң өзгеруi шарт” дейдi Мәди.
Ала таяқтар мен қызыл таяқтардың республика бойынша ұзын саны қанша екен? Оның әрқайсысы кемiнде 30 мың теңге тұрса, қаншама ақша босқа кеттi? Ол таяқтарды қайда жiбередi: естелiкке әр қызметкерге таратып бере ме, әлде қоймаға салып сақтай ма? Қалта қаққыш (жүргiзушiлердiң), нәпақа тапқыш (жолполдың) таяқтың тағдырына қатысты осындай сұрақтармен бас қатырып жүргендер де бар. Жаңа жылдың бұл жаңалығы тосын сый болды,ә?!.

Жасұлан АҚКЕР,
Астана

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
бывший | 5 қаңтар 2017 13:54
Обал болган екенда. Енди командир аклар немен кун кореди.
Есенғали, Антакиядан | 6 қаңтар 2017 02:21
Обал болган екенда. Енди командир аклар немен кун кореди.

Енді "командир акаларың" радармен күндерін көретін болады. Өз көлең-
кесінен қорқатын биліктің қорғаушылары аш-жалаңаш қалмайды, қайғыр-
май-ақ қой. Әлемдегі полицейлері көп 6 мемлекеттің арасында Мазақстан
ойып тұрып "почётное место" иелейді.
(Сакен | 8 қаңтар 2017 11:37
Пост гайдегилер калай болады сонда?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар