1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
5 қаңтар 2017
Апелляциялық сот шағымды қайтарып жiбердi

Нартай Дүтбаевтың қорғаушысы Жомарт Сарманов Дүтбаевты екi айға қамау туралы сот шешiмiне шағым жазған. Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы ҰҚК-нiң бұрынғы басшысына қатысты шағымды қайтарып жiберген. Бұл туралы “Азаттық” хабарлады. Апелляциялық сот отырысы 2 қаңтар күнi өткен.  Қорғаушы Жомарт Сармановтың мәлiмдеуiнше, желтоқсанның соңғы күндерiнде ұсталған Н.Дүтбаевқа қатысты iс “құпия” деп танылғандықтан, осы iс бойынша ҰҚК таратқан ақпараттан өзге қандай да бiр мәлiмет бере алмайды. Әйтсе де Сарманов Дүтбаевтың өзi “мемлекеттiк құпияны жариялау” және “қызмет бабын асыра пайдалану” деген тағылған айыптарды мойындамайтынын айтқан. Кейбiр БАҚ-та “Дүтбаев iсiне” қатысты “расталмаған ақпараттар” жарияланыпты. Бұрынғы ҰҚК басшысының қорғаушысы Дүтбаевтың бұған да қарсылық танытқанын айтқан. Сармановтың “Азаттыққа” берген түсiнiктемесiне қарағанда, Дүтбаев оны “қоғамда өзiне қарсы терiс көзқарас қалыптастыру арқылы қысым жасау әрекетi” деп бағалайды.
Бұған қоса қорғаушы Сарманов Дүтбаевтың ҰҚК абақтысында өзiн ұстау тәртiбiне шағымданбайтынын айтқан.
Естерiңiзге сала кетейiк, Сарманов – Н.Дүтбаевтың әзiрше жалғыз қорғаушысы. Бұл жөнiнде де адвокаттың өзi мәлiмдеген.
26 желтоқсанда ҰҚК Нартай Дүтбаевпен бiрге Нұрлан Хасендi және Ерлан Нұртаевты тұтқындағаны жөнiнде хабарлаған едi. Олардың үй-жайларына тiнту жүргiзiлiп, “заттай айғақтар тәркiленген”. 28 желтоқсанда ұсталған күдiктiлер сот шешiмiмен екi айға қамалып, ҰҚК-нiң тергеу абақтысына жабылған.
 

Г.ҚАПАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
алашордалық | 9 қаңтар 2017 16:00
Сталин де өзіне адал қызмет еткен Мирзоян, Голошекинды өстіп құрбандыққа шалып жібергеніндей Дүтбаев пен Бішімбаев та отпен ойнап еді міне енді күйіп жатыр орысшалағанда "ничего личного просто бизнес" Ал қалған шенеуніктерге Гаага соты жазаларын бере жатар
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар