1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (16194) 31 қаңтар, сейсенбі 2017
31 қаңтар 2017
Тапсырыс берушiлер тасада қалды...

ОЛАР ЖҰМСАҒАН ЖҰМЫССЫЗДАРҒА СОТ ҮКIМ ШЫҒАРДЫ

“Не шықса да Шымкенттен шығады” деген сөз осындайда еске түседi. Қайбiр жылы Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қыздың орнына жiгiт кiрiп, елдi шулатып едi. Жуырда Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық соты мемлекеттiк қызметкерлердiң немесе осы қызметке кiргiсi келгендердiң орнына емтихан тапсырып, шенеунiктерге заңсыз қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топқа үкiм оқыды. Жалған сынақ тапсырушылар былтыр қазан айында әшкереленген болатын. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Ұлттық бюросының қызметкерлерi оларды Алматы мен Талдықорған қалаларында ұстады. Тексеру барысында қылмыстық топтың ордасы Шымкент қаласында екендiгi анықталған.

Топ мүшелерiнiң алды сот алдындағы жазасын былтыр алған. Үкiм қалған 19 адамға оқылды. Сот олардың сегiзiн бас бостандығынан айыру жазасына кестi. Топтың екi жетекшiсi 7 жылды, қалған алтауы 5 жылды арқалады. Қалғандары жасаған қылмыстары жеңiл болғандықтан және жазаға тарту мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты босатылды.
Бiр айта кетерi, жалған тест тапсырушылардың барлығы – өте сауатты кәсiби мамандар. Мемлекеттiк қызметкерлерге қойылған сұрақтардың барлығына мүдiрмей жауап берiп, тестi сәттi тапсырып шығу үшiн жоғары кәсiби бiлiмдiлiктiң қажеттiлiгi айтпаса да түсiнiктi. Барлығы жұмыссыз. Мынандай табысты кәсiбi бар азаматқа жалақысы жоғары жұмыстың керегi де болмаған сияқты. Өйткенi қылмыстық топ мүшелерi тестiге әр кiргенi үшiн 2-3 мың доллардан ақы алып отырған. Өздерiнiң қызметтерiн клиенттердiң талап-тiлегiне орай Қазақстанның кез келген қаласында жүргiзiп отырған. Судья Еркiн Оспановтың айтуынша, олар күдiк болмау үшiн тестiге кiретiн үмiткердiң жеке куәлiгiн арнайы аппараттың көмегiмен қайта жасап шыққан. Куәлiкте үмiткердiң аты-жөнi жазылғанымен, жалған тест тапсырушының фотосуретi жапсырылған. Жаза арқалағандардың арасында ерлi-зайыптылар да бар. Олардың артында қалған екi баланың тағдырын ендi қорғаншылық және қамқоршылық бөлiмi шешетiн болады.
Жалпы қылмыстық iс бойынша сотталушылардың 148 адамның орнына кiрiп, тест тапсырғаны мәлiм болған. Қайталап айтайық, бұл тергеу барысында анықталғаны ғана. Қазiргi уақытта осы 148 азаматтың бәрi жұмыстарынан босатылған көрiнедi. Олардың қандай лауазым иелерi екендiгi де белгiсiз. Бiрақ 2-3 мың долларды анау-мынау шенеунiктiң төлей алмасы бесенеден белгiлi ғой.
Алаяқтардың қызметiне тапсырыс бергендер осылайша тасада қалды. Жiптiң ұшын тарта берсеңiз, күдiктiлердiң қатары бұдан да көп болуы мүмкiн. «Емтиханға бiр азаматтың қайта-қайта кiре бергенiн тест тапсыру орталығының мамандары мүлдем бiлмеген бе?» деген сұрақ туады. Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң мамандары жас балаша алдана салатын соншалықты аңқау ма едi деп те ойлайсың. Әлде антикоррупция ескi әрiптестерiнiң былық-шылығын әшкерелеуге құлық танытпады ма екен? Кiм бiледi?

Бақытжан ӘБДIРАШҰЛЫ,
Оңтүстiк Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Қызылордалық Балталы Төлеген | 31 қаңтар 2017 16:41
Бұлардікі "әшейін майда-шүйде күн көріс"қой.Ақшасын төлеген соң,"балаларының несібесіне бір бөлменің ішіндегі бәйгеге қатысқан екен.."."Осылар озды ма,басқасы озды ма" бұлардікі ЕЛГЕ тұтқа болатын нәрсе емес.. Қыран бүркіт қана шыға алатын биікке кәрі қарға шығып қарқылдайтын ЕЛ емеспіз бе?"Тұлпарлар ғана шабатын бәйгеден жүр ғой ЖАБЫ да "оқ бойы озып келіп бәйге алып"..!
Galym | 1 ақпан 2017 09:36
Осындай жан-жакты сауатты Адамдар жумыска турганмен оларды мемлекеттик кызметте жумыс истетпейди команда.Сондыктан олар осылай акша табады.Автормен келисемин бул сол тест кабылдайтын мекемемен аффилированный ,былайша айтканда КР Бир ММ курса жанынан10 ТОО курады сонын жумысын жасайтын.
АДК | 1 ақпан 2017 16:56
Тестілеу жүйесін қайта қарау керек, облыс орталығынан емес, Астанадағы тестілеу орталығынан өткізіп, жемқорлықтың алдын алуға болады. Тестілеу жүйесін Президенттін аппаратына беру керек. Әр компьютерді камера арқылы қадағалап, компьютерлердің сеть арқылы жалғануын болдырмау қажет, қулар екінші кабинеттен басқара алмайды. Екінші жағынан мемлекеттік қызметкерлер Астана көру бақытына ие болады. Және де қызметте таза кәсіби сауатты мамандар қалады.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті