1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №9 (16195)   2 ақпан, бейсенбі 2017
2 ақпан 2017
Маңғыстауда сотталған мұнайшыларды жұмыстан шығарып жатыр

“Тәуелсiз кәсiподақ керек” деп талап қойғаны үшiн қамауға алынып, әкiмшiлiк және азаматтық жазаға тартылған «Ойл Констракшн Компани» мұнайшылары жұмыссыз қалды. 4 адам жұмыстан шығарылды. 20-50 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн айыппұл салынып, 4 миллион теңгеге жуық компанияның дәлелденбеген әлдебiр “шығынын” төлеуге мiндеттелгендер ендi апелляциялық сотқа дайындалып жатыр. Билiк наразылықты осылай тоқтатқысы келген. Алайда маңғыстаулық мұнайшылар наразылығы Атыраудағы ереуiлге ұласты.
ОСС компаниясының бас директоры Серiк Әбденов сот шешiмiн негiзге алып, әзiрге төрт адамды Құсайын Жылқышиев, Жамбыл Бегешов, Қайрат Ерекешов пен әрiптестерiне қолдау көрсету үшiн кран басына шыққан Мейрамбек Қуантаевты жұмыстан босатты. Олардың кейбiрiнiң отбасындағы жалғыз асыраушы екендiгi бұрынғы еңбек министрiн алаңдатқан жоқ.

ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРУ
Жамбыл Бегешов жұмыссыз қалғанын қолына Әбденовтiң бұйрығын алмастан бұрын “ҚазМұнайГаз” өндiрушi активтер басқармасының директоры Тимур Бимағамбетов қатысқан 24 қаңтардағы Қаламқастағы жиында бiлген. Сол күнi ол кезектi вахталық ауысымдағы жұмысына кiрiскен едi. Билiктен, президенттен ақша емес “өз құқымызды қорғайтын тәуелсiз кәсiподақты қалдыр” деп өтiнiш бiлдiрген қара халықты жинаған “ҚазМұнайГаздың” лауазымды тұлғасы “тәртiпсiздiгi” үшiн бәрiн сiлкiлеп алған. Елдi жайлаған жұмыссыздық пен дағдарыс жұмыс берушi қолындағы қамшыға айналғалы қашан! Бiрнеше жыл бойы “жұмысшы құқын” заңмен талап етiп, компания басшысы үшiн ыңғайсыз, топқа айналған ОСС мұнайшыларын жазалаудың ең оңтайлы сәтi едi бұл. Сондықтан да төңiректегi басқа “әу” дегiсi келетiндерге сабақ болсын дегендей дәлелi бар-жоғы белгiсiз компания тартқан әлдебiр шығын мен әкiмшiлiк айыппұлды көлденең тартып, бiрнешеуiн жұмыстан шығарды.
– Бiзге «мандытып жұмыс iстемейсiңдер» деп кiнә тағады. Ал шындығына келгенде, бiз бiр жасалған жұмысты бiрнеше мәрте жасаймыз. Құрылыс барысында тұрақты стандарт пен сызбаның жоқтығы салдарынан не трубалар дұрыс құрастырылмайды, ал есiктi бүгiн бiр қабырғадан, ертесiне қайта бұзып басқа жағынан шығарып жатамыз. Мұның бәрi әрине, шығын. Бiрақ ол қарапайым жұмысшының кiнәсi емес. Бiз тек берiлген тапсырманы орындаймыз. Мен соны айтып едiм, ол Әбденовке де, басқасына да ұнамады, – дейдi Жамбыл Бегешов.
Оған жұмыстан босатылғандығын айтқан.
– Бұйрық бар ма деп едiм, жиналыста жауап болмады. Сол күнi болмаса да ертесi 25 қаңтарда алып келiп, бiрден кенiштен кетудi талап еттi, – дейдi Жамбыл Бегешов.
Ал Құсайын Жылқышиев отбасының жалғыз табыс көзi – өзiнiң жұмысы бола тұра, бұл әрекетке барғаны үшiн өкiнбейтiнiн айтты. Тәжiрибелi электргаз дәнкерлеушiсiнiң алаңдайтыны – балаларының болашағы.
Жұмыссыз қалғандар да, айыппұл салынғандар да құқықтары бұзылғанын бiледi. Басым көпшiлiгi шағымдануға дайындалып жатыр. Олардың қиналатыны – қасында қазiр қолтықтарынан демейтiн кәсiподақ жоқ. Бас көтерерлерi Астанада сотты күтiп қамауда жатыр.

«ЖАБЫҚ СОТ»
Қаңтардың 20-сында қамауға алынып, Астанаға жеткiзiлген ОСС кәсiподағы еңбек инспекторы Нұрбек Қошақбаевты қамауға алу туралы Алматы аудандық соты шешiмiне қатысты апелляциялық шағым Астанада 27 қаңтарда қаралды. Сот “жабық” деп жарияланып, оған БАҚ өкiлдерi мен процеске қатысуға келген тәуелсiз бақылаушылар кiргiзiлмедi. Қошақбаевтың адвокаты Гүлнар Жуаспаева соттың жабық өтуiнiң өзi ҚР қылмыстық процессуалдық заңын сақтамау екендiгiн айтады.
Оның сөзiнше, сот процесiнiң жабықтығы туралы судья Оңғарсынова алдын ала сот қаулысын шығарып, онымен таныстыруы керек едi. Оны сотқа келген қатысушылар тұрмақ адвокаттардың өзi процесс басталарда бiлген.
– Нұрбек Қошақбаев күдiктi деп саналып отырған Қылмыстық кодекстiң 402- бап 2-тармағына сай оны қамауға алудың қажеттiлiгi жоқ. Бiрақ оны қамауға санкция берiлген, – деп түсiндiредi Гүлнар Жуаспаева.
Ол журналистердiң кiруi туралы өтiнiш жасағанымен судья оны қанағаттандырмаған.
– Жалпы жасалған бiрнеше өтiнiштiң тек бiреуi – Қошақбаевтың кәмелетке толмаған балаларының барлығын ескеру туралы өтiнiш қана қанағаттандырылды, – дейдi Гүлнар Жуаспаева.

ТАҒЫ ДА НАРАЗЫЛЫҚ
Өткен аптада тағы бiр наразылық Атырауда бұрқ ете түстi. Олар – жалақыны 50 пайызға көтерудi талап еткен Теңiз кенiшiндегi мердiгер компания “Кентек Казахстан техникал сервисез” электриктерi. 120- дан астам адамның талабын да билiк тез тоқтатты. Онда да сол тәсiл – жұмыстан босату. Дәлiрек айтқанда, жұмыс орынына кiретiн рұқсат қағаздарын алып қойған соң Батыс Қазақстан, Қызылорда тәрiздi алыс аймақтан келгендер үйлерiне кетуге мәжбүр болған. Заңды сұрақ: олардың кәсiподағы бар болса, бәлкiм, олар мұндай заңсыздықты бастан кешiрмес пе едi?
Бiрақ ол туралы Жылой ауданы әкiмдiгi де, Атырау билiгi де, прокуратура да ештеңе айтпайды. Оларға ыңғайлысы – жабулы қазанның жабулы күйiнде қалғаны.
Маңғыстау мен Атыраудағы мұнайшылар талабын, көтерген мәселесiн республикадағы ақпарат құралдары кеңiнен жария етуге ықылас танытады. Билiкке, партияға, компанияға ыңғайлы тұрғыдан сөз еттi де қойды. Маңғыстаудағы мұнайшылардың тәуелсiз кәсiподаққа араша түскен әлсiз үнi көпке жетпедi. Жүз мыңдаған жұмысшылардың, тiптi мемлекеттiк қызметкерлердiң де мүддесiн қорғайтын сондай тәуелсiз кәсiподақтар федерациясы қажет екенiн дәлелдегiсi келгендер, соған тәуекел еткендер оқшау қалды. Ендi сол адал ниеттерi үшiн қуғындалып, сотталып жатыр. Бұл – қоғамдағы марғаулықтың, құлдық сананың салдары, сөз бостандығы мен ой еркiндiгiне жол бермеудiң “нәтижесi”.


Сәния ТОЙКЕН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (4)
Маңғыстау-Ақтау | 2 ақпан 2017 12:31
БІЗДІҢ МҰНАЙШЫЛАРДА ДА ҚАНАҒАТ ДЕГЕН ЖОҚ. ШЕТТЕРІНЕН ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРУ КЕРЕК. ЖАҒДАЙЫ НАШАР ОТБАСЫЛАРДАН ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРДЫ АЛУ КЕРЕК. ТОЙЫНЫП КЕТКЕН.
зайда | 3 ақпан 2017 19:40
Өте дұрыс айттыңыз. Мұнайшылардың негізгі көксейтіндері жалақыларын көтеру. Қазірдің өзінде олар кемі 400-500 мың теңге айлық алып отыр. Ал, әкесі де, шешесі де мүгедек, аз ғана жәрдемақыға қарап отырған отбасының балалары қалай күнелтіп отыр, зейнеткерлер қалай күн көрып отыр?! Шынымен де мұнайшылар тойынып кеткен, риза еместерінің бәрін шығарып, орнына жұмыссыз жастарды алу керек. Сосын айлықтарын екі есе азайту керек, Маңғыстауда қымбатшылықтың орын алуына көп айлық ал осы мұнайшылар кіналы.
мунайшы дастан | 4 ақпан 2017 14:13
екеуіңде қырт екенсіңдер, арт жалағыш сорлылар
Батыс | 5 ақпан 2017 12:27
"Казактын жауы - казак" - деген Абайдын сози ай, не деген соз. Сол судьяны ин ша АЛЛА халык соты соттаганына куа етсин. Сонда сондай судялар неге суйенгенин айтар. А то ар ожданнан айырлган судялар маскара. Осындай биз сиякты сорлы халык бар ма екен.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар