1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (16199) 14 ақпан, сейсенбі 2017
14 ақпан 2017
Азаматтық қоғам Мамайға қорған болуы тиiс

Президенттiң үкiмет отырысында “Iштен шыққан жауды” iздеуге, мемлекет қаржысын жымқырғандарды табуға берген тапсырмасынан бiр апта өтпей жатып, жо-жоқ, сiз бен бiз ойлағандай үкiметтегi жемқор шенеунiк, парақор министр емес, былыққа батқан билiктегiлердi әшкерелеп жүрген тәуелсiз басылымның бас редакторы қамауға алынды. Үкiметтiң iшiндегi “бесiншi колоннаны” табуға тапсырма алған Қайрат Қожамжаровтың ұлттық бюросы Жанболат Мамайды қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовпен сыбайлас деп айыптайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының тергеушiлерi 28 жастағы Жанболат Мамай М.Әблязовпен сөз байласып, “БТА банктен” ұрланған ақшаның бiр бөлiгiнiң iзiн “Саяси қалам: Трибуна” газетi арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған” деп санайды. Сонда “iштегi жауымыз” Жанболат Мамай, Төлеген Жүкеев секiлдi қазiргi жүйеге қарсы азаматтар екен.

Есi дұрыс адамның шетелде бой тасалап жүрген банкир М.Әблязовтiң мемлекеттен ұрлады деген ақшасын әр қадамы аңдудағы “Саяси қалам:Трибуна” тәуелсiз басылымы арқылы жасырғысы келген “әумесерлiгiне”, қит етсе қысым көрiп, қорқыту-үркiтудiң талайын бастан өткерген журналист осындай ессiз қадамға барды дегенге сенбесi анық. Бiрақ билiктi жемқорлықтан, заңбұзар шенеунiктерден тазартуға тиiс қаржы полициясы биiк мiнберлерде жасырылған қылмыстарды ашудың орнына, тәуелсiз журналистиканың Трибунасын талқандауға құмар. Себебi мемлекеттiң тармақтарын қылмыстан тазалау өкiлетi берiлген институтты қазiргi билiк қоғамды “өзгеше ойлайтындардан” тазалау құралына айналдырды.
Қазақстандағы тәуелсiз басылымдардың қалай күн көретiнi баршаға аян. Билiк олардың кең таралуына жол бермейдi. Әкiмшiлiк ресурстардың күшiмен тираждарын шектеп, өңiрдегi оқырмандарды ондай газеттерге жаздырмайды. Шынайы оқырманы көп болса да, тиражы 15 мыңнан аспайтын “Саяси қалам:Трибуна” газетi арқылы миллионды былай қойып, он мыңдаған доллар ақшаны айналдыру да мүмкiн емес. Газеттiң әр санын қорқа-қорқа басатын баспаханалар мен сату нүктелерiнiң басылымды шығару құнын 10 немесе 100 есе көбейтiп көрсететiндей бастары екеу емес. Ешкiм оқымайтын, кейбiреулер үшiн тендердiң “ойыншығына” айналған билiкшiл газетте осындай қаржылық айла-шарғы iстеуге болар, оның өзiнде мұндай қулықтың құйрығы бiр-ақ тұтам екенi белгiлi. Демек, мәселе газеттiң бас редакторына тiрелiп тұр.
Жанболат Мамай жетекшiлiк ететiн газет “Жас Алаш” секiлдi жер реформаларына қарсы тұрды. Жер мәселесi бойынша айыпталып, ақырында 5 жылға сотталған қоғам белсендiлерi Макс Боқаев пен Талғат Аянға қолдау көрсетiп қана қоймай, оларға азаматтық қоғамның атынан “Халық қаһарманы” атағын бердi. Түпкi ойы мен мақсаты өтпей қалған жер реформасымен қабысып жатқан Конституцияның 26-бабын өзгертуге де қарсы тұрды.
Билiктiң терiс пиғылын жүзеге асыруға кедергi келтiргендер қазiргi жүйенiң ең басты жауларына айналады. Ондай “мiнез көрсеткендерге” қарсы әрекет етудi бастайды. Әуелi көлiгiңнiң терезесiн шағады. Газеттi басқызбай әуреге салады. Оған да мойымасаң, есiгiңнiң алдында тапа-тал түсте сабап кетедi немесе түрлi арандатушылық жасап, аяр iстен де аянып қалмайды. Оқалы погон тағып, қымбат көлiктерге мiнген арнайы қызмет, құқық қорғау органдарының өкiлдерi үшiн бұл қауiптi қылмыскер немесе күдiктiнi қолға түсiру, мемлекетке зиян келтiретiн элементтермен күресу операциялары болып саналады.

Түрлi джиптерден түспейтiн, қолдарына арзан сағат тағудан арланатын қаржы полициясының тергеушiлерi ескi көлiгiмен газетiн таратып жүретiн журналистi айдаладағы М.Әблязовпен байланыстырып, ойдан шығарылған айыптармен қамап тастауға моральдық құқығым жоқ деп әсте ойламайды.
Ал азаматтық қоғам үшiн бұл сөз бостандығын тұншықтыру, еркiн ойға бұғау салу, жеке пiкiрiн бiлдiруден қорықпаған тұлғаларды жалған айыптармен қамау, орайын келтiрiп түрмеге жабудың пасық әрекеттерi. Елдi “демократияландыру” осылай жүрсе, онда билiк тармақтарына өкiлеттiлiктердi бөлiп беру, әкiмдердi сайлау сияқты биiк мiнберден айтылған ұрандардың құны көк тиын. Асты мен үстiн түгел сатып болып, ендi ата-бабаның қанымен суғарылған жердi шетелдiктерге беруге жанталасқан билiк осы ойын жүзеге асыруға қарсы болған, тамағына көлденең тұрған сүйектей болған азаматтық белсендiлердi, тәуелсiз журналистердi жазалауға кiрiстi! Өйткенi тәуелсiз басылымдар билiктiң пиғылына қарсы дүрк көтерiлген халықтың үнжарғысы болды, азаматтық қоғамның мiнберi, жерiмiздiң қорғаушылары ойларын бiлдiре алатын ашық алаңына айналды. Ал билiкке мұндай “Трибунаның” еш қажетi жоқ, авторитарлық жүйе сөз бостандығы мен азаматтардың басты құқықтары мен еркiндiктерi туралы жазатын “Саяси қаламды” мұқатуды қалайды.
Мiне, ешкiмге билiктi бергiсi келмейтiн, әдiлеттi сайлау өткiзудi қаламайтын, саяси қарсыластарын кез келген жолмен жоюды көздейтiн жүйе басып алған мемлекетте тәуелсiз басылым редакторын, азаматтық белсендiнi осындай ақылға сыймайтын айыптармен айыптап, тiптi соттап жiберуге әбден мүмкiн екенiн көрiп отырмыз. Адамдар көп ретте әдiлет iздеп, араша сұрап тәуелсiз газеттерге жүгiнедi. Саусақпен санарлық сондай басылымдарды қорған көредi. Өйткенi олар қоғамдағы заңсыздықтар мен келеңсiздiктердi жария ететiн, қоғам мен билiктiң қисық келбетiн әшкерелейтiн айна. Ал бүгiнде сол қорғаушыңыздың өзiн айыптап жатқанда, оқырман ретiнде, азамат есебiнде не iстейсiз? Сiздiң мүддеңiздi қорғайтын тәуелсiз журналиске, оппозициялық көзқарастағы саясаткерге араша бола алмасаңыз, ертең сiзге қорған болатын ешкiм табылмайды. Жанболат Мамайға араша түсу Қазақстандағы сөз бостандығына, елдiгiмiздiң ертеңiне, қазақ елiнiң болашағына қорған болумен бiрдей. Бүгiн қарсы тұрмасаңыз, ертең бәрi кеш болады. Жалған айыппен мұғалiмдi телефон терроршысы атандырып, соттап, ал мас күйiнде адам қағып өлтiрген шенеунiктi ақтап алатын саяси жүйе қоғам үнсiз қалған сайын әрқайсымыздың жанайғайымызды жеке-жеке тұншықтыра бередi.

Әдiл ҰЗАҚБАЙ
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (11)
Ана | 14 ақпан 2017 11:02
Тәуелсіздігіміз бен жасты, мынандай жас азаматтарымызды қорғауға үлесімізді қосқан жөн болар. Орысша айтпақшы "Не бывает чужих детей". Билік мынандай әрекет істеп жатқанға жүрегіміз аурып, сыздап жатыр
Тұран | 14 ақпан 2017 11:38
Рухың сынбасын Жанболат! Ендi не iстеймiз ағайын, қалай араша түсемiз? Тағы бiр Алаштың азаматы кетiп бара жатыр. Алаш жұрты еңсеңдi көтер!
Құрбанәлі | 14 ақпан 2017 11:53
Кеңестің 37 жылдың репрессиясы ештеңе емес тәуелсіз Қазақстанның репрессиясы қиын болып тұр ғой
Ореке | 14 ақпан 2017 14:34
НЕ болып кетті ?- шынын айтсам биліктің надандығынан түңіліп кеттім.
Қазақ үні | 14 ақпан 2017 15:30
Ағайын! "Ерім дейтін елі болмаса, ел басына күн туғанда Елім дейтін ер болмайды"!!! Ау, қазақтың Ақсақалдары қайдасыздар???? Ақиқаттың жаршысы, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған АЗАМАТТЫҢ тағдырына араша түсейік!
Бәкен | 14 ақпан 2017 17:43
Қазіргі жастардың ішінде санасы "нұрмен" уланбаған , өзіндік ұстанымы , халықшыл , принципті позициясы бар жас азаматтардың бірі және бірегейі осы ЖАНБОЛАТ еді , енді мұны да саясат сахнасынан аластатып тынбақшы , зорлықшыл, жемқор билік! Басқаша ойлаушыларды түбірімен құртпақшы , енді қайтып бас көтерместей етіп! Бұл не сұмдық болды өзі?!!! "Аузыңды ашпа, аяғыңды баспа!"-дейді , сонда халық деген ҚҰЛ ғана болғаны ма?!
ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ , біздің ЖАНБОЛАТТАН!!!
МЕН | 14 ақпан 2017 18:21
Қазіргі бастаған билік тобы кетпей қазаққа күн жоқ. Қалай кетірудің амалын табу керек болып отыр. Не істейміз?
НАН | 14 ақпан 2017 19:48
Бул ДИКТАТОРЛЫК РЕЖИМ барган сайын аскынып бара жатыр, булар бара бара оздерiнiн коленкелерiненде коркатын шыгар балкiм. коркау билiк халыкпен санаспай, бiлгендерiн icтеп отыр. ЖАНБОЛАТ МАМАЙ нагыз ултшыл ултжанды АЗАМАТ барымыз болып коргайык, араша болайык. жалпы тауелсыз 2-3 басылым болса солардын барлыгын жауып тастау булардын максаты
12 | 15 ақпан 2017 09:15
Жанболатты бүкіл қазақ жұрты ел Ағалары қорғайық! Ағалар, жерді, ерді, баланы (сатылып жатқан) қорғайық!!!
Бәкен | 15 ақпан 2017 09:56
Жанболат Мамай өз газетінде 6.02.17 ж. "Оставить 26-статью Конституции без изменений!" деген тақырыпта Елбасына Ашық хат жариялаған екен! Онда бүкіл Қазақстан азаматтарын 26 бапты өзгертуге қарсы пікірді қолдауға шақырыпты!
Енді бәрі де түсінікті болды , Жанболат ешқандай да "қаржы қымқырмаған" , бар мәселе осы Ашық хатта жатыр! Билік қайткен күнде де, Конституцияның 26 бабына өзгерту енгізуге күш салуда! Ол үшін "басқаша ойлайтындарды" қандай жолмен болса да "қатардан шығару" басты мақсатта
каза | 15 ақпан 2017 20:54
оян казах
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті