1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
16 ақпан 2017
Мұхтар Әблязов Жанболат Мамаймен байланысы туралы айыпты сандырақ санайды

Тәуелсiз журналист Жанболат Мамайдың қуғындағы М.Әблязовтiң “БТА банктен” ұрлаған ақшасын жымқыруға қатысты деген айыппен қамалуын халықаралық құқық қорғау ұйымдары айыптап жатыр. 14 ақпан күнi халықаралық “Журналистердi қорғау комитетi” (Committee to Protect Journalists - CPJ) Қазақстан билiгiне “қаржы жымқыру” iсi бойынша екi айға қамалған тәуелсiз, оппозициялық журналист Жанболат Мамайды босату туралы үндеу жариялады деп мәлiмдедi. Халықаралық ұйымның Орталық Азия бойынша үйлестiрушiсi Нина Огнянова “Қазақстан билiгi бұқаралық ақпарат құралдары алаңын өзгеше ойлайтындардан тазалауды жүйелi түрде жүргiзiп келдi және Жанболат Мамайдың қамалуы – осы бағыттағы тағы бiр қадам” дейдi. Сол себептi халықаралық “Журналистердi қорғау комитетi” қазақ билiгiн “Саяси қалам: Трибуна” газетi бас редакторының мiндетiн атқарушы Жанболат Мамайды дереу босатып, оны кәсiби қызметi үшiн қудалауды тоқтатуға шақырып отыр. Дәл осындай мәлiмдеменi Қазақстандағы билiктiң сөз бостандығы мен адамдардың құқығын шектейтiн саясатын сынап келе жатқан Human Rights Watch, Amnesty International секiлдi беделдi халықаралық құқық қорғау ұйымдары да жасауы әбден мүмкiн. Өз кезегiнде Жанболат Мамай абақтыда отырып жазған ашық хатында өзiне тағылған айыптармен келiспейтiнiн мәлiмдегенi белгiлi. “Ешқашан бизнеспен, қаржы iстерiмен айналысқан емеспiн. Бұл қудалаудың саяси астары бар, менiң журналистiк қызметiме қысым жасау, “Трибунаны” жабудың әрекетi деп санаймын” деген Жанболаттың хаты қазiр әлеуметтiк желiлерге тарап кеттi.
“БТА банктен” ұрланған ақшаның бiр бөлiгiнiң iзiн “Саяси қалам: Трибуна” газетi арқылы қаржылық операциялар жасап жасырды” деп санайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының айыптауларын шетелде қуғында жүрген оппозициялық саясаткер, БТА банктiң бұрынғы иесi Мұхтар Әблязов та терiске шығарды. Жанболат Мамаймен ешқашан кездеспегенiн мәлiмдеген М.Әблязов “Фейсбук” әлеуметтiк желiсiндегi жазбасында билiк БТА банктi 2009 жылдың 2 ақпанында тартып алғанын, ол кезде Жанболат Мамайдың небәрi жиырмадағы жiгiт екенiн еске салады. Тергеу орындарының есебiнше М.Әблязов “БТА банкiнiң” ақшасын банктi өзi басқарып тұрған 2005-2009 жылдар аралығында ұрлаған-мыс. Сонда банкир М.Әблязов ол кезде 17-19 дағы бозбала Жанболатты ақша жымқыру бойынша сыбайласы қылған болып шығады. Тергеу орындарының айыптауларын сандырақ деп атаған М.Әблязов әрi қарай Қазақстанда “БТА банктiң” ақшасын ұрлады деген айыппен бiрде-бiр сот шешiмiнiң шықпағанын еске салады. Үстiнен қылмыстық iс қозғағандарын мәлiмдеген ҰҚК мен прокуратура өкiлдерi өзiнiң адвокаттарына айыптау құжаттарын бермегенiн алға тартады.Одан әрi М.Әблязов былай дейдi: “Осы уақытқа дейiн тергеудiң орнына баспасөзде менi қаралау жүрдi. Осындай жағдайда Жанболатқа қалай заңды түрде айып тағуға болады? Мен онымен ешқашан кездеспедiм. Маған қатысты ешбiр соттың шешiмi жоқ. Әрине, түрлi мәлiмдемелер жасау үшiн ендi менi сырттай соттағылары келетiнiн жақсы бiлемiн. Бiрақ кеш. 8 жыл бойы Қазақстанда бiрде-бiр сот шешiмi шықпағанда сендерге кiм сенедi? Бiздiң азаматтар мен әлем мұны саяси қуғын ретiнде бағалайтын болады. Францияның жоғарғы соты ондай шешiм қабылдап та қойды. Сондықтан Жанболаттың айтқаны дұрыс, оны саяси астармен қудалауда. Және оның БТА-ға ешқандай қатысы жоқ”.

Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы М.Әблязовтi Астанаға тергеуге қайта шақыртты. Бұған дейiнгi шақыртудан үнсiз бас тартқан М.Әблязов бұл жолы өзiне қатысты iс бойынша Астанадан басқа жерде жауап беретiнiн аңғартты. Әлеуметтiк желiдегi парақшасына Еуропа кеңесiнiң ғимаратының алдында түскен суретiн салған қуғындағы саясаткер Еуропалық парламент депутаттары мен Еуропа Кеңесiнiң шақыруымен Страсбургке келгенiн, қазақ билiгiне қарсы Страсбургте жауап бермек болып шешкенiн жазыпты.
Сонымен бiрге М.Әблязов өзiне қарсы iстер туралы, Жарымбетовтi Түркиядан неге ұрлап әкеткенi жайлы, Макс Боқаев пен Талғат Аянның тағдыры, қазiргi билiк жайлы Франс Пресс агенттiгiне көлемдi сұхбат бергенiн және онда Жанболат Мамайдың басындағы жағдай туралы айтқанын хабарлады.
Көпе-көрiнеу айыпты Қазақстандағы соттар дұрыс деп тапқан жағдайда Жанболат Мамай жетi жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкiн дейдi заңгерлер. Бiрақ халық пен қоғам белсендiлерi тәуелсiз журналистi талауға тастап отыра бермек емес. 14 ақпанда Алматыда Рысбек Сәрсенбай, Гүлжан Ерғалиева, Айдос Сарым, Ерлан Қалиев, Евгений Жовтис, Андрей Свиридов, Расул Жұмалы, Ермұрат Бәпи, Әмiржан Қосанов, Маржан Аспандиярова, Тамара Қалеева, Бақытжан Төреғожина, Рамазан Есiргепов секiлдi бiр топ журналист, саясаттанушы, құқық қорғаушы “журналист, қоғам белсендiсi Жанболат Мамайды қорғау” комитетiн құрып, оған мүше болды. Комитет жетекшiсi Розлана Таукина комитет Ж.Мамай iсiнiң әдiл және ашық тергелуiне ықпал ету үшiн қоғамды хабардар етiп отыруды мақсат тұтатынын хабарлады. Комитет Жанболат Мамайды қорғауға қатысты бiрқатар мәлiмдеме жасап, баспасөз конференциясын өткiзбек. Қоғамдық комитеттiң жұмысы ашық, оған Жанболат Мамайға тiлектес және оны қолдағысы келетiндер еркiн қосыла алады.

Әдiл ҰЗАҚБАЙ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (9)
мен | 16 ақпан 2017 14:11
Осындай ессіз қамаулар болып жатқан елде ЕКСП өткіземіз деп көпіріп отырғандар үшін ЕКСП ға байкот жариялауымыз керек. Туырлық жоқ елде ешқандай әлемдік жиын өтпеуге ағайын кірісейік.
пионерия | 16 ақпан 2017 15:24
Азаматтар, Жанболатты қорғайық! "Білгенімізді істейміз, қорғаны жоқ халық" - деп жүр билік. Қазақстанға революция керек болып тұрғаны бәрімізге белгілі болып тұрған жоқ па? Анадан тумаған биліктегі нәлеттер-ай.
Туран | 16 ақпан 2017 23:16
Қорғаймыз, қорғаймыз! Алаш баласы бiрiгiңдер!
Кіші жүз | 17 ақпан 2017 01:34
Ұят ай...! Масқарағой.....! Осы біз кімбіз.... жындымызба...? Əблязов жоғарыда айттығой... ол кезде, Ж.Мамай 19 жастағы бала болады екен деп...., бірін бірі танымайды да ол кезеңдерде. Масқара...., Сандырақтап кетті биліктегілер.....! Шындық шымбайына баттау Назарбаевтың. Ж.Мамай шындықтың шебері еді. Аллаһ қолдасын. Əділ шешім болады деп сенеміз........
Асылбек | 17 ақпан 2017 07:04
Алжыган онбаган н тапсырмасы биликтен кету керек халыкты тоздырып биттин шыдамнын да шеги бар елимизден жеримизден айрылмайык Алаш журты.
Ореке | 17 ақпан 2017 12:16
Биліктің сандырағы, аты әлемге әйгілі Қазақстанды - Мазақстан етті.
жанна | 17 ақпан 2017 15:02
Бір жағадан бас бір жеңнен қол шыгарып бірігейік қазактар.
Мен Казах | 18 ақпан 2017 00:34
Билiктiң китұрқы icтерi, халыкты коркытып үркiту деген бар бiзде кашангы билеп төстеидi өледi құриды билiктегiлер бұлар кiмдi қорғап жур. Тек қана қара басын күйттеп жургендер қазағының жерi жағдайы бұлардын ойына кipмейдi.
Қоіыңрат көкің ұлы | 25 ақпан 2017 16:24
Биліктің күні бітуге жақын қалды
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті