1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 21 ақпан, сейсенбі 2017
21 ақпан 2017
Мамайды сот босатпады

Қоғам белсендiсi, журналист, тәуелсiз «Трибуна. Саяси қалам» газетi редакторының мiндетiн атқарушы Жанболат Мамайды қамаудан босату шағымын Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы қолдамады. Жанболат Мамайдың адвокаты Жанар Балғабаева апелляциялық алқа ешбiр уәжге құлақ аспағанын хабарлады.
– Сот айтқан уәжiмiздi, Мамайдың асырауында зейнеткер ата-анасы, жас баласы бар деген сөзiмiздi ескергiсi келмедi. Алып келген кепiлдi қарамады, – дедi ол.
Жанболат Мамайдың өзiн әкелмеген апелляциялық соттың алдында Мамайды қорғау комитетiнiң мүшелерi журналистi босатуды талап етiп, акция өткiздi. Олар қолдарына «Саяси тұтқындарға бостандық»a деген жазуы бар плакаттар ұстап шықты. Акцияда сөйлеген журналист Гүлжан Ерғалиева Жанболат Мамайды босатуды, оның ретi болмаса үйқамаққа алуды немесе кепiлге босатуды соттан талап еттi. Ал оппозициялық саясаткер Әмiржан Қосанов журналист Жанболат Мамайдың президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немерелерiмен жасты екенiн айтып, оны “ел патриоты” деп сипаттады.
Билiк пен саяси жүйеге сыни көзқарасымен танылған 28 жастағы Жанболат Мамайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы ақпанның 10-ы күнi ұстаған болатын. Сот оны екi айға қамауға санкция бердi. Жанболат Мамайға “кезiнде “БТА банктен” Мұхтар Әблязов ұрлаған ақшаның бiр бөлiгiн газетi арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған” деген айып тағылып отыр.
Жанболат Мамай өзiне тағылған айыпты терiстеп, бұл iстi “саяси тапсырыс” деп санайды. Ал шетелде бой тасалап жүрген Мұхтар Әблязов Мамайды жүзбе-жүз көрмегенiн, ешқашан кездеспегенiн айтып, оған тағылған күдiктi «абсурд» дедi. Мамайға тағылған күдiктi тек Мұхтар Әблязов қана емес, халықаралық ұйымдар да, елдегi саясаттанушылар да “абсурдқа” балап отыр.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (12)
Кіші жүз | 21 ақпан 2017 20:16
Ж.Мамайдың отбасына, ата-анасына, аллаһ тағалам сабыр берсін. Ақталып шығарына сеніміміз мол. Халық Ж.Мамайдың ақталып шығарына сенімі мол. Бүкіл европа миығынан күліп отыр...
Тұран | 21 ақпан 2017 22:21
Алла жар бол Жанболатқа! Осы Батырларымыздың арқасында ел боламыз!
Жанашыр | 21 ақпан 2017 23:23
Жанболатқа қорған болайық - Алаш жұрты! Академик , Ақын -жазушы, Жепутат ағайындар қайда? Неге пікірлерін білдірмейді?Əлі əлі де отыра береміз бе осылай? Шыдамды болып! Мықты Қорғау болып!
Асылбек | 22 ақпан 2017 06:16
Ким болсанда н таубене кел. босат Жанболатты, колынды тарт.
Асылбек | 22 ақпан 2017 06:33
Казакстаннын соты килен жемкор сайкал.
Қызылордалық Балталы Төлеген | 22 ақпан 2017 11:30
Бұл "тақтан кетер "алдында"айналасын тазалау"саясаты."Тазалауды"КГД-ның"нұрбануына"тапсырды. ӨЗІ"адайлар көтерілісінің алдын алу"саясатымен"ТАС-ты орысқа қуды. Жанболатқа дейін біразын қаматты. Ендігі кезек.. сақ болыңдар ЖІГІТТЕР! Ал біздегі прокуратура, сот.. бұл сала баяғыда"кемеңгердің", СОНЫҢ жанұясының жеке меншік" отдел охранасына" айналған. Жанболат сияқты АЗАМАТҚА обал болды. Менің ақылыма кірмейтіні"шал"қандай"ұшпаққа"шыққысы келетіндігі. ОНЫҢ жерлену рәсіміне ешкім бармайтын шығар..!
Трамп | 22 ақпан 2017 12:02
Төке, жерлеуіне ешкім бармайтын шығар дейсіз, сол өзі қашан өледі. Өліп те қоймады ғой. Абсурдпен әлі талайымызды қамайтын шығар.
Қызылордалық Балталы Төлеген | 22 ақпан 2017 13:19
СУДЬЯЛАР ҰҚК-нен, прокуратура, финанс полиция органдарынан "үстімнен қылмыстық іс қозғап бұрынғы былығымды шығарады ма" деген оймен өлердей қорқады. Сондықтан Процесуалдық кодекстегі 19-бапта көрсетілген "обьективті материалдармен бекітілмейтін көрсетімдер, барлық күмәнді жағдайлар айыпкердің пайдасына шешіледі" деген Заңдылықты басшылыққа алмайды. ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ құқықтық органдары, салалары "полный беспридел". Қолдағы билік жеке мүдде үшін пайдаланылады. Жеке адаммен, пікірмен "күрескенді" ар санамайды.
иван | 22 ақпан 2017 14:13
кошкардын енегъ узлп туседъ деп бр каскыр аштан олген екен озмз бурын олетн шыгармыз
Бек | 22 ақпан 2017 16:22
Әй Төке ай, айтсаң дәл айтасың ау. Кiмдi сайлаймыз ендi айтасыңба соны жаймендеп? Дайындалайық уралап көшеде журетин кунге
Қызылордалық Балталы Төлеген | 23 ақпан 2017 10:05
Бек бауырым! ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АНАЛАРЫ "әр ҚАЗАҚТЫ жалғызым. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ұялаған "кірбің" менің қасіретім" дейтін АРДА АЗАМАТТАРДЫ аз туған жоқ. Аман болса туа да береді. Бірақ, "тыштаңдап, шегірткенің айғырындай шартылдаған" міскін ЖІГІТТЕРДІҢ бағын ашпай, сағын сындырып болды. Себебі бір АЛЛАҒА ғана белгілі. Кімге дауыс берсең де, "ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІ, ЖЕРІ үшін барлық ұлт пен ұлысты ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ, ТІЛІНІҢ айналасына ұйыстыратын" АЗАМАТҚА дауыс берген дұрыс қой!
Ореке | 23 ақпан 2017 17:03
кошкардын енегъ узлп туседъ деп бр каскыр аштан олген екен озмз бурын олетн шыгармыз

Красавчик !!!Өте дұрыс айттың.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар