1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
23 ақпан 2017
Мамай өмiрiне қауiптенедi

Алматының iргесiндегi ЛА155/18 тергеу абақтысына қамалған азаматтық белсендi, журналист Жанболат Мамайды жанындағылардың жәбiрлегенi жөнiнде оның қорғаушысы Жанар Балғабаева хабарлады. “21 ақпанда Жанболатпен кездестiм. Оның айтуынша, өткен жұма күнi Жанболатты басқа бөлмеге ауыстырған. Сол жерде ол жанындағылардан қысым көрген. Денесiнен көгерген жер байқамадым, бiрақ Жанболат қатты мазасыз күйде болды”, – дедi қорғаушы.
Қорғаушының сөзiне қарағанда, Жанболат Мамай тергеу изоляторы басшылығына өзiн қауiпсiз жерге, тым болмаса, жалғыз адамдық бөлмеге көшiру туралы арыз жазған. Қорғаушы арызға қатысты тиiстi шара қолданылмаса, прокуратураға шағымданатынын айтқан.
ЛА155/18 абақтысының басшысы Б.Баймағамбетов БАҚ-қа берген түсiнiктемесiнде “Мамайға қысым болмағанын” жеткiзген. Журналистiң арызданғанын растаған ЛА155/18 мекеме басшысы “шара қолданылатынын, Жанболат Мамайды басқа камераға ауыстыру жайы қарастырылып жатқанын” хабарлады.
Әйтсе де, кеше әлеуметтiк желiде Гүлжан Ерғалиева Ж.Мамайдың басқа бөлмеге ауыстырылмағаны жөнiнде хабарлады.
Осы оқиғаға орай Ж.Мамайды қорғау жөнiндегi комитет баспасөз мәслихатын өткiзбекшi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар