1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (16203)   28 ақпан, сейсенбі 2017
28 ақпан 2017
«Қайырхан» сотқа тартылды

Алматыда №2 Медеу аудандық сотында Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды. Сот отырысына Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссер Талғат Жәнібеков, «Феникс» фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина, «Қазақфильм» АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, киноның редакторы Гизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, екінші режиссер Бижан Әбішев, «Феникс» фильмінің дайындығы кезінде түсірілім тобын басқарған директор Марлен Әбішев, ЖШС өкілі Данияр Әбдіқадыров қатысты.
Сөйтіп Т.Жаманқұлов, Н.Юдина, Т.Жәнібеков, Г.Сұлтанов, Г.Ысқақова Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде қылмыстық топ болып иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша күдікті ретінде танылған. Ал И.Коробейников, М.Әбішев, Б.Әбішев, Д.Әбдіқадыров ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы, 189-бабтың 5-бөлігі және 4-бөлігі бойынша айыпталуда.
Сотта сан түрлі талап-өтініштер айтылды. Оның ішінде екі айыпталушыға, Жәнібеков пен Ысқақоваға тән бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініштер де бар.«Осы істе зардап шегуші ретінде Мәдениет және спорт министрлігі танылды. Біздің ойымызша, министрлік бұл жерде зардап шегуші тарап емес. КерісіншеҚаржы министрлігі мен «Қазақфильмболып қалар», – дейді Жәнібековтің адвокаты С.Айтбаев.
Бұл жолы Тұңғышбай Жаманқұлов БАҚ өкілдерімен кездескен жоқ. Себебі оған қорғаушылары тыйым салған. Журналистермен Жаманқұловтың адвокаты Бақытгүл Қадырбекова тілдесті. «Қандайда бір нақты мәлімет айтуға әлі ерте. Біз соттың әділ шешім қабылдайтынына сенеміз. Бұл мәселені шешеміз, дәлелдейміз. Сотқа дейінгі тергеу барысында көптеген процессуалдық қателіктер кетті. Біз әділ шешім қабылданады деп сенеміз», – деді Жаманқұловтың адвокаты.
Естеріңізде болса, 2016 жылдың 2 қарашасында танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов iстi болған. Тергеу барысында «Қазақфильм» АҚ-ның Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-ға 79 миллион теңге бөлгені анықталған. «Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-ның құрылтайшысы, – делінген еді сол кезде таратылған хабарламада.


Г.ҚАПАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар