1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (16203)   28 ақпан, сейсенбі 2017
28 ақпан 2017
Жақып АСАНОВ: АЗАПТАУ БАР. БІРАҚ ОНЫ ДӘЛЕЛДЕЙ АЛМАЙМЫЗ

«БТА банктен» Мұхтар Әблязов ұрлаған ақшаның бір бөлігін «Трибуна. Саяси қалам» газеті арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған» деген күдікпен ұсталып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынған белгілі журналист Жанболат Мамайдың тергеу изоляторында «соққы жеп, моральдық қысым» көргені туралы ақпарат шыққан ақпанның 23-і күні Астанада «Түрме реформасы: азаптаусыз қоғам» атты жиын өтті. Бас прокурор Жақып Асановтың өзі төрағалық жасаған, Конституциялық кеңес төрағасы И.Рогов, Қауіпсіздік кеңестің хатшысы В.Жұмақанов, Әділет министрі М.Бекетаев, парламент депутаттары мен үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысқан бұл жиында өзіне тағылған айыпты терістеп, «тапсырысты саяси іс» деп санайтын Жанболат Мамайдың қысым көрген жағдайы айтылған жоқ. Бірақ бас прокурор Жақып Асанов пен оның бірінші орынбасары Иоган Меркель түрме мен тергеу орындарындағы азаптау деректерін жарыса баяндады. Мәселен, И.Меркельдің айтуынша, азаптау ісінің 90 пайызы қылмыстық істі тергеу кезінде болады. Қалған 10 пайызы түрме басшылығының қалауы мен тәртібіне көнбегендерді жазалаудан шығады.
Күдіктіні кім ұстады, кім алып келді, ұстаған кезде оның құқығы түсіндірілді ме, қорғаушы алу, телефон соғу құқығы айтылды ма, оны бірінші кім тергеді деген сұрақтарға жауап жоқтығын жеткізген И.Меркель тергеу ісі қылмысты ашу органдары ғимаратының кез келген бөлмесінде өтіп жүргенін айтты. Оның бұл сөзін Бас прокурор Жақып Асанов тұздай түсті.
«БҰҰ-дағы адам құқығы жөніндегі комитет Елоевті неге «азап көрген» деп мойындады? Себебі, оны аудандық ішкі істер бөліміне алып келгеннен кейін бірнеше кеңседен өткізген. Денесі көгерген. Көгергенін көрсек те, кім (көгерткенін) екеніне жауап таба алмадық. Оны кім ұстады, кім алып келді, кім тергеді мұны ешкім білмейді. Енді күдіктіні кім ұстаса, сол жауапты болады. Күдікті қысым көріп азапталса, оны ұстаған қызметкер жауапкершілікке тартылады» деді бас прокурор. Бас прокурор мен оның орынбасары алдағы уақытта тергеу мен түрмеде азаптау ісі болмасына сенімді. Тергеу үшін кинодағыдай арнайы бөлме аштыратындарын, тергеу жүретін, қамауға алынатын ғимарат ішіне видеобақылау орнатылатынын, күдіктіге үш сағат ішінде адвокат көмегі ұсынылатынын айтысты. Бір қызығы, түрме мен тергеудегі азаптауды тоқтатуға арналған осы алқалы жиынға шенді-шенеуніктер, азаптаудың ізіне түскен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қалмай келсе, ең жауапты мекеме – ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы қатыспады. Тиісті мекеме төрағасының жиында жоқтығын естіген бас прокурор Жақып Асанов «сонда бұл мәселені не үшін қозғап отырмыз?» деп таңырқап қалды. Жиын соңында прокурорлар мен ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне «ел үшін, отан үшін пайдалы іс істейікші» деп өтініш, тілек айтқан Жақып Асанов «мақтанғанды жақсы көреміз ғой. Әсіресе, құдалардың алдында» деп, мақтануға тұрарлық іс тындырумен сөзін аяқтады. Құдалары алдында мақтанғысы келіп тұратын бас прокурор бұл жиында қолына смартфон ұстап отырды. Заң мен тәртіпті бұлжытпай қадағалауы тиіс бас прокурор үшін мемлекеттік қызметкерлерге смартфон, планшет ұстауға салынған тыйым жүрмейтін сияқты. Сірә, құданың ғана емес, мемлекеттік қызметкерлер алдында смартфон ұстап отырғанның өзі бір мақтаныш болса керек.
Айтпақшы, Алматы қалалық прокуратурасы қылмыстық атқару жүйесі комитетімен бірігіп, қамаудағы Жанболат Мамайдың жағдайын тексеріпті. «Оппозициялық «Трибуна» газетінің жетекшісі Жанболат Мамай тергеу абақтысының әкімшілігі және өзімен бірге камерада отырған басқа тұтқындарға ешқандай наразылығы жоқтығын ауызша және жазбаша жеткізген. Тергеу абақтысының медициналық қызметкерлері Мамайдың денесінде қандай да бір жарақат ізі жоғын тіркеген, ол медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан. Осылайша Жанболат Мамайдың өміріне қауіп төнгені туралы дерек расталған жоқ» деп жазады ресми ақпарат құралдары.
Бас прокурордың өзі тергеудегі азаптаудың растығын мойындап, оны дәлелдеуге дәрменсіздіктерін айтып отырғанда Алматы қалалық прокуратурасының шешіміне сеніммен қарауға бола ма?
Жалпы, билік Жанболат Мамайды қорғап, қолдағысы келетін қоғамнан сескеніп отырғандай. Мәселен, ақпанның 23-і күні блогер Асхат Берсәлімов Алматы қалалық әкімшілік сотының шешімімен «заңсыз митинг өткізбек болғаны» үшін 15 тәулікке қамалды. Асхат Берсәлімовтің өзі бұл айыпты мойындамай, Жанболат Мамайды қолдаған пикеттен хабар таратпақ болғаны үшін ұсталғанын хабарлаған.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (6)
Тұран | 28 ақпан 2017 16:14
Мына режим құрымай ондай құқықтық ережелер орындалмайды ешқашан. Босатыңдар белсендi азаматтарымызды! Шығарыңдар түрмеден, бала-шағасының көз-жасынан қорықпайсыңдар ма!
иван | 28 ақпан 2017 20:32
куштн1н кот1 дирмен тартады деген милиондаган ауа жуттын деп соттаитын шыгар заманымыз не болып барады алла иман бере кор
Қызылордалық Балталы Төлеген | 1 наурыз 2017 11:55
М.Бекетаевыңды білмеймін.И.Рогов 1986 КазГУ-де"сволочи казахи"деп"қан қақсатқандардың"біреуі.Жанында Ударцев,Малиновский деген жандайшаптары болатын. В.Жұмақановың Ресейдің КГБ-нің мектебінен келген. Бұлар ҚАЗАҚҚА жаны ашитындар деуге келмейді. "Азаптауды дәлелдей алмасаң"жазықсыз адамды қамама. Қолдан қылмыс жасап надандыққа барма. Заңдылықты адал,әділ прокурор болып қорға. Не бас қатыратыны бар. Ал Жанболат ҚАЗАҚҚА керек АЗАМАТ. БАС-та ақымақ намыссыз ғой. Немересімен жасты баламен алысып.. Жақсы емес!
Бек | 1 наурыз 2017 15:29
Еуропа ғана қорғайды бiздi тек, жәрдем сұрайық! Қашанғы езгiнiң астында отырамыз? Кiм қорғайды бiздi?
Ділназ Өскемен | 1 наурыз 2017 16:14
Жанболат Аблязовпен істес болды дегенге кім сенеді? Тіпті Аблязов ұры дегенге өз басым сенбеймін. Н-ның шөп басын сындырмаған немерелері қайдан миллиардер болып шыға келді? 7.5млрд-ты солардың құлқынынан іздеп көріңіздерші!?
Ореке | 2 наурыз 2017 18:22
Халық Жанболатты бостандыққа шығуын талап етуде. Биліктегі надандар қашан түсінеді.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар