1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (16206)   10 наурыз, жұма 2017
10 наурыз 2017
Тұңғышбай Жаманқұлов: КІНӘЛІ ЕМЕСПІН!

Режиссер Талгад Жаныбековтің жауабы да осындай болды. «Феникс» фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина «толықтай келісетінін», «Қазақфильм» мекемесінің экономика және қаржы басқармасының директоры ГауҺар Ысқақова «атқарылған жұмыстарды тексермей қол қойғанын мойындайтынын», кино редакторы Гизат Сұлтанов «айыпты мойындамайтынын», жеке кәсіпкер Илья Коробейников пен екінші режиссер Бижан Әбішевтер «айыппен ішінара келісетіндерін», түсіруші топ басшысы Марлен Әбішев «толық мойындайтынын» мәлімдеді.
Бұған дейін коррупцияға қарсы іс-қимыл бюросы тергеу кезінде Тұңғышбай Жаманқұловтың кінәсін мойындап, келтірген шығынды ішінара өтегенін хабарлаған болатын. Ұлттық бюроның уәжі бойынша, «Қазақфильм» «Феникс» фильмін түсіру дайындықтарына 79 миллион теңге бөлген. Осы қаржының 69 миллионын Тұңғышбай Жаманқұлов өзі басқаратын жеке мекеме арқылы иемденіп алған.
Тұңғышбай Жаманқұловтың басы осындай дауға қалғаны қоғамда қызу талқыға түсті. Тіпті бұл тартыстың төркінін Тұңғышбай Жаманқұлов пен мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арасындағы жеке бас араздықтарынан іздегендер де болды. Қалай десек те, бұл істегі ендігі төрелік соттың мойнында.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Қызылордалық Балталы Төлеген | 11 наурыз 2017 14:32
Өзі 79 млн.теңге бөлінсе.Оның 69 млн.теңгесін"Қайырханның"иемденуі.. Адамның іші "Тұмар ханым ҚАЗАҚ"дегенге емес, ӨЗІ құрған органының сауатсыз жұмысына, ӨЗІ тағайындаған прокурорының,сотының ақымақтығына ауыруы керек қой! Ақша бөлініп қай"кассіге"түсті.Сонан соң айналымын,счет-фактураларын,"поручениелеріне"кімдердің қол қойып қандай есепке жібергендерін көрсеңдерші.."Қайырхан"алғаным жоқ десе, шығады ғой..Тергеуші, прокурор,с оттардың тергеуді жүргізе алмайтындықтарына,"ішім ауырады!"
қадағалаушы | 13 наурыз 2017 14:15
Дұрыс айтасыз. Мұның бәрін Мәдениет министрі кек алу үшін, алдағы кездері т.б. қарсы келмеуі үшін жасап отыр.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар